Туған елдің тарихын терең білу үшін саяхатқа шықты

31.07.2018, 15:12

74

Жасыратыны жоқ, «үздік оқитын оқушылар пойызбен бүкіл елді шарлапты» дегенді кешегі кеңес заманында көп естуші едік. Ол кезде одақтас елдердің арасындағы байланыс өте күшті еді ғой. Талай қазақ баласы көрші елдердің демалыс орындарында болып, талай жерлерді көріп, қыдырып қайтатын. Міне, сол үрдіс үш жылдан бері қайтадан бастау алды. Нақтырақ айтсақ, биыл да «Туған елге саяхат» жобасының 600-ден астам қатысушысы балалар туристік пойызымен Қазақстанды аралайды.«Қазақстан темір жолы» ҰК»АҚ әлеуметтік жобалар қорының Samruk-KazynaTrust даму қорымен бірлесіп ұйымдастырған «Туған елге саяхат» жобасына «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы қызметкерлерінің 12 мен 15 жас аралығындағы балалары қатысады. Жас саяхатшылар қатарына сондай-ақ «Мен өз аймағымда не өзгерткім келеді?» тақырыбындағы шығармашылық байқаудың жеңімпаздары да кіре алады. Туристік пойыздың жолаушылары Астана – Байқоңыр – Түркістан – Алматы – Алакөл – Астана бағдары бойынша көрікті жерлер мен тарихи орындарды аралайды.– «Туған елге саяхат» туристік пойызы ұзақ сапарға үшінші жыл қатарынан шығып отыр. Өткен жылы оған еліміздің әр түкпірінен 500-ге жуық бала қатысты. Биыл ел ішіне саяхат жасауға 600 бала аттанады, – дейді бұл жөнінде «ҚТЖ»ҰК» АҚ әлеуметтік жобалар қорының директоры Ербол Кеңгірбаев. – Жобаның басты мақсаты – балалардың қоршаған ортаға қызығушылығын арттырып, елі ішіндегі тарихи және архитектуралық ескерткіштермен танысып, Отанды сүюге тәрбиелеу, патриотизмді нығайту.Осылайша «Туған елге саяхат» жобасының алғашқы турына қатысушылар, 200-ден астам бала балалар туристік пойызымен Қазақстанның көрнекті жерлеріне саяхат жасауға аттанып кетті.Туристік пойыз 2014 жылы шығарылған жеті купелік вагон мен екі вагон-мейрамханадан жасақталған. Аттанар алдында вагондар нормативтік-техникалық талапқа сәйкес тиісті техникалық дайындықтан өткен. Пойыз жаңа төсек-орын жабдықтарымен қамтылған. Балаларды дайындығы жоғары, тәжірибелі деген пойыз бригадаларының қызметкерлері алып жүреді.Балалар туристік пойызы жүріп өтетін жалпы қашықтық үш тур бағдары бойынша 5134 шақырымды құрайды.
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 12:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 13:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 10:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 20:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 11:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 10:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Әкім бол, туысыңа жақын бол!?.
    10:15
  • Сейдағаңның серілері едік
    03.03.2021, 10:12
  • Бес тағдыр – бес тал гүл
    02.03.2021, 10:44
  • Буырқанған дауылда сыналған басылым
    25.02.2021, 13:12
  • «Жас Алаштан» басталған журналистік жол
    23.02.2021, 10:51