Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:19, 20 Шілде 2020

Түлкібас: еріктілер аудандық ауруханаға 5 дана кір жуу машинасын тарту етті

Түркістан облысының шығыс қақпасында орналасқан қасиеттіжерде облыс әкімдігінің бастамасымен бірқатар игі істер жасалып жатыр.

Атап айтқанда, жомарт жандар еліміздің пандемияға қарсыкүресіне белсенді қатысып жатыр. 15 шілде күні аудан еріктілері тазалық үшінөте маңызды болып табылатын 5 дана кір жуғыш машиналарын аудандық ауруханағатапсырды.

Сонымен қатар, ауылдағы жомарт азаматтар дамұқтажотбасыларға көмектесу үшін барын салуда. Мәселен, Түлкібас ауданының тұрғыны,қайырымды азамат орталық мешітте ірі қара мал сойып, етін мұқтаж 40 отбасығатаратып берді.

Сондай-ақ, үйінде жатып ем қабылдап жатқан науқастарғабақылау күшейтілген. «Бүгінде сырқаттанып жатқан науқастардың біршамасыүйлерінде ем қабылдап жатқаны белгілі. Осы ретте Түлкібас ауданында барлықауылдық округ, кенттердің әкімдіктерінен жеңіл көлік пен жүргізуші бөлініп, солаймаққа жауапты дәрігермен бірге науқастардың үйін жеке-жеке аралап ем-домдарынжасауда», — делінген аудан әкімдігінің хабарламасында. Сонымен қатар, қазіргітаңда әр елді мекен бойынша сырқаттанып жатқан тұрғындардың тізімі жасақталып,аймақтық дәрігердің қатаң бақылауына алынған.

Соңғы екі күнде облыстың Абайылжәне Жақешу ауылдарының тұрғындары 30 мұқтаж отбасыға 2 ірі қара мен 2 қойдыңетін таратуға қаражат жинады. Бұл бағыттағы игі шаралар облыстың басқа елдімекендерінде де жалғасуда.

Өткен аптада арнайымониторингтік топ және жастар мәслихаты өкілдері мен қоғам белсенділеріненқұралған арнайы жұмысшылар тобы аудандағы бірқатар дәріханаларды аралап,дәрі-дәрмек мөлшері мен олардың бағасына мониторинг жүргізген болатын.

Еркежан АРЫН

Тегтер: