Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:09, 17 Наурыз 2025

Гренландияда Трамптың аралды сатып алу идеясына қарсы шеру өтті

Трамптың аралды аннексиялау туралы мәлімдемелеріне наразылық
Трамптың аралды аннексиялау туралы мәлімдемелеріне наразылық. Фото: Sermitsiaq.

АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамптың Гренландияны сатып алу ниеті халықаралық қауымдастықта үлкен резонанс тудырды.

 Бұл ұсынысқа Гренландия тұрғындары мен саяси көшбасшылары наразылық білдіріп, аралдың сатылмайтынын мәлімдеді.

Гренландияның астанасы Нуук қаласында шамамен 800 адам, оның ішінде саяси көшбасшылар, АҚШ президенті Дональд Трамптың аралды аннексиялау идеясына қарсы митинг өткізді. Акция қатысушылары АҚШ консулдығы ғимаратының алдында Гренландияның мемлекеттік әнұранын орындап, қарға елдің кішкентай туларын орнатты. Митингке Гренландия премьер-министрі Муте Боруп Эгеде және «Демократтар» партиясының жетекшісі Йенс-Фредерик Нильсен қатысты. Қатысушылар «Америка кетсін», «Біз сатылмаймыз» және «Бізге қауіп төндіруді доғар!» деген жазулары бар плакаттар ұстап шықты.

Гренландия және Дания басшыларының реакциясы

Гренландия премьер-министрі Муте Боруп Эгеде АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамптың Дания Корольдігінің құрамындағы аралды сатып алу туралы ұсынысына пікір білдіріп, «Біз сатылмағанбыз және сатылмаймыз. Бостандық үшін ұзақ күресімізді жоғалтпауымыз керек» деп мәлімдеді.

Данияның премьер-министрі Метте Фредериксен де АҚШ президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлескен кезде Гренландияның сатылмайтынын мәлімдеді. Бұл сөздерге америкалық саясаткер агрессиямен және таңданыспен жауап берді.

АҚШ роезиденті Дональд Трамптың Өкілдер палатасындағы Республикалық партиядағы одақтастары Гренландияны сатып алуға рұқсат беретін заң жобасын ұсынды. Теннеси штатының өкілі Энди Оглс Даниямен келіссөздер жүргізу үшін Трампқа өкілеттік беретін заң жобасын әзірлеп жатыр.

Дональд Трамптың Гренландияны сатып алу ниеті Гренландия мен Дания басшыларының қатаң қарсылығына және арал тұрғындарының наразылығына тап болды. Бұл жағдай халықаралық аренада үлкен пікірталас тудырып, АҚШ пен Еуропа арасындағы қарым-қатынастарға әсер етті.

57 мыңға жуық халқы бар арал табиғи ресурстарға бай. Мұнда АҚШ-тың ірі әскери базасы да орналасқан.