«Түймелер» фильмінің түсірілімі басталды

Танымал актер Төлепберген Байсақаловтың режиссерлік дебюті «Түймелер» қысқаметражды фильмнің түсірілімі басталды.
Бұл Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша ҰКҚМО қолдауымен шығарылмақ. фильмінің түсірілімі басталды.
Режиссердің айтуынша, туынды ішімдікке тәуелділік мәселесін қозғайды. «Менің режиссерлік дебютім. Әрине, картинаны толық көре білемін, дегенмен, техникалық тұрғыдан әлі де шындалуым керек», — дейді Байсақалов. Фильмнің сюжеті нақты оқиғаларға негізделген, онда әр адам бұл өмірге белгілі бір мақсатпен келеді деген маңызды ой жасырылған. Басты кейіпкер бір жағымсыз оқиғадан кейін арнайы орталыққа түседі. Ол отбасын, мансабын, бәрін жоғалтып алуы мүмкін.
Актер Бауыржан Әділхан үшін бұл да басты рөлді орындаушы ретіндегі дебют. Бұған дейін ол Айжан Қасымбектің «От», Абдель Фифтибаевтың «Пацаны», Аружан Досымқожаның «Бремя, которое мы несем» және т.б. фильмдерде эпизодтық рөлдерді ойнаған.
Фильмнің түсірілімі бір апта бойы Алматыда өтеді. Авторлар туындыны биылдан қалдырмай аяқтауды және кинофестивальдерге ұсынуды жоспарлап отыр.