10:38, 20 Тамыз 2024
Трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деген 12 күдікті ұсталды
Ақмола облысында трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деген күдікілер ұсталды.
Тергеу мәліметтері бойынша, қылмыстық топ «жер қойнауын геологиялық зерттеуге» лицензиясын алып, заңсыз алтын өндірумен айналысқан.
Ақмола облысында 2021-2023 жылдар аралығында бағалы металдарды заңсыз өндірген трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деген күдікке ілінген 12 адамға - Қазақстан, Украина және Ресей азаматтарына қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды, делінген хабарламада.
Жалпы шығын мөлшері 250 миллион теңгеден асады.
Көлік прокуратурасы істі сотқа жолдағанын айтты.