Трампқа импичмент жариялау ұсынылды
АҚШ президенті Дональд Трамп Венесуэлада Конгресстің келісімінсіз әскери операция жүргізгені үшін импичментке тартылуы мүмкін. Мұндай бастаманы Мэриленд штатынан сайланған конгрессмен Эйприл Делэйни көтерді.
«Президенттің тағы да өз өкілеттігін асыра пайдаланып, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті бұзып отырғанын көріп, үнсіз қала алмаймыз. Демократиялық фракция жақын уақытта импичмент рәсімін бастау мәселесін қарастыруы тиіс», - деді Делэйни.
Ал Трамп әкімшілігі Венесуэлада жүргізілген операцияны ордерді орындау сипатындағы іс-қимыл деп түсіндірді. Олардың пікірінше, бұл әрекет АҚШ президентінің бас қолбасшы ретіндегі өкілеттігі аясында жүзеге асқан.
Еске салсақ, 3 қаңтарда АҚШ Қарулы күштері Венесуэланың астанасы мен ел аумағындағы бірқатар нысанға әуе соққыларын жасаған. Кейін Венесуэла президенті Николас Мадуро бірінші ханым Силия Флореспен бірге ұсталып, елден шығарылғаны хабарланған.