Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 15:10

Трамп: Украиналық босқын әйелдің қылмыскерін өлім жазасына кесу керек

Ирина Заруцкая и Декарлос Браун
Ирина Заруцкая и Декарлос Браун. Фото: ашық дереккөз

АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік Каролинада пышақтап өлтірілген украиналық босқын Ирина Заруцкаяның қылмыскерін «айуандық» деп атап, оны тек өлім жазасына кесу керегін айтты.

Трамп әлеуметтік желіде:
«Америкаға тыныштық іздеп келген украин қызын осылайша жауыздықпен өлтірген қылымыскердің ісін тез арада қарау керек. Сот үкімі тек өлім жазасы болуы тиіс. Басқа нұсқа қарастырылмайды!!!» – деп жазды.

Қылмыс жайлы деректер

The New York Post басылымының хабарлауынша, қылмыс Шарлотт қаласында қоғамдық көлікте жасалған. Күдікті – 34 жастағы қылмыстық рецидивист, үйсіз адам Декарлос Браун. Ол 23 жастағы Ирина Заруцкаяны пышақтап өлтірген. Қанды оқиға бейнекамераға түсіп, әлеуметтік желіде кеңінен тараған.

Браун 2011 жылдан бері бірнеше рет қамауға алынған. Оның қылмыстарының қатарында ұрлық, қарулы тонау бар. NYP дерегінше, биыл қаңтар айында ол 14 рет ұсталғанымен, кепілсіз босатылған.

Трамп демократтарды айыптады

АҚШ президенті қаскөйдің бостандықта жүруіне демократтарды кінәлады. Оның айтуынша, демократтар «қауіпті қылмыскерлерді түрмеге қамаудан қашады».

«Бұл адам белгілі рецидивист. Неге ол пойызда, көшеде еркін жүр? Мұндай қылмыскерлерді темір тордың ар жағына тықпау – қылмыс», – деді Трамп.

АҚШ-та республикашылар мен демократтар арасында қылмыстық саясатқа байланысты пікірталас өршіп тұр. Республикашылар жазаны күшейтуге бейім болса, демократтар жазаны гуманизациялауды жақтайды.

2024 жылдың желтоқсанында Трамп қылмыскерлерге қатысты қатаң мәлімдеме жасаған болатын: «Қатыгез зорлықшылар мен кісі өлтірушілер үшін өлім жазасын талап етеміз. Осылайша АҚШ заң мен тәртіп еліне айналады», – деген еді ол.