Бүгін, 13:55
«Трамптың кеңесшілері ақымақ» – Қазақстандағы Иран елшісі
Қазақстандағы Иран Ислам Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Әли Акбар Джоукар АҚШ Иранға қарсы соғысты бастауы қажет еместігін айтты.
Елші Дональд Трамп әскери әрекеттерді бастау туралы шешіміне пікір білдіріп, оның кеңесшілерін қатты сынға алды. Ол сондай-ақ Иранда Венесуэладағы сценарийді қайталау мүмкін емес екенін атап өтті.
«Мен Трамптың кеңесшілерін ақымақ деп ойлаймын. Соғысты бастауға итермелеген адамдар туралы айтып отырмын. АҚШ-та әлдеқайда тәжірибелі және ақпараттанған кеңесшілер бар, бірақ Трамп оларды тыңдамады. Соғыстың салдарынан Иранда мыңнан астам жазықсыз адам қаза тапты, балалар мен мектеп оқушылары көз жұмды, азаматтық нысандар мен ауруханалар шабуылға ұшырады», - деді елші.
Ол өңірдегі АҚШ базаларына Иран тарапынан жасалған соққылар миллиардтаған шығынға және аймақ қауіпсіздігінің бұзылуына әкелгенін атап өтті.