Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:00, 04 Қаңтар 2025

Трампқа үкім инаугурациясына 10 күн қалғанда шығарылады

Трамп
Фото: Getty Images

Сот Дональд Трамптың бұрынғы актриса Сторми Дэниэлске төлеген ақшасына қатысты істі тоқтату туралы өтінішін қанағаттандырмады. Сонымен бірге судья сайланған президентті түрмеге немесе айыппұлға кеспеуге уәде берді.

Дональд Трамп инаугурациясына он күн қалғанда, 10 қаңтарда бұрынғы актриса Сторми Дэниэлске төлеген ақшасы үшін сотталады. Нью-Йорк штатының судьясы Хуан Мерчанның үкімі жұма, 3 қаңтарда штат сот жүйесінің веб-сайтында жарияланды.

Трамп түрмеге қамалмайды

Іс бойынша үкім 10 қаңтар күні таңертең жарияланады деп жоспарланған.

«Айыпталушы үкімге өзі немесе виртуалды түрде қатысуды таңдай алады», - деді судья.

«Қазіргі кезеңде соттың бас бостандығынан айыру жазасын қолданбау туралы өтінішін жариялау орынды сияқты», - делінген құжатта.

Reuters, бұл Трамптың түрмеге қамалу және айыппұл арқаламайтынын білдіреді деп жазды.

Агенттік Трамптың баспасөз хатшысы Стивен Чунгқа сілтеме жасап, бұл іс бойынша сот  болмауы керек деп мәлімдеді.

«Бұл заңсыз іс ешқашан қозғалмауы керек және Конституция оны дереу тоқтатуды талап етеді», - деді Чунг.

Трамптың адвокаттары бұған дейін істі тоқтату туралы өтініш берген. Алайда бүгінгі мәлімдемесінде судья Мерчан «мұндай шешім заң үстемдігіне нұқсан келтіреді» деді.