Трамптың суреті басылған доллар шығару ұсынылды

Оңтүстік Каролина штатының конгрессмені Джо Уилсон АҚШ президенті Дональд Трамп бейнеленген 250 долларлық жаңа заң жобасын ұсынды.
Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желісіндегі парақшасында осы идеяны жүзеге асыру үшін тиісті заң жобасын дайындағанын айтып хабарлады.
Сондай-ақ ол әлеуметтік желіде Дональд Трамптың президент ретіндегі қызметіне қолдау білдіретін сөздер жазып, оның бетімен американдық банкноттың суретін жариялады.
"Мен Гравюра және басып шығару бюросына Дональд Дж. Трамп бейнеленген 250 долларлық купюраны жасауға бағыттау үшін заңның авторы екенімді хабарлауға қуаныштымын. "Биденфляция" экономиканы жойып, американдық отбасыларды көбірек қолма-қол ақшамен жүруге мәжбүр етті. Ең құнды президент үшін ең құнды заң жобасы!" – деп жазды Джо Уилсон өзінің парақшасында.