Бүгін, 13:10
Трамп Тоқаевты G20 саммитіне шақырды
АҚШ президенті Дональд Трамп 2026 жылы Майамиде өтетін G20 саммитіне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты шақырды.
«Бүгін таңертең мен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы тілдестім. Біз қақтығыстарды бейбіт жолмен шешудің, сондай-ақ елдеріміз арасындағы сауда мен ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын талқыладық. АҚШ келесі жылы G20 саммитін өткізеді және мен осы екі көшбасшыны Майамидегі маңызды шараға шақырамын. Екі елмен де қарым-қатынасымыз тамаша», – деп жазды Америка Президенті.
Айта кетейік, келер жылы АҚШ G20 саммитін өткізеді.