Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 09:00

Трамп: Соғысты тоқтату үшін Донбасты бөлу керек

Трамп
Фото: ашық дереккөз

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей мен Украина арасындағы соғысты тоқтату үшін Донбасс өңірін қазіргі майдан шебімен «бөлу» қажет деп мәлімдеді.

 Бұл туралы ол 19 қазан күні журналистерге Air Force One президент ұшағында сұхбат беру кезінде айтты.

78 пайызы Ресейдің қолында

Трамптың айтуынша, Донбасс іс жүзінде екіге бөлінген және оның көп бөлігі қазір Ресейдің бақылауында.

«Бәрі дәл қазіргі күйінде қалсын. Қазір Донбасс онсыз да бөлінген. Менің білуімше, өңірдің 78 пайызы Ресейдің қолында. Кейін тараптар өзара келісімге келе жатар. Ал әзірге адамдар қаза тауып жатыр, со,ысты тоқтату керек», – деді АҚШ президенті.

Ол майдан шебін уақытша демаркациялық шекара ретінде қабылдап, екі тараптың да қарулы әрекеттерін тоқтатуды ұсынды.

Financial Times мақаласына жауап

Трамп осы мәлімдемесімен Financial Times басылымы жариялаған ақпаратты жоққа шығарды. Бұған дейін газет АҚШ президенті Владимир Зеленскиймен кездесу кезінде Украинаны Донбастың бүкіл аумағын Ресейге беруге шақырған деп хабарлаған еді.

«Мен Зеленскийге Донбастың бәрін бер деп айтқан жоқпын. Мен тек соғысты тоқтату керек дедім», – дейді Трамп.

FT мақаласында сондай-ақ Трамптың Путин «бүкіл Украинаны жойып жібереді» деп ескерткені жазылған болатын. Ақ үй бұл мәліметті де жоққа шығарды.

Үндістан мен Ресей мұнайы туралы

Журналистермен әңгіме барысында Трамп Үндістанның Ресей мұнайын сатып алу көлеміне де тоқталды. Ол Үндістан премьері Нарендра Модимен келісімге келгенін, егер Нью-Дели импортты шектемесе, «үлкен тарифтер» енгізілетінін ескертті.

«Моди маған уәде берді — олар Ресей мұнайын азайтады. Егер бұл орындалмаса, Үндістанға тариф тариф енгізіледі», – деді Трамп.