Трамптың арнайы елшісі Иранға келіссөз алдындағы талаптарды атады
АҚШ президенті Дональд Трамптың Таяу Шығыс бойынша арнайы елшісі Стив Уиткофф Иранмен дипломатиялық жолмен дағдарысты шешу үшін төрт негізгі шартты орындау керегін айтты.
Уиткоффтың сөзінше, Иран экономикалық тұрғыдан өте ауыр жағдайда тұр, сондықтан келіссөзге баруы тиіс. Елшінің атап өтуінше, Тегеран мына мәселелер бойынша нақты қадамдар жасауы қажет:
-
Уран байыту мәселесін реттеу;
-
Ракеталық және ядролық материал қорының қысқаруы;
-
Қауіпсіздік кепілдіктерін қамтамасыз ету;
-
Келісімдердің толық орындалуына дайын болу.
Қазіргі уақытта АҚШ мәліметіне сәйкес, Иранда шамамен 2 мың килограмм ядролық материал бар, оның байытылу деңгейі 3,67–60 пайызға дейін өзгеріп отыр.
Уиткофф бұл шарттардың орындалуы арқылы дипломатиялық жолмен келіссөз жүргізу мүмкіндігі бар екенін айтты. АҚШ дипломаттары халықаралық қауымдастықпен бірлесіп Иранмен жағдайды тұрақтандыруға күш салып отыр.