Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:03, 13 Қаңтар 2025

Трамптың болашақ кеңесшісі Путинмен келіссөз таяуда болатынын хабарлады

Путин мен Трамп
Фото: Reuters

Конгрессмен Майк Вальцтың айтуынша, Трамптың командасы АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесуді «таяу күндер мен апталарда» болады деп күтіп отыр.

АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамптың командасы Украинадағы соғысты тоқтату нұсқаларын талқылау үшін Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуге дайындалып жатыр. Бұл туралы Трамп өзінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі етіп тағайындауға ниетті республикашыл конгрессмен Майк Вальц ABC News арнасына берген сұхбатында айтты.

"Дайындық жүріп жатыр. (...) Президент Трамптың көзқарасы бойынша, қарсы тараппен қандай да бір қарым-қатынас пен диалогты сақтамайынша мәміле жасай алмайсыз. Біз мұны алдағы айларда міндетті түрде жасайтын боламыз", - деді Вальц.