Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 09:00

Трамп: Зеленский соғысты тоқтатқысы келсе, Қырым мен НАТО-дан бас тартуы керек

Зеленский мен Трамп
Видеодан скриншот

Украина президенті қаласа, соғысты бірден доғарады немесе жалғастыра береді.

 Қайдан басталғанын ұмытпаңыздар: Қырымды қайтару деген болмайды. Ол Обаманың кезінде, 12 жыл бұрын бір оқ атылмастан берілген. Сондай-ақ Украина үшін НАТО-ға жол жоқ. Кейбір нәрселер ешқашан өзгермейді, - деп жазды Трамп.

Бүгін Ақ үйде Трамп пен Зеленскийдің кездесуі жоспарланған. Оған қоса жиынға Еуроодақ елдерінің басшылары мен НАТО бас хатшысы қатысады.

Айта кетейік, бұған дейін Reuters агенттігі Ресей президенті Владимир Путиннің Украинадағы соғысты тоқтатуға қатысты жоспарының негізгі тармақтарын жариялады.

Басты талаптар:

🔹Украина әскері Донецк пен Луганск облыстарынан шығуы керек;

🔹Ресей Херсон мен Запорожье бағыттарында фронтты «мұздатып» қояды;

🔹Сумы мен Харьков облыстарының кейбір аудандары Украинаға қайтарылады;

🔹Қырым Ресей егемендігі ретінде ресми мойындалуы тиіс;

🔹Украинаға НАТО-ға кіруге тыйым салынады;

🔹Орыс тіліне ресми мәртебе беріледі, православ шіркеуінің еркін қызметіне кепілдік жасалады;

🔹Ресейге қарсы санкциялардың бір бөлігі алынып тасталуы тиіс.

Путин, сондай-ақ, Украинаға белгілі бір қауіпсіздік кепілдіктерін беруге дайын екенін айтқан.