Тұйық ауылы және журналистен қашқан әкім

30.04.2019, 17:49

203

Алматы облысы,Кеген ауданына қарасты Тұйық ауылына ауыз су тарту үшін аудан әкімдігі 394миллион теңге сұратып отыр. Бірақ, облыс басшылығы бұл жобаны әлі мақұлдамаған.Сол себепті 1200 адам тұратын ауыл халқы сүзгіден өтпеген тіршілік нәрінпайдалануға мәжбүр.

Кеңес үкіметітұсында Одақты қорғасынмен байытқан Тұйық ауылы қазір құрдымға кеткендей.Тұрғындардың сөзіне сенсек, шенділер бұл елдімекеннің картада барын мүлдеұмытқан. Тәуелсіздік алғалы ауылда бір-де бір жол жөнделмеген көрінеді.Салдарынан күз-көктемде оқушылар балшыққа батып, мектепке әрең барады.

«Жол мәселесі біз үшін ғана емес оқушыларғада ауыртпашылығын тигізіп отыр. Төменгі ауылдан жоғарыдағы мектепке қатынауыүшін су кешеді. 21-ғасырда бұл өте күлкілі жағдай емес пе — дейді Тұйық ауылының тұрғыны СерікқалиБЕКМОЛДАЕВ.

Есесіне, ауылғааратұра келіп тұратын аудан атқамінерлері дамыған 30 елдің қатарына қосылутуралы жиі айтатын көрінеді. Орталықтың тапсырмасын бұлжытпай орындайтындар200-дей түтіннің 30 жыл бойы ауыз суға жарымай отырғанын жақсы біледі. Бірақ,ол туралы ауыл әкімі де, аудан әкімі де жақ ашпағанды жөн санайды екен. Осымәселеге қатысты Жас АЛАШ тілшісі ауданбасшысы Талғат БАЙЕДІЛОВТЕН пікір сұраған еді.

 - Сендерде (журналисттер)именно, аудан әкімінен сұхбат алу керек деген заң бар ма не? Бергім кеп тұрғанжоқ менің.

-Тұйыққа қарамайсыз ба не сонда?

 -Тұйыққа қараймын. 

Осылайша ТалғатБайеділовпен болған әңгімеміз қысқа ғана қайрылды.  Айтпақшы, отандық БАҚ берген алғашқысұхбатында президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ барлық деңгейдегі әкімдерге халықпен етенежұмыс жасауды бұйырған еді. Кабинет пен көліктің терезесіне бұқараға қарамай елортасында жүру керектігін айтқан-ды. Кім біледі, бәлкім тілшілерді жатырқайтынКеген ауданының басшысы ол сұхбатты оқымады ма екен.

Ауылда құны 5миллион теңгені құрайтын спорт алаңы салынған екен. Алайда, басы бар аяғы жоқнысанды қабылдап алған бұрынғы ауыл әкімі Ұлас АҚЖІГІТОВ қазір қызметіжоғарылап, аудандық мәслихатқа ауысқан. Әкімдері керек қылмаған тұрғындар ендікімге барып шағым айтарымызды білмейміз деп отыр.

«Жоғары жақта отырғандардың  бастарында жаңа мәшіне, жақсы үй, ішкентамағы жақсы, киген киімі дұрыс. Ал, төменгі жақтағы халық судан, тамақтан,жолдан, басқадан қиналып жатқанда біреуі көңіл бөлмесе сонда біз сыртта қалғанжабайы халықпыз ба!» — дейді, тағыбір Тұйық тұрғыны Туғанбай АҚЫНБАЕВ.

Құлаудың алдындатұрған ауылдың дәрігерлік амбулаториясы кезінде баспана болған екен. Бірақ,қажет жағдайда науқастарды аудан орталығына жеткізетін жедел-жәрдем көлігі жоқ.Дәрігерлер, бұл проблеманы тілшілерге ашып айтудан қорқады.

Алайда, Тұйық жұртыүшін дәл қазір үлкен қауіп туғызып отырған — қараусыз қалған шахта. Мұнда улыгаздар тарап, тұрғындар аты жаман ауруға шалдығып жатқандарын айтады.

 Фотолар автордікі.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

11.08.2020, 07:22
Берешекке белшесінен батқан беткеұстарлар
07.08.2020, 06:39
Коронавирус індеті кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық 21 пайызға өсті - ІІМ
06.08.2020, 07:36
«Біздің әкім белсенді»
04.08.2020, 07:05
Диқандар неге ашулы?
30.07.2020, 07:14
«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті
29.07.2020, 07:57
Алматыда құрбандыққа шалынған мал етін мұқтаж жандарға жеткізу ұйымдастырылады

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39