Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:15, 15 Наурыз 2025

Трамп: Украинадағы соғысты тоқтатуға жақсы мүмкіндік бар

Трамп
Трамп конгрессте сөйлеп тұр. Фото: Kevin Lamarque/REUTERS

АҚШ президентінің айтуынша, Ресейдің Украинамен соғысы Путинмен келіссөздерден кейін аяқталуға  жақсы мүмкіндік бар.

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен «жақсы және нәтижелі» келіссөздер жүргізгенін айтып, Украинадағы соғыстың аяқталуына үміт білдірді.

"Бұл жан түршігерлік, қанды соғыстың аяқталуына өте жақсы мүмкіндік бар - бірақ дәл қазір мыңдаған украин әскері толығымен ресейлік күштердің қоршауында", - деп жазды Трамп жұма күні, 14 наурызда Truth Social парақшасында.

Трамтың айтуынша, ол Путиннен украиналық сарбаздардың өмірін сақтап қалуды сұраған.

"Бұл Екінші дүниежүзілік соғыстан бері болмаған жан түршігерлік қырғын болар еді", - деді Трамп.

Хабарда АҚШ президентінің ресейлік әріптесімен сөйлескені немесе 13 наурызда Мәскеуге келіп, Ресей президентімен кездескен Путин мен Трамптың Таяу Шығыс бойынша арнайы өкілі Стив Виткофф арасындағы келіссөздер туралы айтылғаны белгісіз.

АҚШ ресейлік банк секторы мен мұнайға санкцияларды күшейтеді

АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі Украинадағы соғысқа байланысты Ресейге банктік және мұнай-газ секторында салынған санкцияларды алып тастау мерзімін ұзартуға ниетті емес. Осылайша, Мәскеуге қарсы санкциялар режимі шынымен де күшейтіледі, деп хабарлады CBS 13 наурызда Трамп әкімшілігінің жоспарларымен таныс төрт дереккөзге сілтеме жасап.

Деректер АҚШ-тың Қаржы министрлігі Байден әкімшілігіне 2025 жылдың қаңтарында санкцияланған ресейлік банктердің қатысуымен кейбір энергетикалық операцияларды жалғастыруға мүмкіндік беретін 60 күндік мерзімді ұзартпағанын көрсетеді. Оларға транзакцияларды жүргізу үшін америкалық төлем жүйелерін пайдалануға тыйым салынады.

Fox News Ақ үй тілшісі Эдвард Лоуренс өзінің X аккаунтында дереккөзге сілтеме жасай отырып, жаңа шектеу шараларына байланысты ешбір еуропалық мемлекет АҚШ санкцияларына ұшырау қаупінсіз Ресейден мұнай сатып ала алмайтынын жазды. Бұл қадамнан хабардар дереккөздің айтуынша, әкімшілік Украинадағы атысты тоқтату туралы келіссөздер жүргізуге және соғысты тоқтатуға бағытталған.