Трамп: Зеленский Ресеймен келісімге келуі керек

АҚШ президенті Дональд Трамптың айтуынша, Украина басшысы Владимир Зеленский соғысты тоқтату үшін Ресей президенті Владимир Путинмен келісімге келуі тиіс. Бұл туралы ол Ұлыбританияға сапары алдында мәлімдеді.
Трамп нақты қандай келісім жайында сөз етіп отырғанын ашып айтпады. Дегенмен ол Зеленский мен Путин арасындағы ықтимал келіссөздерге өзі қатысуы мүмкін екенін жоққа шығармады.
— «Танго билеу үшін екі адам қажет. Зеленский мен Путин бір-бірінен қатты жек көреді. Оларды бір бөлмеде отырғызу мүмкін емес, сондықтан мен олардың жанында болуға мәжбүр боламын-ау», — деген АҚШ президенті.
БҰҰ Бас ассамблеясындағы ықтимал кездесу
Бұған дейін АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Трамп пен Зеленскийдің келесі аптада Нью-Йоркте өтетін БҰҰ Бас ассамблеясы аясында кездесуі мүмкін екенін айтқан болатын. Оның сөзінше, АҚШ президенті Ресейдің Украинаға қарсы соғысын тоқтату үшін бар күшін салып жатыр.
«Егер бейбітшілікке мүмкіндік болса, ол соған жетуді қалайды. Әрине, бір сәтте президент бұның мүмкін еместігін түсінеді. Бірақ ол әлі мұндай шешімге келген жоқ», - деді Рубио.
Айта кетсек, Трамп пен Зеленский кейінгі рет биыл 18 тамызда Вашингтонда жүздескен болатын.