Бүгін, 12:00
Трамп Тоқаевқа бейсболка мен Ақ үйдің кілтін сыйлады
Трамп Тоқаевқа сыйлық жіберді. Сыйлықтар қатарында Ақ үйдің символикалық кілті мен АҚШ президентінің қолтаңбасы қойылған бейсболка да бар.
Бұл сыйлық Қазақстан елшісі Мағжан Ілиясов арқылы жеткізілген.
«Құрама Штаттар көшбасшысы Қазақстан президентіне жылы лебізін жолдап, оны құрметтейтінін атап өтті. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевты «халықаралық үдерістерді терең білетін әрі жан-жақты түсінетін тәжірибелі мемлекет қайраткері, керемет адам» деп сипаттады», - деді Руслан Желдібай.