Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 10:40

Трамп Үндістанмен Венесуэла мұнайын сатып алу жөнінде келісім барын мәлімдеді

Трамп
Фото: REUTERS

АҚШ президенті Дональд Трамп Үндістан енді Ираннан емес, Венесуэладан мұнай сатып алатынын айтты. 

Бұл туралы BBC жазды.

Вашингтоннан Флоридаға бет алған президент ұшағының бортында журналистерге берген пікірінде Трамп:

— Біз бұл келісімді, оның тұжырымдамасын қазірдің өзінде жасастық, — деді.

Бұл мәлімдеме АҚШ билігі Үндістан жақын арада Венесуэла мұнайын қайта сатып ала бастауы мүмкін екенін хабарлағаннан кейін бір күн өткен соң айтылды. Reuters дереккөздерінің мәліметінше, бұл қадам Үндістанға Ресей мұнайына тәуелділікті азайтуға көмектесуі тиіс.

АҚШ-тың Венесуэла мұнайын Үндістан нарығына бағыттау әрекеттері Ресей бюджетіне түсетін мұнай кірістерін қысқартуға ұмтылыспен байланысты. Айта кетейік, былтыр наурызда Трамп Венесуэла мұнайын сатып алатын елдерге, оның ішінде Үндістанға да, 25 пайыздық кедендік баж енгізген болатын.

Сонымен қатар, АҚШ президенті Қытай да Венесуэла мұнайын сатып алу жөнінде АҚШ-пен келісімге келуі мүмкін екенін айтты.