Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
07:16, 16 Шілде 2020

Түбі терең сөз артық, бір байқарсыз

(Өлеңдердегі өзгертілуге тиістісөздер мен ұғымдар)

Абайдыңакадемиялық екінші басылымын жүзеге асыру барысында үлкен жинақтау, салыстыру,іріктеу жұмыстары жүргізіліп, баспалық нұсқасы дайындалу үстінде.

Осы орайда, «ЖасАлашта» бұрын жарияланған мақалалардағы пікірлердің ескерілгені көңілге медеу.Дегенмен де басылым мәтқапысыз болсын деп және бұрынғы білдірілгенпікірлеріміздің қорытындысы есебінде өзімізге жіберілген түсініктерден байқаған«әттеген-айымызды» оқырман назарына ұсынуды жөн көрдім. Мақсат – мінеуде емес,міннен арылуда. Мүмкін, басылым редакциясына көмегі тиер.

Абайдыңәйгілі «Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек» атты өлеңіндегі:

«Наданға арам – ақылды құлаққа ілмек,

Бұл сөзден ертегіні тез үйренбек» [1.73; 2.1.26;3.1.52], –

деген осы қос жолдымазмұндасақ: өзі арам, өзі надан адам ақылды құлағына іле салады, яғни жүреестиді, миына тоқымайды деген мағына береді.

Өлеңніңұзына мазмұны, айтар ойы «Бұл сөзден ертегіні тез үйренбек»  деген үстеме ұғым арқылы ашылады. Сондықтанда жалпы ойдың аңысын аңғарасың. Дегенмен де «наданға арам» мен «ақылды құлаққаілмек» тіркесі өзара үйлеспейді. Ойлары қарама-қайшы. Біздің пайымдауымызша,бар кілтипан осы жолдың «надан» деген бірінші сөзінен шығып тұр. Сөздің соңынажазылған «н» әрпінің құйрығы шұбатыла көтерілгендіктен де, «надан» сөзі«наданға» болып қате оқылған. Сондай-ақ сызықша «арамның» соңынан емес, алдынанқойылуы керек. Оған емле қатесіне көшірушілердің қатысы жоқ, оны емле ережесішыққаннан кейінгі оқымыстылар қойған.

Мағыналықжақтан алсақ, «арам» сөзі наданға тиесілі, ақылдығы жараспайтын сияқты. Ал ендімәселені былай, ауыспалы мағынасында қозғайықшы. Ол – надан. Надан болғандықтанда, ақылдының ақылын ұқпайды, ұққысы келмейді, ал жаман, ыржаң сөзді, яғни арамақылды ұға қояды. Ақылды, сауатты адам олай істемейді. Демек, надан адам арамақылды құлаққа тез ілмек. Әйтпесе жоғарыдағы жинақтардың аңысына қарасақ: арам,надан адам – ақылды құлаққа ілмек, ұқпаса да қаперіне алған болып шығады.Ендеше, бұл жолдың дұрысы:

«Надан – арам ақылды құлаққа ілмек,

Бұл сөзден ертегіні тез үйренбек».

Яғни өзінадан адам арам ақылды тез естиді, тез үйренеді. Демек, «арам» сөзі «наданға»емес, ақылға, арам ақылға қатысты. Мәтіннің қисынын қайдам, ой мен мазмұнныңқисыны соған жетектеліп тұр. Өйткені:

«Рас сөздің кім білер қасиетін,

Ақылсыз шынға сенбей, жоққа сенбек».

Демек,біздің уәжіміздің дұрыстығын Абайдың өзі қостап тұр. Себебі: «Наданның таразысыда, қазысы да өз бойында», ал «сүйенгені көп пен дүрмек». Сондықтан да «өзсөзінен басқа сөзді ұқпайды». Бұған қоса, осы ойды тиянақтай түсетін Абайдың:

«Адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ,

Оларға жөн, арамның сөзін ұқпақ», –

деген «надан» мен«арамның» арасын ажырататын өлеңі тағы бар. Осыған қарап, ендігі биліктіөздеріңіз айта беріңіздер. Сол өлеңдегі:

«Осындай сидаң жігіт елде мол-ақ,

Бәрі де шаруаға келеді олақ.

Сырын түзеу (?) біреу жоқ, сыртын түзеп,

Бар өнері – қу борбай, сымпыс шолақ» [3.1.61], –

деген шумақтағы «түзеу»деген сөзге көз қиығыңызды салыңызшы.

Біздіңше,дұрысы «түзеу» емес – «түзер». Сонда өлең: «Сырын түзербіреу жоқ, сыртын түзеп» деп жұмырланып, мазмұнданып шыға келеді. «У» мен «р»әрпінің араб қарпіндегі сүйретіліп аяқталатын тұсы бір-бірінен еш айырғысызекенін жоғарыда ескерттік.

Өлеңнің өзгесөз өнерінен ерекшелігі – тек қана ұйқаспен жазылуында ғана емес, сонымен қатарішкі ырғақ пен буынның да қатаң сақталуы тиіс. Өлеңнің көңіл ауанын анықтап,құлақ күйін келтіріп беретін де осы ырғақ. Ал өлеңге: «Тілге жеңіл, жүреккежылы тиіп, теп-тегіс жұмыр келсін», – деп қатаң талап қойған Абайдың өзі бұлшартты орындамауы не селкемдік жіберуі неғайбыл. Сондықтан да «Қартайдық, қайғыойладық, ұлғайды арман» атты өлеңнің барлық жинақтағы нұсқасындағы мына:

«Атаны – бала аңдиды, ағаны – іні,

Итқорлықпен немене екен сүйткен күні» [3.1.61], –

деген екі жолдың екінші тармағындағы буынның да,ырғақтың да сынын бұзып тұрған «екен» деген сөздің басы артық сияқты көрінедібізге.

Не көшірмеші, не оны хатқа түсіріп оқушы,не бір әліпбиден екінші әліпбиге (араб қарпінен – латын әрпіне, латын қарпінен– кириллге) көшірген машинистка (ол кезде бұл жұмыстытолықтай солар атқарған) абайламай ағаттық жіберіп алуы әбден мүмкін. Ондайағаттықтар «Абай жолы» роман-эпопеясын, «Ботакөзді», «Оянған өлкені» машинкағакөшіріп басқан кезде өте жиі жіберілген. 1995-96 жылдары Талатбек Әкім екеумізжүргізген мәтіндік салыстырулар кезінде «Абай жолының» өзінде сөз ғана емес,тұтас сөйлемдердің түсіп қалғанын, кей сөздердің қате түскенін, тіпті Ділдә менАйгерімнің аттары алма-кезек ауысып жүрген тұстарының болғанын байқағанбыз.

Демек, ырғақ пен буынның сынын бұзыптұрған «екен» деген сөзді еш қиналмай алып тастаса, одан Абай өлеңдері ұтпаса,ұтылмайды. Ал осы өлеңді жатқа айтатындардың барлығы да «екен» деген сөздітастап кетіп айтады. Біз де солай істейміз. Демек, мұны халықтық редакция деседе болады.

Тура осы өлеңдегі мына қара әріппенкөрсетілген сөздерге назар аударып, оны келесі шумақпен салыстырып, дұрысынтаңдаңызшы. Қайсысы мағынаға, ырғақ мақамына, буын санына сай келеді?

«Дос алады: «Бермесең – бұлт берем» – деп, –

Жауыңақосылуға сырт берем» (3.1.54), –

дегенді енді:

«Дос алады: «Бермесең – бұлт берем» – деп, –

«Жауыңақосылуға серт берем» – деп оқыңызшы.

Екі сөздің араб әліпбиінде жазылуының ешайырмашылығы жоғы өз алдына, «аларман дос»: «Егер сұрағанымды бермесең,айтқаныма көнбесең, жауыңа қосылуға серт берем» деп ашық айтып тұр емеспе? Ал«сырт» пен «бұлтты» қайтеміз?

Бұдан кейін«Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да» атты өлеңнің сегізінші шумағындағы:«Қарындас қара жерге тыға алмай жүр», – деген жолға назар салыңызшы.«Қарындас» нені тыға алмай жүр? Ол «қарындас» – ағайын, әлдебір құпиясы менқылмысын жерге тыға алмай жүрген жоқ. Осының алдында айтылған: «ұры-қарды тыяалмаған, күнде бұзықтық жасаған телі-тентекті жазаға тарта алмаған, бірініңсөзін бірі құп алмаған», содан құтылудың жолын таба алмаған «қарындас қаражерге сыя алмай жүр». Мұндағы «тыға»мен «сыя» сөздерінің айырмасы – бір ноқат.

«Демеңдер:«Өнбес іске жабанарлық», – дегендегі «жабанарлық» деген сөздің еш мағынасыжоқ. «Демеңдер: «Өнбес іске жұбаналық», – деген сөздің өзі. Солөлеңнің бесінші шумағындағы:

«Той болса, тон киелік, жүр баралық,

Біріміздібіріміз аударалық» [2.1.39; 5.1.62], –

дегендегі «аударалық» та қате оқылған не жаңсақбасылып кеткен әріп қатесінің бірі.

Тойға барған жігіттер бірін-бірі негеаударуы тиіс? Жаңа киген тонын жырту үшін бе? Жоқ, Абайдың өзі бозбалаларғаарнап:

«Бір жерде бірге жүрсең басың қосып,

Біріңніңбірің сөйле сөзің тосып», –

демей ме?

Ендеше, бұл арадағы мағынасыз тұрған «аударалықтың» еш мағынасы жоқ.Керісінше, алысып-жұлыспай:

«Той болса, тон киелік, жүр баралық,

Біріміздібіріміз аңғаралық»,

деп, яғни: топтанып жүргенде бірімізге-біріміз бас-көзболайық, улап-шуламай бірімізді-біріміз тосып сөйлейік деп отыр.

Шағатай жазуын татарлар – татарша,өзбектер – өзбекше, ұйғырлар – ұйғырша, қазақтар – қазақша мәнермен, бүкілШыңғыс империясындағы барлық ұлыс өкілдері өз ұлысының тілінде оқи береді,сонысымен де шағатайша жазу үлгісі кең тараған. Екі ноқат, бір ноқат – бірсызықпен сүйретіле салады. Міне, осы ноқаттардың оқылуы қателіктерге әкепсоқтырады. Мысалы:

«Аз білгенін – көпсінсе,

Көпқазаққа епсінсе,

Кімгетиер панасы?» (1.99; 3.1.69), –

дегендегі «панасы» деген сөздің жалпы мағынасытүсінікті, яғни «кімге тиер пайдасы» деп отыр.

Ал енді осы «панасы» мен «пайдасының»жазылуы араб қарпінде бір-біріне өте ұқсас. «Н» әрпі – бір ноқатпен (.), «й»әрпі – екі ноқатпен (..) жазылады. Ал қолжазбада екеуі де бір сызықшамен (-)түзу тартыла салады. Мағыналық жағына келсек те, қазақы тіркесте «панасы тисін»демейді, өйткені пана – көлеңке, ық, шатыр, баспана. Ал біреудің біреуге«пайдасы» тиеді. Сондықтан да «Кімге тиер пайдасы?» деп оқыған дұрыс сияқты.Ауызекі сөзде осылай айтылып та жүр.

«Бұлт – ала, жер – шола» [1.111; 3.1.86], «Аз жүрегін жалғайды» (1.112; 3.1.87)дегендегі «шола», «аз» сөздерін корректуралық қате есебінде қарастырып, ешқандайтүсініктемесіз «шала», «өз» деп жазса, сауаптан басқа аларымыз болмас еді.

Кей сөздердің жаңсақ оқылуы мағынаны ғанаемес, Абайдың көркем ойлау жүйесін де бұлдыратып жібереді. Абайдың ұлылығыныңөзі осы көркемдік жүйесінің «қиыннан қиыстырылуында». Бір қисын: Абайдыңөлеңдерінде «гүл» деген сөз – тура мағынасында да (өсімдік), ауыспалымағынасында да (жастық), сезім тұрғысында да («иісің гүл аңқыған»), теңеу тұрғысында да (нәзіктік) қолданылады.«Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол» атты өлеңнің той-думан, қызойнақ туралыайтылатын үшінші шумағындағы:

«Күйеу келтір, қыз ұзат, тойыңды қыл,

Қызтаныстыр – қызыққа жұрт ыржаңшыл.

Қынаменде,жар-жар мен беташар бар,

Өлеңсізсолар қызық бола ма гүл?» [1.117; 3.1.92] –

дегендегі «гүл» сөзі осы арада шығарманың ішкі көркемдіккестесіне сай келе ме?

Әрине, «гүл» мен қыз ұзату, той-думанжарасып тұр. Бірақ Абайдың емеурінінің астарында басқа бір сарын бар. Ол«қынамендені», жар-жарды, беташарды қызықтап тұрған жоқ, «Өлеңсіз солар қызықбола ма құр» деп тұр. Міне, Абайдың көркем ойының мағынасы енді ашылды. Ал «г» қарпі араб әліпбиінде қолданылмайды, Байтұрсынұлының әліппесініңнәтижесі. Ендеше, Абайдың тұсында жоқ әріп бұл арада қайдан жүр? Бұл, жоғарыдаайтқанымыздай, шағатайшаны ойтөте оқу әдісінің «жемісі». Төмендегі жаңсақ сөзсоның бір «үлгісі» сияқты:

«Құдай қосса, жұртымның,

Ақтармыносы жол сүтін» [1.128; 3.1.102), –

дегендегі «сүтін» деген сөз мүлдем мағынасыз тұр.

Мұны айтып отырған: ата-анасының ақ сүтінақтайтын перзент емес, тамам жұртты ашса – алақанында, жұмса – жұдырығындаұстайтын, әлсіздерге – салғыртсып, күштілерге – шыбындап, «бар малын шығындапболыс болған», «ылау» деп, «үй» деп дікілдеп» тұрған кәдімгі «шынжыр балақ,шұбар төс» болыс. Ана сүтінен дәмететін жаста емес, ел де одан жақсылық дәмеетпейді. Тек жұрт: «Кәкір-шүкір, көр-жерді, Пайда көріп, ептеп, Арам мен адалдеп бөлмей, құрастырып, септеп: «Ақтармын осы жолы үмітіңді», – деп«қайраттысып, қамқорсып» жүрген болыстан бір жақсылық болар деп үміт етеді.Демек, «Ақтармын осы жолын сүтін» емес – «Ақтармын осы жолы үмітіңді» болуытиіс.

Қолжазбада Шәкәрімнің «Ұмытылғанды» –«Мұтылған» деп жазатыны сияқты, мұндағы «үмітіңді» деген сөз «мүтіңді» депқағазға түскен болуы керек. Ал «с» мен «м» сүйретіліп кеткенде екеуініңдыбыстық, әріптік айырмашылығын жай көшірмеші емес, көзіқарақты, мәтінніңмазмұнына бойлаған адам ғана ажырата алады. Сонда дүниені арам-адалына қарамайбылықтырып, шайнамай жұтып жүрген ауыз – «сүттен», ана сүтінен, ел сүтінен,адал астан дәме етпейтін болады.

Жаңылыс түскен сөздің бірі сол өлеңдегі:

«Анұтұрғанмын өзім де,

Бір мінезбен өтпеймін.

Момындықкүшті екенін,

Көрсем-дағы,күтпеймін.

Сияздансоң елімді,

Қысыпалып кетпеймін» [1.130; 3.1.104], –

дегендегі «бір» мен«кетпеймін».

«Өзінің де антұрған» екенін білген«антұрған» болыс «бір мінезімен қайда өтпейді және елін қинап, «қысып», сүйкімікеткен жексұрын болыс қайда «кетпейді»? Егер де «бір» мен«бұл», «кетпеймін» мен «кептеймін» сөздерінің жазылуы айырғысыз боп сүйретіліпжазылатынын ескеріп, бұл өлеңді:

«Анұтұрғанмын өзім де,

Бұл мінезбен өтпеймін.

Момындықкүшті екенін,

Көрсем-дағы, күтпеймін.

Сияздансоң елімді,

Қысыпалып кептеймін», –

деп оқысақ, бәрі де орнынакеледі.

Өйткені еліне сүйкімі кеткен «антұрған»енді бұл мінезімен келесі сайлауда болыстыққа өтпейтінін біліп тұр. Сондықтанда сияздан соң елін қайтадан қысымға алып, тағы «домбытып» жүріп оларды өтірікуәдеге тойдырады, яғни «кептейді». Сөйтіп:

«Әуелде көті бос кәпір,

Мықтығанеғып беттесін?

Жуандықойып, жуасты

Біразғана шеттейді.

Оязбардағы қылықты, 

Оязжоқта етпейді.

Кәкір-шүкір,көр-жерді,

Пайдакөріп ептейді.

«Мынау– арам, тентек» – деп,

Ешкісіні теппейді.

«Өзімдікбол» – деп ел жиып,

Құрастырып,септейді.

Бұзақыныңбүлігін,

«Жақсыақыл» – деп, «Құп» – дейді.

Осындағы:

«Басым сотқа айналар,

Кірлі болып түскен соң» [1.131; 3.1.69], –

дегендегі «кірлі» дегеніміз кәдімгі «кір» емес, демек,оны «таза емеспін» деп түсінуге болмайды.

Бұл арада басы істі болып, кінәсі таразыбасына – гирге салынғаны мекзеліп тұр. Ал Абай өлеңдері қаншама рет текстологиялықсалыстырудан, сүзгіден өтсе де, барлық жинақтарда еш өзгеріссіз бірінен-бірінеайна-қатесіз ауысып жүрген:

«Бұрынғыдай дәурен жоқ,

Ұлық жолы тарайды» [3.1.105], –

деген жолдағы «ұлық» сөзінің еш ғалымның көзінетүспегеніне таңмын. «Ұлық жолы тарайған жоқ», «ұрлық» жолы тарайды.

Абайдың құрылымдық, мазмұндық, ырғақтық,буындық жағынан ғана емес, мағыналық жағынан алғанда астар мен емеурін, кекесін мен ыза, сатира мен сарказмараласқан күрделі өлеңінің бірі – «Сегіз аяқ». Мұндағы образдардың деніауыспалы мағынаға ие. Әр шумақ өзінше күрделі, лықсытпалы ой мен ырғаққақұрылған. Сондықтан емлелік тұрғыдан да қиындық тудырады. «Сегіз аяқ» туралыбұрын да пікір білдіріп едік. Бұл жолы бір-екі сөз бен ұғым туралы пікірбілдірумен шектелеміз.

«Жасқанып, қорқып,

Жорғалап,жортып,

Именсеелің – баптанбақ.

Қарғағанын– жер қылмақ,

Алдағанын – зор қылмақ» [1.141], –

дегендегі соңғы жолдағы: «зор қылмаққа» күдіктенеқарап: алдаған адамын қалай зор қылады? Бұл арада жаңылысқан сөз бар деп шешкенғалымдар академиялық басылымда мұны: «Алқағанын зор қылмақ» [3.1.113] деп өзгертіпті. Неге өзгертілгені туралы түсінік берілмеген. Қатардағықателікке қосса керек.

Біздің ойымызша, сол түзету арқылы оқымыстылардың өздері қателікке, бұрмалауғажол берген. Өйткені «Алдағанын – зор қылмақ» дегендегі жаңсақ сөзді«алдағанынан» емес, «зордан» іздесе дұрыс болар еді. «Алдағанды» – «алқағанға»ауыстырғанмен, өлеңнің алдыңғы мағынасы бәрібір ашылмайды, әсіресе сарказміненайырылады. Түпнұсқадағы жазылымдағы «зор» мен «қордың» жазылуы бірінің үстінебірін таңбалап басқандай ұқсас. «Қор» – екі, «зор» – бір ноқатпен жазылады. Оныбір сызықшамен түрте салғанда өз қалауыңша оқуға болады. Бұл арадағы мәселенімазмұндық қисын шешеді. Мазмұны сарказмге, ызалы кекесінге құрылғандықтан да,«алғыс», «рахмет» сөзін қолдану – абсурд. Сондықтан да «алдағанын» – «алдаған»күйінше қалдыру керек. Мәселе, «зор» мен «қорда». Енді осы жолды: «Алдағанын – қор қылмақ» деп оқысақ,кекесінді мазмұн ашылып, тіпті тереңдеп кетеді. Яғни «зәкүншік» залым елдіқорқытқаны аздай, енді оны «алдағанының» үстіне «қорлайды», қарсы шыққанды қорқып жібермек. Абайдың айтайын деген ойы да осы болса керек дейміз.

Осы арада академиялық басылымдағы кейбірорынсыз өзгертулерді көріп, бұл өзгертулердің мақсатын не себебін түсінбедік.Жоғарыда айттық, «Сегіз аяқ» шындықтың өтін жарған сарказмге құрылған деп.Сондықтан да ашынған Абай:

«Ел аңдып сені,

Сенаңдып оны,

Қылтеткізбей бағып көр.

Ойнасшыл қатын болса қар,

Аңдығанерде қала ма ар?» [1.140; 2.1.104; 3.1.113] –

дейді.

Осындағы «ойнасшыл қатын» деген сөз анайыкөрінсе керек, оны жұмсартқансып «ойнасшы қатын» деп өзгертіпті. «Ойнасшылқатын» – атау сөз, ал «ойнасшы қатын» – балама әрі жанама сөз. Алдағы басылымдаалғашқы нұсқа еш қарсылықсыэ өз орнына келу керек. Бұл өтініш емес, кәдімгіталап. Ал мына:

«Қулықты көргіш,

Сұмдықтыбілгіш,

Табылар кісі: «Жөн» – дерге.

Үш-төртжылғы әдетің,

Өзіңеболар жендетің» [3.1.112], –

деген шумақтың мазмұнын суыртпақтап талдайықшы.

Қулықты, сұмдықты көргіш кісі табылады.Дұрыс, табылсын. Бірақ қулық пен сұмдықты неге: «Жөн» деп қостауы керек?Алдыңғы жолдарда: «Жұмыссыз сандал, еріксіз малды ал – деген кісі жоқ», – демеп пе еді? Мына керікеткен ақылман қайдан табылакетті? Сөздің қисыны:

«Қулықты көргіш,

Сұмдықтыбілгіш,

Табылмас кісі: «Жөн» – дерге», –

болса керек-ті, яғни «жұмыссыздықты, барымтаны «жөн»дейтін кісі табылмаса керек-ті.

Әлде ұрлық-қарлықты, масылдықты «жөн»дейтін кісі табыла ма? Әйтеуір, Абайдың өзі «жөн» демейді. Абайдың жинақтардағыбасылым бойынша осы шумақ:

«Үш-төрт жылғы әдетің,

Өзіңе болар жендетің», –

деп қорытылады, яғни: үш-төрт жылдан бері тапқан жаманәдетің өзіңнің желкеңді қиятын жендетің болады деп тұр ғой. «Өзіңе» емес,«өзіңнің» жендетің болады дейді. Демек, бұл арада: «Кімге? – Өзіңе» емес,«Кімнің? – Өзіңнің» жендетің болады деп тұр. Сондықтан да бұл жолды:

«Үш-төрт жылғы әдетің,

Өзіңнің болар жендетің», –

деп оқыса бар мағына ашылып, септіктер өз орнына келереді.

Тура осы тақылеттес, бірақ одан гөріқисыны сұранып тұрған жаңылыс оқылған сөздің бірі:

«Көмексіз көзің,

Біржалғыз өзің,

Бағаалмай, басың сандалар» [1.140; 2.1.104; 3.1.113], –

дегендегі «көзің» деген сөз.

Қарапайым ғана сұрақ: көзде көмекші болама?

Иә, кірпік – көздің қарауылы. Бірақ кірпік нені бағуға, неге сандалуға тиісті?Кілтипан тағы да сол – араб қарпінің жазылуындағыұқсастықта және соны жаңылыс оқуда. «Кзн»-ді – «көзің» деп те, «кезің» деп теоқуға болады. «Е» мен «о»-ның басы қайырылып кеткенде олардың айырмасыбайқалмай қалады. Ендеше:

«Көмексіз кезің,

Біржалғыз өзің,

Бағаалмай, басың сандалар», –

деп оқысақ, адамның көмексіз қалған кезіндегісандалған жалғыздығы нақты көз алдыңа келеді.

Неге жалғыз? Өйткені мұның себебі: «бауырынатартқан, сырын айтқан сырласы мұны жалғыз қалдырып, сырт айналған», енді мұныңөзін аңдып жүр. Осы мазмұндас «Мәз болады болысың» атты өлеңдегі:

«Ол: «Болдым-ақ» – дей берер,

Бұлғап қағып басқанға» (1.134), –

дегендегі «бұлғап» – бұлғап емес, «бұлғақ», яғни«Бұлғақ қағып басқанға», екі жағына теңселіп басқанға деп жазылуы тиіс. Өйткені адам аяғын «бұлғап баспайды», бұлғақ қағыпжүреді.

«Руза (ораза ғой – Т.Ж.), намаз, зекет, хаж –талассыз іс,

Жақсыболсаң, жақсы тұт бәрін тегіс. 

Бастапқыүшін бекітпей, соңғы төртті,

Қылмағанмен татымды бермесжеміс» [1.297; 2.288], –

дегендегі «қылмағанмен» деген сөз бен өлеңніңмәтінінде үлкен қайшылық бар.

Мұндағы Абайдың «алдыңғы үшеуі» депотырғаны – Аллаға махаббат, адамзатқа махаббат және Хаһ жолы. Егер осы үшеуінберік ұстамасаң, онда соңғы – ораза, намаз, зекет, қажылық парызы есепкеалынбайды. Қылған құлшылығың текке кетеді дейді. Ендеше, бұл екі жол сөзсіз:

«Бастапқы үшін бекітпей, соңғы төртті,

Қылғаныңментатымды бермес жеміс», –

деп оқылуы тиіс еді.

Академиялық басылымда осылай түзетіліпті.Енді осы үлгіні ұстану керек. Әйтпесе «бастапқы үшеуін ұстасаң да, татымды жеміс бермейді» деген ұғым туындайды. Бұлтекстологиялық тұрғыдан ғана емес, дүниені тануға қарсы ұғым. Осындай бір мағынасыздық:«Шырайлан да, таза ойла, бір иманды» (1.298; 2.288), – деген жолдан да анықбайқалады. Кім, неге, нені шыр айналады? Дұрысы: «Шын илан да, таза ойла». Бұған дәлел қажет емес.

«Қыздарға» арнаған өлеңдегі: «Жүгенсізжүре бермек – сенің ырзаң (?)» – дегендегі «сеніңырзаң» тіркесінің мағынасы бұлдыр. Кімнің «ырзаңы?  Мүмкін, бұл қосжолда Абай: «Сөзіңнің басы – ыржаң, соңы – қылжаң, Жүгенсіз жүре берсең – сенікізаң», – дегісі келген шығар. Қалайда мына арадағы «сеніңырзаң» – ырза етпейді; сондағы: «Бұрын кісім емес ең жалғыз шерткен», – деген жолдағы «жалғыз» сөзі де өзге мәтінненажырап, «жалғыз» тұр. Неге, нені «жалғыз шертіп» тұр? Жалғыздық шертіле ме?Домбыра, қобыз сияқты аспап емес қой. Қазақта «сыр шертті, сырын шертті, сырыншертеді» деген тұрақты тіркес бар. Ендеше, бұл жолды: «Бұрын кісім емес ең сырым шерткен», – деп түсінеміз, ал мәтінде солайөзгерту керек пе, жоқ па, ол – алқалы кеңестің мәселесі.

«Әбдірахман өлген соң өзіне айтқанжұбатуындағы»: «Каркиден пілдей қуатты, Тағы арыстан жүректі», – дегендегі «каркиден» деген сөздің мағынасы не?Академиялық басылымда бұл сөзден кейін үтір қойылып, оның пілге қатыссыз, басқа бір қуатты хайуан екенін мекзеген. Бірақбұл үтір де мәселені шешпейді. Сонда, бұл «каркиген» не? «Қартайған пілдейқуатты» дегенге қисынбайды, өйткені жас пілдің қуатты болатыны түсінікті.Ендеше, бұл сөз – жеке хайуанның аты емес, «тағы арыстан» деген сияқты пілдіңмінез-тіршілігіне қатысты сөз. Пілдің салбурынға түскен кезі қалай аталадыекен? Мысалы, бура шабынады. Қалайда «кәркиге» түсінік берген жөн. Соданкейінгі жолдардағы: «Аплатон, Сократ ақылды, Қаһарман Ғалибілекті» дегенді – «Апылатон, Сократтай ақылды, Қаһарман Ғалибілекті»  деп оқыған лазым. ӨйткеніАпылатон мен Сократтың ақылды екені онсыз да белгілі, бұларада Абай оқыған Әбішті «Апылатон, Сократтай ақылды, Ғали арыстандай білекті», – деп шендестіріп отырғаны анық.

                                                          ***

Текстологияжәне жазылым мәселесі тек қана абайтануға қатысты емес, ол Шекспир, Гете,Пушкин шығармаларына да тән. Қазір Шекспир мен Гетенің өзі жазған тілдіағылшындар да, немістер де толық түсінбейді. Орфография мен емле өзгерген. Алайдаол шығармалар сол тіл заңдылықтарының реформасына сәйкес дер кезінде түзетіліп,дұрысталып, жолға қойылған. Ал біздің Абайға ешқандай тілдік реформа жасаудыңқажеті жоқ. Тек грамматикалық тұрғыдан сүзгіден өткізсе жеткілікті. Мысалы, бірсөзді – «және» деп жазып, ауызекі тілде «жәнә», «жана» не «жаңа» деп айтуүрдісі қазір де бар. Ал кітаби ақындарда, халықтық дастандарда мұндай мысалдарөте көп. Осының үш түрі де кездеседі. Оларды тізіп жатпай-ақ, Абайдың өзінежүгінейік:

«Бала туса, күзетер шылдахана,

Оларда өлең айтар шулап жаңа.

Бұрынғыжақсылардан өрнек алған,

Бидетақпақ, мақал бар, байқап қара» [1.117; 2.1.92], –

деген шумақтағы «шылдахана» деген сөзді бүгінгіжазылымға лайықтап «шілдехана» деп жазуға ешқандай ғылыми кеңестің шешімініңқажеті жоқ. Бұған «Ұялма» – дегенің көңіл үшін» атты өлеңдегі:

«Жалығу бар, шалқу бар, іш пысу бар,

Жаңа сүйгішадамзат, көрсе қызар» [1.290; 2..2.106], –

дегендегі «жаңа» сөзі де жатады. Өлеңнің мазмұныныңөзі «Және сүйгіш адамзат, көрсеқызар» деп тілге үйіріліп тұр.

Ал «жаңа» сөзіне сәл аял жасаған дұрыс.Мәселе ауызекі сөзде «жәнә», «жәна» деп айтылатын сөздің назар аударып тұрғаны,оның ұйқасқа тап кеп тұрғаны. «Шілдеханаға» бейімдеп «шулап жәнә» не «шулапжәна» десе – ұйқас бұзылып кететін сияқты да, ал «шулап жаңа» десе – ұйқассақталатын сияқты. Менің пайымдауымша, «жаңадан» гөрі халықтық, ауызекісыпаттағы «жәнә» сөзі әлдеқайдаөлеңге үйлесімді сияқты. Тіпті орфографияны сақтағымыз келсе «және» деп жазайық. Қалай болған күнніңөзінде, «жаңа» да ешқандай грамматикалық, мазмұндық жаңалық жоқ.

«Бұл «жаңа» Абай өлеңдерінде сан мәрте,ал халық дастандарында тұрақты түрде ұшырасады. Тура осындай мысалға:«уддасынан шыға алмайсың» [1.117; 2.2.106] деген – кәдімгі «үдесінен шығу» дегендібілдіретін сөз жатады. Осы «үдеге» енді: «Күш, шама, шек. «Хадд» деген сөзден өзгергенболу керек», – деп, араб, парсы тілінен түбір іздеп,әуре болудың қажеті шамалы. Корректуралық жаңсақтық ретінде ғана қарау керек.

Осы реттен алғанда, Абай өлеңдерінеберілген кейбір түсініктердің өзіне түсінік керек. Мысалы: «Кісі алдындакірбеңдеп, Шабан, шардақ және шау» [1.127; 2.1.101) тарттың», – деген мағынадағы жолдардағы: «шардаққа» –дәрменсіз, «шауға» – тосырқап, тоқырап қалу» деп түсініктеме беріліпті. «Өзүйінде күндей күркіреген» адам неге сыртқа келгенде «дәрменсіз», «тосырқап,тоқырап» қалады? Ал қазақы ұғымдық атауда: умасын май басқан, шат майы мен безіөскен, бір енді талтаңдап, жүре алмайтын адамды «шардақ» дейді. Шау дегенсөздің мағынасы – тосырқау да, тоқырау да емес, бұл – тояттан бұзылған,бөтегесін май масқан, майлы еттен айныған зауықсыз құс, сонымен қатар шаутартқан кәрі құсқа қаратыла айтылатын атау сөз.

Тек осылай түсінгенде ғана әрі «шабан»,әрі «шардақ», әрі «шау» адамның образы көз алдыңа толық елестейді. Ал«тосырқау» мен «дәрменсіз» деген түсінік беру арқылы біз сондай шығымды образды«дәрменсіз» образға айналдырып отырмыз. Образды қойшы, онсыз да жетісіп тұрғанкейіпкердің образы емес, сол образды ойлап тапқан Абайға обал. Осы шумақтанкейінгі: «Көрмей жүр ме қанталау?» – деген жолдағы«қанталауды» – «Ханталау» деп «х» әрпімен жазу керек. «Ханталау» – асық ойыны.Оны «Ханталапай» деп те атайды. Әйтеуір, «қан» емес.

«Имамсыздық намазда,

Қызылбастар салған жол», –

дегендегі «қызылбасқа»: «Парсы жұртының аты» [1.143] –деп жаңсақ түсінік берілген. Қызылбастар – парсы емес, тегі – түркі жұрты. Олтуралы ілгеріде толық түсінік берілген. «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» аттыөлеңдегі:

«Бес-алты мисыз бәңгі күлсе мәз боп,

Қиналмай,қызыл тілім, кел, тілді ал, қой!» [1.145] –

дегендегі «бәңгі» сөзіне: «Меңіреу, көкми» деп түсінікберіліпті.

«Бәңгі», «пәңгі» деп есектің айғырынайтады. Үйірге түсер алдында барлық «бәңгілер» тістерін ақситып күлген сияқтыбоп ақырып-бақырып, маңайды азан-қазан қып ессіз күйге түседі. Егер байлаудатұрса жынданып та кетеді. Абайдың: «Бес-алты мисыз бәңгі күлсе мәз боп», – деп отырғаны да сол ессіз, дарақы күлкіге әуес,«бойы былғаңдаған орынсыз ыржаңның» «пәңгілері». Апиын құмар, нашақорлардыңесірігін де академиялық басылымда көрсетілген сол «пәңгілерге» теңеген. Абайдыңатақты: «Ұстаздық еткен жалықпас,Үйретуден балаға» деген қанатты сөзі академиялық басылымда: «Ұстадтық еткен жалықпас, Үйретуден балаға» – деп өзгертіліпті. Біздің ойымызша,«ұстазды» өз орнына қайтару керек. Өйткені «ұстадтық» деген сөзді бәрібір қазақоқырманы қабылдамайды.

Жазылуы ұқсас әріптер жаңылыс оқылғанмына сөздерді түзетіп жазса, Абай өлеңдерінің мәтіні барынша жатық ұғылар еді.

Мысалы, «Сегіз аяқтағы»: «Өз ойында – ар емес»-ті – «Өз ойына ар емес» деп; «Әз басыңа не пайда?»-ны – «Өз басыңа не пайда?» деп;

«Мен жазбаймын өлеңді» атты өлеңдегі:«Қиналмай, қызыл тілім, кел, тілді ал, қой!»-ды – «Қиналмай,қызыл тілім, қылтылды қой!» (Әрине, бұл сөз ойласуды қажет етеді. Бірақжазылу үлгісі ұқсас) деп;

«Қажымас дос – халық та жоқ» аттыөлеңдегі: «Жау қожаңдап бұртайып»-ты – «Жау қыржыңдап бұртиып» деп; «Күнді өзімшіл ептінің»-ді – «Күнде өзімшіл ептінің» деп;

«Келдік қой талай жерге енді» өлеңіндегі:«Әзелде тәңірім сорлы етті»-ні – «Әуелде тәңірім сорлы етті» деп;

«Ата-анаға көз қуаныштағы»: «Көкірегіне көп жұбаныш»-ты – «Көкірегінде көп жұбаныш» деп;

«Көзімнің қарасындағы»: «Көңлімнің санасын» – «Көңлімнің сарасы» деп;

 «Бардемес (еш мағынасыз сөз – Т.Ж.) сендей бір»-ді – «Бар дей ме сендей бір»деп;

«Дал түгіл басымды, Жолыңа берсем аз»-ды – «Мал түгіл басымды, Жолыңа берсем аз» деп;

«Ескілік киіміндегі»: «Бір келісті сайманым топқа мінер»-ді (құрал-сайманды адам мінбейді, қолға ұстайды, ал сәнді киімментопқа кіреді, сондықтан да бұл сөзді) – «Бір келісті киімім топқакірер» деп;

«Оспанға» арнаған өлеңдегі: «Ел тамағын,Жұрт азабын, Жеке тартқан кетті гүл»-ді – «Ел тамағын, Жұрт азабын,Жеке тартқан кетті ер» деп;

«Әбдірахманға Кәкітайдың атынан жазылғанхаттағы»: «Сыйххатың (2.1.215) қалқама, Бере көр, ия, рахым»-ды – «Сырқатың қалқама, Бере көр, ия, рахым» деп;

«Бойы бұлғаңдағы»: «Аш көмектің, Жемдемектің,Босқа әлектің орны жоқ»-ты – «Еш көмектің, Жемдемектің, Босқаәлектің орны жоқ» деп;

«Сағаттың шықылдағы емес ермектегі»: «Жыл жайылып, қартайып қылғаны бұл»-ды – «Жыл жиылып, қартайып қылғаны бұл» деп;

 «Дүйсенқұлға» атты өлеңдегі: «Саудайы-ай, сауды алмадың-ау, сырқауды алып»-ты – «Құдай-ай, сауды алмадың-ау, сырқаудыалып» (араб жазуында «қ» мен қатаң «с»-тің қағазға түсуі бірдей – Т.Ж.) деп;

«Көк тұман – алдыңдағы келер замандағы:«Шырақтар, ынталардың «менікі» де»-ні – «Шырақтар, ынталарың «Менікінде» деп;

«Сұм дүние, тонап жатыр ісің бар мадағы»:«Демі қайтпас, бұзылмас тәтті бар ма?»-ны – «Дәмі қайтпас, бұзылмастәтті бар ма?» деп;

«Менсінбеуші ем наданды» атты өлеңдегі: «Әринемен ел кетті»-ні – «Әрекемен ел кетті» – деп;

«Не іздейсің көңілімдегі...»: «Көп тәңірі атқан мақтай ма»-ны  – «Көп – тәңірі атқанды мақтай ма» – деп;

«Қайғы шығар ілімнен»-дегі: «Кейбіреуідүрсіп жүр, Жер тәңірісіп кер мағыз»-ды – «Кейбіреуі дүрсіп жүр, Жер тәңірісіп кермаңыз» – деп;

«Антпенен тарқайды»-дағы: «Жұрт тағы мал жайды, Ой қылар бермеске»-ні – «Жұрт тағы мал жиды, Ой қылар бермеске» – деп;

«Қатыны мен Масақбайдағы»: «Бүксиіп,Сексиіп, Түксиіп өлтірді»-ні – Бүксиіп,  сықсиып(?), Түксиіп өлтірді» деп;

«Күлкі боп көргенге, Құрбығақадірсіз»-ді – «Күлкі боп – көргенге» немесе «Күлкі боп көрінгенге» – деп;

«Болды да партиядағы»: «Өсекке салмаңдар, ойымды, жарымды. Өлшеуге алмаңдар, Ойым (алдыңғы сөз қайталанып тұр – Т.Ж.) бектарылды»-ны – «Өсекке салмаңдар, өзімді, жарымды. Өлшеуге алмаңдар,Ойым бек тарылды» деп;

«Құр айқай бақырғандағы»: «Бос жүріп құрқалған, Өміріңе кән бе екен?»-ді – «Бос жүріп құр қалған, Өміріңе тән беекен?» деп;

«Қуатты оттай бұрқырапты» –әңгіме, көркем сөз, шабыт туралы болып отырғандықтан да: «Қуатты ойдан бұрқырап» деп;

«Өлсем орным қара жер сыз болмай мадағы»: «Жүрегіңнің түбіне терең бойла»-ны – бұл арада Абай өзі туралы айтып отырғандақтан да,міндетті түрде: «Жүрегімнің түбіне терең бойла, Мен бір жұмбақ адаммын оны даойла» деп;

«Ауру жүрек ақырын соғады жайдағы»:«Еркелік пен достықты ауру (Неге ауру көреді –? – Т.Ж.)көрген»-ді – «Еркелік пен достықты ауыр көрген» деп;

ТұрсынЖҰРТБАЙ

Тегтер: