11:30, 12 Қаңтар 2022
Түймебаевтың ұлына қатысты тың деректер айтылды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлы қайтыс болды.
Бұл туралы «Жас Алашқа» аталмыш университеттің баспасөз қызметі хабарлаған болатын.
Қайғылы қазаға байланысты жалған ақпарат тарамас үшін біз оқиға туралы мынаны хабарлаймыз: 06.01.2022 ж. кешкі сағ.18.35 минут шамасында Алматыда комменданттық сағат басталмас бұрын, Елнар Н.Назарбаев көшесімен жоғары көтеріліп үйіне қайтып келе жатқан.
Қ.Сәтпаев көшесіне жетпей, қиылыста тоқтап тұрған сәтінде күтпеген жерден көлігіне белгісіз адамдар бірнеше рет оқ атқан. Ол алған жарақат салдарынан оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі сәтте құзырлы органдар тиісті тергеу амалдарын жүргізуде.