Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 16:10

Трамп: Зеленский Қырымнан бас тартуға дайын

Трамп
Фото: ашық дереккөз

АҚШ президенті Дональд Трамп Украина басшысы Владимир Зеленскийдің Қырымды Ресейге беруге дайын екенін мәлімдеді.

27 сәуір күні журналистерге берген сұхбатында Трамп Зеленскийдің Қырымнан бас тартуға келісуі мүмкін екенін айтты.  Бұл мәлімдеме Украина басшысының бұған дейінгі ресми ұстанымына тікелей қайшы келеді.

Трамп пен Зеленский 26 сәуір күні Ватиканда, Рим Папасы Францисктің жерлеу рәсімінде кездескен болатын. Бұл олардың ақпан айындағы Ақ үйдегі даулы кездесуден кейінгі алғашқы жеке байланысы. Ватикандағы кездесу шамамен 15 минутқа созылды. Ақ үй бұл кездесуді "өнімді", ал Киев "өте символикалық" деп сипаттады.

Трамп Путинге: "Атуын тоқтатсын"

Трамп Ватиканнан оралғанда тағы бір мәлімдеме жасады: ол Ресей президенті Владимир Путиннен Украинадағы атысты тоқтатуды және бейбіт келісімге қол қоюды талап етті.

"Мен Путин бейбіт келісімге қол қоюға дайын деп сенемін және оны тезірек жүзеге асырғанын қалаймын", – деді ол.

Сонымен қатар, Трамп Кремльге егер бейбіт келісімге қол қойылмаса, жаңа санкциялар салынатынын ескертті. Бұл мәлімдеме Ресейдің 24 сәуірде Киевке жасаған ауқымды шабуылынан кейін айтылды.

Айта кетейік, бұған дейін Трамп Украина билігін Қырымды Ресейге бермеуге тырысып отырғаны үшін сынаған болатын. БАҚ деректеріне қарағанда, Трамптың командасы дайындаған бейбіт жоспар жобасында Қырымның мәртебесі ерекше тақырып ретінде қарастырылған.

Трамп Зеленскиймен болған кейінгі кездесуді еске ала отырып: "Бұл тек кішігірім дау-дамай болды. Мен онымен келіспедім, – деп түсіндірді.