Трансшекралық өзендер: Судан соғыс шықпасын
Соңғы 10-15жылдан бері халық арасында су тапшылығы, трансшекаралық өзендер мәселесі қайта-қайтакөтеріліп, оның салдары ертеңгі күні мемлекеттер арасында жанжал туғызуы мүмкін,деген болжамдар бар.
Құр даурықпа емес, бұл болжамның бір шеті көрінебастағанын жақында өзбек пен қырғыз ағайындар арасындағы қақтығыстан да байқауғаболады. Қырғызстанның Баткен облысы мен өзбекстандық Сох анклавының шекарасындаекі ауылдың тұрғындары су үшін таласып, даудың арты бір-біріне тас атып,бірнеше үйді өртеп, он шақты адамның жарақаттануына алып келгені белгілі.
Жалпы,тіршілік көзі – су мәселесіне қатысты 1962 жылы-ақ АҚШ президенті болған ДжонКеннеди «Мұнайды ұмытып, суды ойлаңдар», деген екен. Бүгін, міне, су үшін уайымшегетін жағдайға тап болып отырмыз. Мәселен, тарихқа салсақ, ғасырлар бұрынКаспий теңізімен қосылып жатқан, ал, шамамен, 70 жыл бұрын көлемі бойыншаәлемде төртінші орында болған Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы Арал теңізі1960 жылдардан бастап тартылып, су көлемі қазір 15 есе азайып қалды. Бұл адамзатқада, табиғатқа да, өсімдіктер мен жан-жануарлар дүниесі үшін де экологиялық, әлеуметтік-экономикалықүлкен апат. Енді сарапшылар дәл осы Аралдың жағдайы қазір Балқаш көлінің басынатуып тұр деп, дабыл қағуда.
Алдымен,Аралға құятын Сырдария өзенінің мәселесін тарқатып алайық. Жақында ғанаөлкедегі жағдайға бейжай қарай алмаған Қызылорда тұрғыны Герман Дьяченко Сырдарияныңуақыт санап тартылып жатқаны туралы мәселе көтеріп, оны дүйім жұртқа видеороликарқылы жеткізген болатын. «Әлемді дүрліктірген коронавирусқа қарамастан, текаймақтың ғана емес, елдің де маңызды мәселелерінің бірі – Сырдарияның тартылыпжатқаны алаңдатады. Жыл сайын өзен ағыны азаюда. Менің ойымша, бұған қазірназар аудару керек, әйтпесе, одан әрі үлкен қайғыға душар боламыз», — дейді ол.
Мұны іргелеселдің «Өзгидромет» болжамы да растайды. Өзбектер 2050 жылға қарай, Әмударияағынының көлемі 10-15 пайызға, Сырдарияның көлемі 2-5 пайызға қысқарады, дегенболжам жасап отыр. Ал оған не себеп? Бар гәп Сырдарияға келіп түйісетін Нарын менҚарадария өзендерінде болып тұр. Герман Дьяченконың айтуынша, Қырғызстан жәнеӨзбекстанның жерімен өтетін, сулылығы секундына 480 текше метрді құрайтын Нарынөзені бойында бес тоған тұр, оның төртеуі – су электр станциясы (СЭС). Ал солҚырғызстандағы Қарадарияның түгел дерлік арнасынан варварлық тәсілмен құм менқиыршық тас өндіріледі, соның салдары өзенді ластайды.
Ұзындығы 1000шақырымнан асатын еліміздегі ең басты жеті өзен – Ертіс, Тобыл, Есіл, Жайық, Сырдария, Іле, Шукөрші мемлекеттерден бастау алатындықтан, Қазақстан соларға тәуелді болып отырғаныда қол байлайтыны рас.
Алматы, Жамбыл,Қарағанды аймақтарын жалғайтын Балқаш көліне келсек, оған келіп құятын негізгіөзен Іле суының да азаю қаупі туындап тұрған көрінеді. Сарапшылар Іле мен Ертісөзендерінің 70 пайызын алып жатқан Қытайдың трансшекаралық өзендерді ортақ пайдаланутуралы келісімге қол қоймауы мәселені ушықтырып тұрғанын алға тартады. «Қазгипроводхоз»институтының директоры Анатолий Рябцев: «Қытайда суармалы егістік алқабы артыпкеледі, соңғы жылдардың өзінде 2 млн гектарға дейін өсті. Іле өзенініңбассейнінде Қытай қазіргі уақытта 1 млн га жерді суарып жатыр. Бұл Қазақстанүшін білініп қалып отыр. Өйткені Балқаштың 80 пайызын сол Іле толтырады.Сондықтан болашақта бірегей көлімізгеАрал тағдырын қайталау қаупі төніп тұр. Иә, қазір Қазақстан–Қытай бірлескенкомиссиясы жұмыс істейді. Балқаш қаласын сақтауға барлығы да мүдделі. Соғанқарамастан, көрші ел бізге «суды неге ұтымсыз пайдаланады», деген уәж айтады»,– дейді.
70 пайызыналып жатқан Қытай жағындағы Іле өзенінің бассейнінде 130-ға жуықгидроқұрылыстар мен 13 суқойма салынып қойыпты. Ондағы су ұлғайып отырғанегістік алқаптарына ғана емес, өнеркәсіптік объектілерге де бағытталады. Нәтижесінде,Іле өзенінің суын басқа бағытқа бұрудың салдарын Балқаш көлі тартуы мүмкін.
Сонымен қоса,сарапшылар трансшекаралық Ертістің Қытай тарапындағы бөлігінде қытайлықтардың жаппайбөгеттер мен тоғандар салып тастауы Қазақстандағы бөлігінің тартылып қалуынаалып келуі мүмкін деп, алаңдаулы. Қазіргі кезде қытайлықтар Қара Ертіс суының 9куб шақырымының, шамамен, 3 куб шақырымын өздеріне алып жатыр. Негізінен, Қытайдаирригациялық (сусыз жерлерді жасанды суару) нысандардың құрылысына жыл сайын 62млрд доллар бөлінеді. Егер Қытай біздің елмен санаспастан, Ертістің суын меншіктеп,ары қарай да өзіне бұра беретін болса, онда 2030 жылға қарай, оның суы 8 текшешақырымға, 2040 жылға қарай, 10 текше шақырымға, 2050 жылға қарай, 11,4 текше шақырымғаазаюы мүмкін екен. Бұл дегеніңіз, Ертістегі су электр станциясы каскадындаэлектр энергиясын өндірудің айтарлықтай төмендеуіне, Зайсан көлінің құрғауына,жерүсті және жерасты сулары сапасының нашарлауына әкеп соқпақ.
Қытайдыңмұндай саясат жүргізуі солтүстігіміздегі Ресейді де алаңдатып отыр. Себебі Ертістрансшекаралық өзендерінің су ресурстарын пайдалану екі елдің әлеуметтік-экономикалықдамуына айтарлықтай әсер етпек. Алайда мәселе тек Қазақстанның оңтүстік-шығысындағышектес елдер арасында ғана емес, көршілес Ресеймен солтүстік-батыс шекарасындағыЖайық өзенінің жағдайы да мәз емес. Оның да суы азайып барады. Атырау облысының бұрынғы әкімі Нұрлан Ноғаевбылтырлары: «Трансшекаралық су нысандарын бірлесіп пайдалану және қорғаужөніндегі Қазақстан–Ресей комиссиясына неғұрлымжоғары мәртебе беру керек. Мысалы, премьер-министрдің орынбасары деңгейінде.Әйтпесе, айтулы мәселелер тиісті түрде шешілмей келеді», — дегенді айтқан еді.
Шынымен деәкімқаралар мен министрлерді белгілі салаға еңбегі сіңбейінше, дұрыс нәтижешығармайынша, жаңа орынға ауыстыра бермей, етек-жеңімізді жинап, комиссияныңжұмысын ретке келтіріп, сыртқы саясатқа мығым болған жөн болар.
Тақырыпқатұздық
Расул ЖҰМАЛЫ, саясаттанушы:
–Мұны Орталық Азия аумағындағыаймақтық проблемалардың ауқымында қарау керек. Себебі ол біздің шекаралас,әсіресе, оңтүстік тұстағы Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Қытай сияқтыкөршілерімізбен байланысты. Бұл трансшекаралық өзендер проблематикасы дегенатаумен белгілі. Мұнда ең ірі өзендер – Қара Ертіс, Іле, Нарын, Шарын,Әмудария, Сырдария, Шу. Бұл тек ірі деген өзендер, ал, негізі, бастауын сол оңтүстіктұсымыздағы мемлекеттерден алатын және төменгі ағысы Қазақстанға келетінжүздеген өзен бар. Осы жерде екі мәселені атауға болады. Біріншіден, бұлхалықаралық аймақтық проблема болған соң, елдер арасында ағып өтетін өзендердіқалай бөлісеміз және қалай дұрыс пайдаланамыз, деген тиісті келісімдерге келумәселесі тұр.
Халықаралық,мемлекетаралық келіссөздер әлі күнге дейін жүріп жатыр. Қазақстан тарапынан«Трансшекаралық өзендердің мәртебесі» деп аталатын мемлекеттік комиссия бар. Соныңдеңгейінде 90-жылдардан бері аталған көршілес мемлекеттермен келіссөздержалғасып келеді. Екіжақты да, көпжақты тұрғыда да. Бірақ елдер арасындағы қарама-қайшылықтаркөп болғандықтан, бұл келісімшарттар жыл сайын өте қысқа мерзімге – жарты, біржылға ғана жасалып, ұзақ мерзімді келісімге келе алмай отырмыз. Соның біркөрінісі – Қытайдың өзінің суармалы жерлерін арттыруы, өндірістерін көбейтуі. Мұныңбарлығы, өте үлкен су ресурсын қажететеді. Сондықтан Қытай аталған Қара Ертісті, Ілені өзіне бұрып жатыр. Тәжіктермұнай, көмір, газ сияқты шикізаттардан ада, оған өте кедей. Сондықтан олардыңесесін қайтаратыны – Әмудария, Сырдария өзендері арнасына су электрстанцияларын салуы. Мәселен, Қырғызстанда суды одан әрі бөгеттейтін «Қамбарата» СЭС-ін, тәжіктер «Рогун» СЭС-ін салып жатыр. Себебі Тәжікстанның астанасыДушанбеге қыста электр қуаты тек 1-2 сағатқа ғана беріледі, қалған уақыттақуаты жеткіліксіз. Сол тапшы энергияны өндіру үшін суды бөгеттейді.
Екінші мәселе– Қазақстанның аумағына келетін өзендердің ағынын біз қаншалықты игеріпотырмыз? Сарапшылардың айтуы бойынша, шамамен, 80-90 пайыз суды рационалды,яғни ұтымды пайдалануды қолға ала алмай отырмыз. Суды көп тұтынатын бұрынғы,ескірген тетіктерді пайдаланамыз. Кінәнің бәрін көршілерге ғана жауып қоймай,өзіміздің де былығымызды түзеу керек. Әсіресе, күріш, дәнді дақыл, мақта сияқтысуды көп қажет ететін агросаладан ауытқып, басқа жағын игеретін мүмкіндіктердіқарастыру керек.
Нұрсұлу Мырзахмет,
Астана қаласы