Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 16:45

Трамп: "Соғыстың басталуына Украина себепкер болды"

Трамп, Путин, Зеленский
Фото: zhasalash.kz

АҚШ президенті Дональд Трамп Украина билігі өз әрекеттерімен соғысқа жол ашты деп мәлімдеді.

Трамп Украина мен Ресей арасындағы соғыстың басты себебі – Киевтің НАТО-ға қосылуға ұмтылысы деп санайды. Ол Time басылымына берген сұхбатында: "Егер Киев Альянсқа кіру идеясынан бас тартқанда, бұл қақтығыс басталмас та еді", – деді.

Reuters-тің мәліметіне сәйкес, АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф 17 сәуірде Парижде өткен келіссөздер барысында Ресей мен Украина арасындағы дауды шешуге арналған Вашингтон ұсынған кешенді жоспарды жариялаған.

Дональд Трамп әкімшілігі әзірлеген жоспарға сәйкес, Қырымды Ресейдің аумағы ретінде тану және Мәскеудің төрт оккупацияланған аймақты бақылауын іс жүзінде мойындау қарастырылып отыр. Оның орнына Украинаға Харьков облысындағы кейбір аумақтарды қайтару және Запорожье АЭС-ін басқаруға беру ұсынылған. Құжатта сондай-ақ Украинаға НАТО-ның кеңеюін тоқтату және елге сенімді қауіпсіздік кепілдіктерін ұсыну талаптары бар. Бұған қоса, АҚШ 2014 жылдан бері Ресейге салынған санкцияларды жоймақшы.

Келіссөз әлі шешімін таппады.