Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:47, 22 Тамыз 2025

Трамптың Украинада бейбітшілік орнату талпыныстары төрт күнде сәтсіздікке ұшырады – БАҚ

Путин мен Трамп
Фото: BBC

АҚШ президенті Дональд Трамптың Ресей басшысы Владимир Путин және Украина президенті Владимир Зеленскиймен бейбіт келісімге келу жөніндегі үміті жүзеге аспады.

 Алайда небәрі төрт күннен соң ол Киевтің Ресейге жаңа шабуылсыз жеңіске жете алмайтынын мәлімдеді. Бұл туралы The Wall Street Journal жазды. Басылым мұндай күрт өзгеріс Трамптың соғысты тоқтату жөніндегі әрекеттеріне байланысты азайып бара жатқан оптимизмді аңғартатынын атап өтті.

Жоспар іске аспады

Трамптың негізгі жоспары – Путин мен Зеленскийдің тікелей кездесуі арқылы соғыстың тоқтауы болатын. Бірақ бұл жүзеге аспады. Сондай-ақ, бітім жасалған жағдайда Батыс бітімгер күштерін Украинаға орналастыру идеясы Кремль тарапынан бірден қабылданбады.

Путин мен Трамп айырмашылығы

WSJ жазғандай, сәтсіздіктің бір себебі – екі лидердің келіссөз жүргізу стиліндегі айырмашылық.

  • Трамп: көбіне импровизацияға, жеке қарым-қатынасқа сүйенеді.

  • Путин: жүйелі дайындалып, эмоциясыз, ұзақ мерзімге ойнайды.

«Трамп соғысты тезірек тоқтатқысы келеді. Ал Путин мыңдаған құрбан болса да, майдандағы жағдайын күшейте отырып уақытты созуға дайын», – дейді басылым.

Дипломатия тығырыққа тірелді

Сарапшылардың пікірінше, Трамптың әлеуметтік желілерде Украинаға «Ресейге шабуыл жасау керек» деп жазуы дипломатиялық қысымды күшейтуге ұмтылысы болуы мүмкін. Өйткені оның келіссөздері нақты нәтиже бермегендей көрінеді.

АҚШ-тың Ресейдегі және НАТО-дағы бұрынғы елшісі Александр Вершбоудың айтуынша:
«Бұл Трамптың Ресейге қысым жасау стратегиясының ең үлкен кемшілігін түсінгенін көрсетеді».

Сарапшылар пікірі

  • Фиона Хилл (АҚШ ҰҚК-нің бұрынғы сарапшысы): Трамптың Путин, Зеленский және Еуропа басшыларымен кездесуінен кейін жағдай шатасып кеткен. АҚШ пен Ресей қауіпсіздік кепілдіктерін әртүрлі түсінетін сияқты.

  • Курт Волкер (АҚШ-тың бұрынғы Украина жөніндегі өкілі):
    «Біз екі апта бұрын қандай жағдайда болсақ, жарты жыл бұрын да сондай едік. Ешқашан келісім болмайды. Путин ешқашан келіспейді».

Трамп әкімшілігі жақын уақытта бейбіт келісімге қол жеткізетініне сенгенімен, сарапшылар бұған күмән келтіреді. Қазірдің өзінде оның жоспарлары жүзеге аспай, дипломатиялық бастамалары тұйыққа тірелді.