Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
06:08, 29 Қыркүйек 2019

Тұмағаң – Тұманбай Молдағалиев

Тұманбай Молдағалиевесімін мен ақынның әуелгі қадамдарынан бастап, мектепте, тоғызыншы класта оқып жүргендетанысам керек.

«Қазақ әдебиеті» газеті, «Әдебиет және искусство» (кейінгі«Жұлдыз»), «Пионер», бәлкім, «Қазақстан әйелдері» басылымдары арқылы. МүбаракЖаманбалинов екеуі қатарлас, үндес шықты. Үйреншікті, іш пыстырар, күнделіктіөлең атаулыдан мүлде басқа кейіп, жаңа сезім, өзгеше серпін. Уақыт оза келе,жасы көп үлкен Мүбарак кешеуілдей берді, ал Тұманбай күн өткен сайын өрлеген.Жалпы жұртшылыққа кеңінен танылды. Мен университетке келіп түскен 1957 жылышыққан алғашқы, «Студент дәптері» аталатын жыр жинағы сол замандағы қазақ әуезіүшін елеулі оқиға болып еді. Жастар поэзиясы туралы 1959 жылғы атақты кездесудеұлы Мұхаң – Мұхтар Әуезовтің өзі болашақ үлкен қаламгерлер санатында жоғарыбаға берген. Бұдан соң кітап артынан кітап. Сол бетінде Тұманбай Молдағалиевтіңбүткіл шығармашылық ғұмыры ешқандай бұдырсыз, даңғыл әрі өрісті болғаны көпкебелгілі.

Тұмағаңды жүзбе-жүз,алғаш рет қашан және қалай көргенім есімде жоқ. Тәрізі, 1965 жылдың қаракүзінде «Қазақ әдебиетіне» жұмысқа тұрғаннан соң. Тым көп ұзамай, 1967 жылыжазғытұрым, Ілияс Есенберлиннің ғұзырындағы «Жазушы» баспасында жақынырақ танысуғамүмкіндік туды. Поэзия редакциясында аға редактор екен. Өте сыпайы, жүзі ашық,ұстамды, бейсауат сөзден тыс және әр жердегі басқа бір ақындарымыз сияқтыішімдікке әуестігі байқалмайды және кімге болсын тілектес. Алдынан өткенүлкенді-кішілі ақындардың ешқайсысына артық міндеті, солақай белсенділігі жоқ,сонымен қатар бұл кезде көркемдік тұрғыдағы талабынан да айнымаған. Есімдеқалғаны – Надежда Лушникованың тақырыптық жоспарға еніп, айлық графикке түскенөлеңдер жинағын мүлде жарамсыз деп тапты. Редакция меңгерушісі ҒафуҚайырбековпен келісті ме, келіспеді ме, білмеймін, екеуміздің арамызда болғанәңгіме. Мен айттым: «Тұмаға, ойлап қараңыз, қазақтың өзі ана тілін ұмытыпжатқан заманда, әлдебір ауылдан қазақ тіліне жетік, оның үстіне қазақша өлеңжазатын орыс қызы шыға келеді. Айтарға жақсы емес пе? Кемістігі көп болар,бірақ осындай, ерекше жетістігі бар. Ақылыңызды аямаңыз, қайта жаздырыңыз,демеңіз, оңдап, түзетіңіз, қайткенде кәдеге асыру керек» деп. «Шалағай ақынүшін емес, қазақ тілінің мерейі үшін» деп. Тұмағаң мыйланып қалды. Қалайжетілдірді, қалай оңдады, анығын білмеймін, арада екі-үш ай өткенде, «міне,жобаға келді» деп алдыма тартып еді. Бөгеліссіз жарыққа шықты.

Ең қызығы, НадеждаЛушникованың осы, «Көңіл хошы» аталатын өлеңдер жинағы келесі, 1970 жыл болсакерек, республикалық Комсомол сыйлығын алды. Ол заманда жас қаламгер үшін асаүлкен марапат. Бұдан бұрын санаулы ғана жан – осы Тұмағаңның өзі, Қадыр менЖұмекен ғана жеткен, түптеп келгенде Мемлекеттік сыйлыққа жалғас мәртебе.Жастар одағының көсемі Өзбекәлі Жәнібеков болатын. Сыйлық комиссиясыныңқұрамындағы Шерхан Мұртазаевтың, Тұманбайдың өзінің, мен білмеген тағы біразаматтардың мейлінше қолдауына қарамастан, «Қобыз сарыны» ілінбей қалды. Яғнименің Қазақ хандығы дәуірінде жасаған, көпшілігінің шығармасы түгіл, аты-жөнінедейін ұмытылған ақын-жыраулар туралы зерттеуім. Ол кезде парасатты, кейінде«ұлтжандылар» есебіндегі, бұрын-соңды ешқашан жүзбе-жүз көріспеген Өзбекәлі,неге екені белгісіз, ғұмыр бойы маған қайшы болып өтіп еді. Сол сәтте анау орысқызының кітабын белге басып, бекер шығарған екем деп өкінбедім. Қайткенде демаған бермес еді. Ал Мұқағалидың ешқандай жазығы жоқ-ты. Мүлде атаусыз қалған.Бәрібір бағасын танымайды. Бұл кезде орынтағы қозғала бастаған Өзбекәлініңтөтенше әрекеті – манағы менің «қазақшылық» кеңшілігімнің рабайсыз асқынғанкөрінісі емес. Кәдімгі арзан, сатымсақ саясат. Сонымен, Тұмағаңның әуелгі,терістеме пікірі дұрыс болып шықты.

Көп ұзамай Тұмағаң«Балдырған» журналына ауысты. Жыл аяғында мен де академияға кеттім. Көрісуімізсирек, бірақ пейіл-ықыласымыз түзу. Ақыры, арада екі жыл өткенде біздің дастархандатоғыстық. Мен өмірімдегі ең алғашқы ресми сыйлыққа жетіп едім. Дабырасыәжептәуір: «Мемлекеттік баспасөз комитеті, Қазақстан Ленин комсомолы, «Жалын»баспасы мен «Жалын» альманахының жабық бәйгесі» деген. Мен бас сыйлық – біріншіорын иегері болып шықтым. Абыройын айтпағанда, тура мың сом жүлдесі бар. Асакөп ақша, ол заманда мынау деген қызметкердің алты-жеті айлық еңбекақысы. Теңжарымына тақау – төрт жүз елу сомына бәйбішеме он екі персондық ағылшын сервисінәпердім. Осы жақында ғана орталық универмагқа түскен; көршілес тұратын, өзортамызда кенеусіз бай саналатын Қадырдың Салтанаты алдымен алыпты, біздіңБақыт қызығып қана қойған. Енді, міне, оның да осыншама қазынаға қолы жетті.Шынында да, күні бүгінге дейін біздің шаңырақтағы отбасылық ең қастерлі мүкәмалсаналады. Өзгеше сыпатынан ғана емес, ерекше тарихына байланысты. Хош. Қалғанбес жүз елу сом… әрине, үштен бірге жуығы кішігірім мерекеге жұмсалуға тиіс.Менің алғашқы сыйлығымның құрметіне ең жақын және алыстау жүрсе де, тілектесағайындардың басын қостық. Төрдің төбесінде Тұмағаң отырды.

Отыратын себебі –Тұманбай Молдағалиев бұл кезде «Жалын» альманахының бас редакторы. Кешегітөрешілер алқасының белді мүшесі. Яғни атаулы сыйлықты өз қолымен бұйырғандай.Әуелде телефон соғып құттықтады. Содан соң, арнайы шақырғанда азғана өкпесінайтып еді. «Маған сенбедің бе, алдын ала неге құлаққағыс жасамадың» деп. «Ой,Тұмаға, сізге айрықша сенгендіктен» дедім. Тұмағаң жақсы мен жаманды қапысызтаниды деп білгенім. Алайдаәлсіздік жасап күнібұрын айтып қойсам, бәйгеніңшарты бұзылғаны өз алдына, сіздің көңіліңізде күмән тумай ма? Тіпті маған дауысбермей қоюыңыз да мүмкін ғой», – дедім. Тұмағаң күлді. «Тауып кеттің» деген.Алайда дастархан басында манағы сөзін басқа бір тұрғыда қайталап еді. «Өзінесенді. Абай атамыз айтқандай, осы сенім Мұхтарды барлық өткелектен алып шығады»деп еді. Мен бұл сөзге мейлінше риза болдым.

Бұдан соңғы замандаәуелгі түзу амандығымыз бүкпесіз ықылас-пейілге алмасты. Сирек те болса әрқилыжағдайдағы өзара шақырысымыз бар. Бұл кезде Тұмағаң бұрынғыша альманах аталатын«Жалын» журналына берік бекіген. Атақты ақын. Жарасты азамат. Төрт құбыласытүгел тәрізді. Ел-жұртына да, әдеби ортада да сыйлы. Тек жақсы атағы ғана бар.Әйткенмен бір мүлтігі байқалып қалған. Әдепкі, күнделікті өмірдегі кеңшілік –басқа емес, баспасөзде өзінің қарама-қарсы мағынасы, үлкен кемшілікке айналмақ.Шын мәнісінде республикадағы екінші әдеби журнал, жастарға арналған «Жалын»альманахы енді ерінбеген жазарманның ат шалдырып, аунап-қунап, қона жататынойнағына айналыпты. Бұрнада ара-тұра, мүлде сапасыз дүниелерді көзім шалса да,бұл жағын толық байыптамаған екем. Ақыры, түбегейлі танып, қатты айтуға туракелді. Әуелде, Есенберлин тұсында «Жазушы» баспасының панасында ашылғанальманах бұл кезде одан еншілеп шыққан «Жалын» баспасының құрамында. Яғнижастар нәшіриятының әжептәуір дербестігі бар, әйткенмен басыбайлы бір бөлімісияқты. Директор Бексұлтан Нұржекеев – көрнекті прозашы ғана емес, өзіне де,өзгеге де қатал талап қоя білетін қызметкер. Әлдеқалай алдына бардым ба, арнайытелефон шалды ма, «Жалын» альманахының 1979-80 жылдар, соңғы жеті-сегіз санынакең көлемді рецензия жазуға ұсыныс айтты. Менің қосымша қаламақы табатын әдепкібір шаруам. Байдың өзінде артық ақша болмайды, осы реттегі тілектес пейілі депбілдім. Артық сөз айтқан жоқ. Менің нұсқаумен жүрмейтінімді біледі әрі әдепжөні. Мен журналдың тиесілі кітаптарын мұқият оқып шығып, мәшіңкеде қырық беткетарта үлкен рецензия жазып бердім. Сол тұстағы жастар шығармашылығы, жалпыәдеби ахуал турасындағы шолу мен талдау. Арада екі жыл өткенде, тағы да осыальманахтың 1981-82 жылдардағы жеті кітабына пікір бердім. Әуелгі көлемгежақын, сол сарында. Әлбетте, журнал бетінде жақсы дүниелер жоқ емес, алайдажасығы көбірек. Және бұл сөз жастарға емес, жасамыстарға, қазіргі әдебиет түгіл,ағымдағы баспасөзде есім-сойы белгісіз, көбіне қырық-елу, тіпті зейнет жасындажаза бастаған, әуесқой, дарынсыз талапкер атаулыға қатысты. Өндіріс, әкімшіліксаласында жүрген немесе өткенде еңбегі сіңген әлдебір жақсы кісілер, көбіне жеңұшынанжалғасқан тамыр-таныс. Аса сорақы жағдай. Осыған орай, екі ретте де қаттыайтыппыз. Әрине, мақтамен бауыздап дегендей. Кейде зілді кекесін, ащы әжуа дакетіп қалыпты. Бексұлтан екі рецензияны да ықыласпен қабылдады, бұрнағыәдетінше аса көтеріңкі, мол қаламақы қойды, өзара талқыға салғамыз жоқ, бар сөзосымен тынған. Директор мен бас редактор арасында қандай әңгіме болғанынбілмеймін. Әрине, ай ма, апта ма, көп ұзамай Тұмағаңмен де жүздестік. Өткендегікең көлемді, кейісті мақала туралы сөз болған жоқ, амандығымыз бұрынғыша, меніңойымда ештеңе жоқ, Тұмағаң да көңілге алмаған сияқты, дәп сол сәтінде емес,артынан байыптағаным, шындығында, бар сөзім әділетті болған соң, салмағынұмытып кетсем керек, бірақ одан журналға жеңілдік келмейді.

Осы екі аралықтаТұмағаңмен менің өзімнің шаруама байланысты тоқайластық. Қазақтың қазіргізаманғы тұлпар аты туралы хикаят. Кешеуілдеп жатқан соң арнайы соғып едім,Тұмағаңның үлкен ескертпесі бар екен. «Хикаяттың кейбір тұсын қайта жазсаң»дейді. «Жүйрік өлмесе. Мынауың тым қатаң». Мен: «Сонда Совет өкіметінде еңақыры төрт аяқты мал да өлмеу керек пе? – дедім қитығып. – Қызметтен қорлықкөріп, жұмыстан зорығып өлген кісі емес, бәйгеден қалған ат. Осындай да талапболады екен!..» Тұмағаң құмығып қалды, проза бөлімінің бастығы Кәдірбек Сегізбаевжерге қарады. «Жоқ, – деді алдымен ес жиған бас редактор. – Өте аянышты. Анау,қастандық жасаған адам – нағыз қаражүрек екен… Ептеп жұмсартса...» «Қалайша?– дедім. – Повесте аты-жөні де жоқ қой. Белгісіз біреу...» «Тым құрысаөкінсе...» – деді Кәдірбек. Бұл ерекше талап – екеуінің қайсысынан шыққанынбілмеймін. Тәрізі, Тұмағаңның өзінен бастау алған, Кәдірбек қостаған. Шынындада, кәдімгі совет адамы атақты жүйрікке қастандық жасайды, коммунистікидеологиямен сыйыспаса керек. Әлде ұлғайған жас, әлде дүбара таным. Жалпыжұртқа көркемдік талабы босаң тартқан Тұмағаң енді мінсіз шығармада саяси қатекетпеуін қадағалап отыр. Қалай айтсаң да, айнымақ емес. Мен амалсыз күлдім. Ал«Жүйрік» қайткенде де осы тақауда жарияға шығуы қажет еді. «Жұлдызға» апарсам,жеріне жеткенше кемі жеті-сегіз ай. Москвада, «Советский писатель» баспасыныңалдағы жылдық жоспарына «Жыланды жаз» – «Змеиное лето» деген атпен хикаяттаржинағын ұсынғам. «Жүйрік» осы құрамда. Редакция меңгерушісі, тілектес Арнольд Тамммақұл көріп отыр. Әйткенмен бір кілтипан бар. Орыс тіліне аударылмақ туынды өзжұртында түпнұсқада жарыққа шыққан болуы – міндетті шарт. Қайтсем деп ойланыпотырмын. Содан Кәдірбек айтты: «Мұхасы, жаңағы өкініш тұрғысында бір анықтамақоса салсаңыз… келісіп кетер еді». Тұмағаңа қарап едім, әуелгі талабынанжұмсарған, бас изегендей болды. Мен тағы да күлдім. Содан соң қалам, қағазсұраған едім. Сол арада, табан аузында тұтас екі-үш сөйлем қостым. «Ендіризасыз ба?» – дедім Тұмағаңның қолына ұстатып. Тұмағаң қысыла қызарғандайболды. «Мә, Кәдірбек, жарап жатқан сияқты...» – деген. Кәдірбек көңілсіздеу көзсалды да, басын изеді. «Енді осы жарымжан үзіктің журнал редакциясындазорлықпен қосылғаны туралы куәлік жазып бересің!» – дедім Кәдірбекке. Жаңаменің алдыма түскен қағаздың бір бетіне солай деп жазды. Тек «жарымжан» және«зорлықпен» деген анықтамалар жоқ – «редакция талабы бойынша...» «Қай санға?» –деп сұрағам. «Бірінші кетті, екінші санға...» қайсысының айтқаны есімде жоқ.Сондай-ақ ілкіде «жойдасыз талапқа көнуім – Мәскеу баспасының шарты бойынша»деп айтқан-айтпағанымды білмеймін. Ақыр көнген соң, бұлай ақталмасам керек. Неде болса қорлық.

Ол заманда, кітап шығарукезеңінде редакторлардың мүлде орынсыз, ұсақ-түйек пікірін қабылдауғамәжбүрсің. Тым құрыса жүздің бірінде. Әлдебір сөз, тіркесті қысқартуға туракеледі. Ал төтенше қоспа жасауым – тұңғыш және соңғы рет. Бұдан кейінгі кезеңде,«Аласапыраннан» бастап, атақ-беделімізге сүйеніп, бірде-бір сөзіміздіжаңартпайтын болдық. (Алайда жаппай «тәуелсіздіктен» беріде сыртыңнан түзепжіберу әдепкі жағдаятқа айналыпты.) Сонымен, «Жүйрік» тағы да іркіліп, «Жалын»альманахының үшінші санында (1980) басылды. Мәскеудегі орысша повестер жинағыда көлденең себептерден бөгеліп, ақыры 1984 жылы жарыққа жетті, «Жүйрік» –«Судьба скакуна» хикаяты бел ортада. (Ал осы, менің ең үздік хикаяттарымның бірітүпнұсқа, кітап жүзінде он жылдан соң, екі томдық «Таңдамалы» құрамында әреңкөрініп еді.) Қашанда өз сөзің үшін өлуге бейілсің, ал ең бейкүнә түзетудің өзікез келген жазуыңның қадірін түсірсе керек. «Жүйрік» қайткенде бүлінбеді,әуелгі қолжазба тап-таза, орыс тіліндегі алғашқы аударма да сол қалпында,кейінгі басылымдар және табиғи кейпінде. Тұмағаңның дәп осы жолғы көлденеңқысасы – менің өткендегі ауыр сындарымның қарымтасы емес, бұл кісіде ондаймінез жоқ, керісінше, алғашқы қадамнан бастап қалыптасқан «бадырақ көз» –идеялық тазалық, яғни идеясыздық ұстанымға байланысты. Жақсы ақын, жайсаңазаматтың осындай кертартпасы бар екен. Бұдан да қызығы, Тұмағаңның осы бірісіне мен ашулана да алмадым. Басқа біреу болса ақыры бітіспес араздыққа ұласареді. Ал осыншама адал, яғни аңғал, кірнесіз кісіге өкпе арту, ренжу мүмкін емесекен. Әйтеуір, жүз шайыспадық.

Кейінгі жылдардаТұмағаңмен ішек-қарнымыз араласпаса да, әдепкі, көпке ортақ думан, мерейтойдастарханында ғана емес, өзара, үй ішіндік жағдайда, тым жиі болмаса да, өзарақонақтасып жүрдік. Айтқанымдай, Тұмағаңда көлеңке жоқ, ал мен әр ісінекешіріммен қарасам керек. Адамдық сыйластық одан әрі жалғасты. Қашанда жылыжүзді кездесулер, риясыз, бейбіт әңгіме. Сондай-ақ екеу арамызда ел тағдыры,әдеби шеру, әлдебір әріптес, қандай да бір шығарма туралы талқы, пікір алмасуда ғадетімізде жоқ. Әйтеуір, іш пыспайтын, қоңыртөбел әңгіме. Жан жадырамасада, жайланып отыратын қазақы кеңес. Жаңа заманның ақыны болса да, Тұмағаңескілікті күндердің сарқыты сияқты көрінер еді. Сөйлеген сөз, отырған отырыс.Бар мінезі. Мейірбан отағасы. «Біздің Күлтай» деп сөйлейді. Балаларын көпқызықтайтын сияқты. Оның ішінде жалғыз ұлы Дәурен ерекше. «Машинада өзімменбірге жүргенде қорқып отырам» дейтін. Қала жолында пәлекет көп қой… Кейінірекнемересі Мұқашты аузынан тастамайтын. Қыздарына да үзіліп тұрады екен. ТұңғышыҚұралай мезгілсіз дүниеден өткен кезде қатты қамықты. Көңіл айтып барып шыққанбес-он минуттың өзі соншама ауыр болды. Перзентін жоқтап бірталай мұңды өлеңжазды. «Бес жапырағым бар еді, – Бір жапырағым желге ұшты...» – дегені естеқалыпты. Әдепкі жырларынан мүлде басқаша сарын.

Төрт жас үлкен болса да,«бел құрдас» дегендей, Тұмағаңмен қатарлас қаншама ғұмыр өткерген екенбіз. 1983жылы жаз ортасында Якутияда қазақ әдебиетінің онкүндігі болды. Мен, бұрнада біржазғанымдай, алдағы «Шақан-Шері» романына қатысты жер бедері мен табиғатынаңдамақ үшін сұранып жүріп, тізімге әрең ілініп едім. Жиыны жиырма шақтықаламгер. Ұлыс астанасы Якутскідегі ғажайып қарсылаудан соң, үшке бөліндік. Біз– Әзілхан ақсақал, Тұмағаң бар, кейінгі жастардан Иранбек, тағы бірер жігітжәне екі орысымыз бар – терістік-батыстағы Сунтар ауданына аттандық. Вилюйөзені, мен нысана тұтқан жер. Одан әрі – гауһар кенішті Мирный кенті. Ағайынжұрт ортасындағы өзгеше бір сапар болды. Біздің топтың басшысы – жасы да, жолыда үлкен Әзілхан ақсақал емес, Тұмағаң. Оның себебін айтып ақталғаны бар.Әуелгі жоба бойынша, бұл бөлікті Жұбан Молдағалиев бастамақ екен. Әлдеқандайсебеппен шегіншектеп қалған. Алайда бұрнағы бекіп кеткен тізімде тұр. СондықтанЖұбағаңның орнын екінші Молдағалиев алмастырыпты. Жетекші ретінде. Әйтпесежалпы есепте бұрыннан бар. Сонымен, шалғай Якутия – Саха жұртындағы шеткері,өзгеше ауданды аралап кеттік. Орталық қыстаққа арнайы рейспен жетіп едік, бұдансоң кейде машина, көбіне кеме немесе шағын ұшақ. Бір ауылдан арасы шалғайекінші ауылға барамыз. Біз тобымызбен түскен бетте, анадайда, қатарынантізіліп, түгелдей ұлттық киімге малынған, басты бір әйел ою-өрнекті орамалмендөңбектей ақ нан ұстаған, енді бірнешеуі чорон – үш аяқты ағаш тостағандарменқымыз дайындап тұрған үлкенді-кішілі, қыз бен жігіт, ақсақал, бала-шағалы якут– сахалар көрінеді. Біздің ортамыздағы, жасы жетпіске шыққан, бірақсыптығырдай, сөзі шалт, қимылы ширақ сары орысымыз екпіндей тұра ұмтылып,қалған жұрттан жарым арқан, шылбыр бойы озып, алдымен өтеді. Өздері өңдесқазақтарды күтіп тұрған саха ағайындар тосырқап қалған еді. Ізінше біз дежеттік. Енді апыр-жұпыр. Алғашқы кездесу рәсімінен соң, мен әлгі сабазды шеттетебере, тым оқыс қимыл жасағанын, бәріміз бірге жүруіміз қажетін, алға текделегация басшылары озуы мүмкін екенін айтқан едім. Меңірейіп тұрып әреңтыңдады. Содан екінші жолы тағы да алға түскен. Енді мен Әзілхан ақсақал менТұмағаңа айттым:«Жаңа бір ауылға барғанда аяқтарыңызды тездете басып, ілгеріозыңыздар. Әйтпесе бәрімізді мына жалғыз орыс бастап келген деп ойлайды ғой»дедім. «Немесе маған рұқсат беріңіздер. Анау орыспен қатар жүгіріп, жарысқатүсейін» дедім. Әзағаң аңырып қалған, Тұмағаң маған қарап жымиды да қойды.Ештеңе өзгермеді. Жүйрік орысымыз үшінші ретте де алға ұмтылмақ еді, күнібұрынқамданып тұрған мен жеңінен ұстай алдым. «Табарыш Скалковский, спакойно… –дедім. – Сабыр сақтаңыз, дастарханға үлгереміз». Сонда ғана ұққан сияқты. Төртіншіжолы өңмеңдеп озбады. Бұдан соң басшы орынға орыс әйелі шыққан. Бұрын көзімшалмаған, қырықтың ішіндегі, сыртының өзі тырдай, қиылған жирен шаш, жұтыныптұрған ақсары қатын. Қарсы алу кезінде жүгірмейді. Есесіне ортақ дастархандаалдымен бастап, суырыла сөйлеп отырады. Қазақстан шегіндегі, қазақтар өктемжалғыз мекеме – Жазушылар одағында өз орындарын біліп, әдептен аспайтынағайындар сыртқа шыққанда құтырып кетіпті. Бәрі де қисынды. Билеуші нәсіл ғой.Осындай да қорлық болды. Бірақ бұл жағына менен басқа ешкім назар аудармағансияқты.

Ал Тұмағаң маңғазқалпынан жазбаған. Қандай да кездесуде әлдебір өлеңін оқиды. Саха ағайындармазмұнын танымаса да, мағынасын анық аңдайды. Қошеметтеп қол соғады. Содан аптабойы думандатып, Якутскіге қайтып оралдық. Таң ата. Тым құрыса жарты сағатұйықтап үлгермедік, Якут университетінде үлкен кездесу бар екен. Сол бетішала-шарпы жуынып, дүркірей аттандық. Акт залы, кәдімгі өзіміздің қазақтар иінтіресе елбіреп отыр. Ғалым ұстаздар, көкөрім студенттер. Және, байқауымша,астанада тұратын ұлт зиялылары. Әлдебір профессордың кіріспе сөзінен соң кезекбізге келді. Ең алдымен шыққан Тұмағаң келістіріп тұрып туысқан саха жұрты менқазақ достығы туралы жаңа бір өлеңін оқып берді. Әрине, дүркіреген қошемет.Содан соң күтпеген жерде маған сөз берілді. Әлбетте, ежелгі тарихтан бастаймыз.Ортақ тамырымыз, Түрік қағанатындағы бірлік, көлденең себептермен туыстастайпалардың арасы ажырағаны, ең ғажабы, саха жұртының Байкөл төңірегінентартып, Лөнә дариясын бойлап, солтүстікке қарай шеру тартқан мыңжылдық көші,ақыры, жаңа заманда қайта қауышып отыруымыз. Тағы да жаппай қошемет. Алайдаосындағы туысқан қауымнан гөрі өзімнің Тұмағам артығырақ риза болған сияқты.Менің тарихшылығыма емес. Анау тілде тәп-тәуір сөйлегеніме. «Орысша жақсы біледіекенсің, қазақ ауылы, қазақ мектебінде оқыдың ғой, қайдан үйреніп жүрсің?»деген таңғалып. Ең әуелі менің тарихи жадыма назар аударса керек еді, ол даауыл баласы, мына, кітаптан жаттаған азғана орысшама соншама сүйініп отыр.Ақжүрек ақынның аңғалдығына күліп едім. Тағы бір таңырқау. Осыдан көп кейін,90-жылы болса керек, Жүрсін Ерман бауырымның ұйымдастырып бастауымен бір топқаламгер Сары-Арқаның төсіндегі еркін саяхатта ең алдымен Ұлытауға түстік. Қошемет,құрмет өз алдына, ғажайып қымыз. Мен, әрине, туа біткен ындыныммен рақаттанасімірсем керек. Бір шарадан соң екінші шара. Тұмағаң бұл жолы да қайран қалғанжәне мейлінше риза болып еді. «Дәп осылай, тоқтаусыз және дәмдеп қымыз ішкенқазақ көрмеп едім» дегені. Бұдан артық қандай мақтау керек?!

Иә, айтпақшы, манағы Якутсапарында байқағаным, қашанда биязы, сыпайы Тұмағаңның алаңғасар қаншылдығы дабар екен. Ұлыс астанасындағы алғашқы күні, орталық театрда өткен салтанаттыкештен соң, біздің топқа төрт-бес қазақ қызы келген еді. Жүздері жарқын, күле сөйлепамандасып жатыр. Әуелгі көрген жасаң жігіттеріміздің бірі: «Тұмаға, осындағықарындастар, саха жігіттерімен Мәскеуде оқуда танысып, тұрмысқа шыққан екен», –деді. Тұмағаң жалт бұрылды да: «Әй, қыздар, мұнда неғып жүрсіңдер, қазақтабылмады ма?!» – дегені. Сағынышты туыстарын көріп, жадырап тұрғанқарындастарымыз бірден төмендеп қалып еді, мен қолма-қол іліп әкеттім: «О недегеніңіз, Тұмаға. Көріп жатырмыз, бұл сахалар да қазақтың бір руы сияқты.Орыс-орман, қапқаз емес. Балалар бақытты болсын!» – деп. «Иә, – деді Тұмағаң дажұмсарып. – Бақытты болыңдар… Мүмкін, жігіттеріңмен бірге Қазақстанға көшіпкелерсіңдер?» Осыдан бұрын Қадырдан естігенім бар еді. Әлдебір әдеби шараменЛитвада жүргенде, сол жаққа күйеуге тиген келісті қазақ қызын көріп, Тұмағаңныңкөңілі бұзылыпты, «міне, қарашы, қазақтың жақсы қыздары қайда кетіп жатыр» деп.«Солайы солай, бірақ ендігі заман басқа. Ұлттың қожырауы емес, әлемдік ортағашығуының бір көрінісі деп қарасақ ләзім. Қыз кетті, бірақ қазақы қаны баржиендер болады. Ең бастысы – осыған қарымта есепті, жат жұрттан келген келіндерқазаққа тазалай сіңіп кетуі шарт».

Осы, екі аптаға жуықөзгеше саяхатта, барар және қайтар жол, ұшақ ішіндегі уақыт өтпес, іш пысарұзақ отырыста қатарлас болып едік. Өте жайлы серік екен. Кәкір-шүкір, мәнсізәңгіме, көбіне-көп жеңіл-желпі қарта. Атын ұмыттым, көнге бір тиыннан салатынәлдебір ойын, білмейді екем, өзі үйретті. Әуелде ұтып еді, ақырында менқарымтадан озып, еркін еңсердім, нәтижесінде екі, әлде үш сом пайдаға шықсамкерек. «Көңілге жақсы, үйреніп алдың, енді ойнап жүр, бұдан гөрі көбірекұтасың» деген мені тағы да мақтап. «Жоқ, Тұмаға, мен не істесем де, орта жолдантоқтай алмайтын адаммын, дәнігіп, біржолата беріліп кетсем, жазуым қайдақалмақ? Тек өзіңізбен ойнамасам. Келесі жолы төрт сомға жетуім мүмкін. Немесемына үш сомды қайтарып аласыз, мен қарызда қалмас үшін» дедім. Тұмағаң «әй,айтасың-ау» деп күлген де қойған.

Осының алдында ғана, 1982жылдың ақыры, Тұманбай Молдағалиев Абай атындағы Мемлекеттік сыйлыққа жетті.Әлбетте, шын көңілмен құттықтадым. Үйіне барғаным, той дастарханында отырған-отырмағанымесімде жоқ. Екі жылдан соң мен де кезекті додаға түспек болдым. Жалпы жұртжапырлап оқыған, әдеби ортада да жоғары бағаланған «Аласапыран». Жазушылародағының Олжас бастаған секретариатынан ұсынылдық. Бірауыздан. Енді құжаттүгендеу, қағаз толтыру машақаты бар. Арнайы үлгі бойынша. Жалпы жобасын одақтаналуға мүмкін екен. Мен Тұмағаңа жүгіндім. Әуелгі ақсақалдарды айтпасақ, кейінгілауреаттардың бәрі де екі-үш аунап барып әрең алған екен. Қалижан Бекхожин,Хамит Ерғалиев, Сырбай Мәуленов, Ғафу Қайырбеков… Өткен 1980 жылымарапатталған Қадыр Мырзалиевтің өзі әуелде бір жығылып тұрған. Шашасына шаңжуытпай, таза шыққан жалғыз Тұманбай екен. Мен қолқа салып, осы Тұмағаңныңлауреаттыққа ұсынған кездегі барлық қағазын сұратып алдым, «ақжолтай ырым үшін»дегем. Әрине, оң тілеуін айтты, «сен алмағанда кім алады» деген. «Бұйырса...»дедім мен астамшылық жасамай. Ақыры бұйырды, алдық. Тұмағаңа екінші қайыраалғыс айтып едім. Бұдан соңғы құрметті қонақтардың бел ортасында болды.

Тұмағаң жанына жайлы«Жалын» журналында тұтас бір мүшел – он екі жылға жуық қамсыз отырған еді.Бұдан соң, 1984-86 – екі жылдан астам Жазушылар одағының қатардағы бір секретарыболды. Яғни әкімшілікке жақын міндет. Тұмағаңның қолы емес-ті. Ақыры, шамалыүзілістен соң, балалар журналы «Балдырғанға» барып орнықты. Бұрнада азғанауақыт жауапты хатшы міндетін атқарған, енді бас редактор. Сол заманның тіліменайтқанда, жалақысы тәуір, машинасы бар, аса ірі болмаса да, дербес, абыройлықызмет. Ең бастысы – алып бара жатқан ауыр және жауапты жұмысы жоқ, уақыты мол,қандай да қаламгер үшін жерұйық есепті өзгеше мекен. Бұл жерде Тұмағаң ширекғасырға жуық – өмірінің ақырына дейін отырған екен. Қай жағынан да бақыттығұмырының, күн еңкейген шақтағы байсал кезеңі.

Тұмағаң «Балдырғанға»өткеннен соң, арнайы телефон шалып едім. «Өте дұрыс болды, енді қырық жыл балаболасыз» деп. Кейінірек бір кездескенде қалай барып, қалай бекігенін айтып еді.«Журналға ұсынылдым, – дейді. – Тәрізі, комсомолдың орталық комитеті тарапынан.Ай өтті – дыбыс жоқ. Екі ай өтті – көңіл күпті, күтіп отырмын. Үш ай өтті –ешқандай қозғаусыз. Төртінші айға кетті. Бесінші ай. Енді шынымен күдер үзебастадым. Содан соң, әлдеқалай айтқанда, қызметте отырған ағайындардыңбірі«Қисанов ағаңа барсаңшы» деді. Қабылдауына жазылып, алдына бардым. Атымтайаға деп, үлкен бір кітабымды автографпен. Кекірейген кесірлігі жоқ, өтеқарапайым кісі екен. «Білем, білем» деді. Содан соң «Ал, не бұйымтайың бар?»деген. «Балдырғандағы» түсініксіз жағдайды айттым. «Міне, төрт айдан асты,орталық комитетте, Сапар Байжановтың алдында жатыр» дедім. Қолма-қол телефонтұтқасын алды. Тәрізі, «Кремлевка». Бірден-ақ қатаң сөйледі. «Мен – Қисанов...»Ар жақта далбырлап жатыр. «Әй, Байжанов, – деді кідірместен тура тартып. – МынаТұманбай баланың қағаздарын енді қанша уақыт к… тіңнің астына басыпотырмақсың?!» Дәп солай, төтесінен. Ар жақтағы тіл байланған азғана бөгесінненсоң, манағы сарынмен бірдеңе айта бастап еді, Қисанов сөз аяғын тосқан жоқ.«Болды!» деген. Содан соң телефон тұтқасын орнына қойып, «Болды, – деді мағанда. – Бүгін бітпесе, ертең осы уақытта өзіме тағы келесің!» Мен, бір жағы, ризаболып, екінші жағынан, қайран қалып, рақмет-алғысымды айтып, шыға бердім. Үйгекелсем, абыр-сабыр. Мені ЦК-дан Байжанов деген кісі іздеп жатыр екен, осы аралықтаекі рет телефон шалыпты».

Міне, нақты болған оқиға.Әлдебір елеусіз министрлікте екінші қатардағы қызметте отырған Қисанов орталықкомитеттің бөлім бастығының пілдей орынбасарын есіктегі баладай жым қылды. Бұлкісі Қазақстандағы кадр мәселесіне тікелей араласып тұрады деген лақап бар еді.Рас екен. Осыншама мықты болатыны – Қонаевтар әулетіне күйеу, Димекеңе айрықшасыйлы дейтін. Яғни қай тараптағы қандай да сөзі өтімді. Басқасын білмеймін, дәпосы жолы қазақ әдебиетіне қатысты игілікті бір шаруаны шешіп беріпті. Тұмағаңәлі де таңырқай отырып айтқан. Мен мәз болдым. Осыдан он бес жыл бұрын осыБайжанов «Алдаспанды» талқандауда айрықша белсенділік көрсетіп еді. Қазақтыңмыңжылдық мәдениетін, өткендегі алапат аруақтарды аяқасты қылған сабаз. Ендібүгінгі әлдебір замминистр төбесінен ұрып жерге тығып, қайтадан суырып алыпсілкілеп, оп-оңай тәубасына түсірген екен. Күні кеше сол «Алдаспанды» піртұтқан Тұмағаңның арқасында.

Жасы үлкен жақсы ағаменаз-кем демейін, тура қырық жыл біліс, дос-жар қалыпта қатар жасаппыз. Ешқашаноң пейілінен айныған емес. 1988 жылы июль айында мен сол кездегі жаңа бір рәсімбойынша, баламалы жолмен «Жұлдыз» журналының бас редакторы сайлауына түскенде,алдыңғы қатарда дауыс берді. Бұдан соңғы заманда арамыз алыстамапты. Одақтағыдау-дамайсыз әдеби шаралар, әртараптағы, әрқилы, аралас, ауыс, отбасындыққонақасылар, қаламгер қауымның қашанда думанмен өтетін еңселі мерейтойлары –қай бір қызық есте тұрсын.

Ең үлкен қуаныш – ресмитүрде тәуелсіз мемлекет атанып, ту көтеруіміз. Арада бес-алты жыл өткенде еластанасы Ақмолаға көшетін болды. Бас кеңсе қоныс аударудан азғана бұрынреспублика президенті арнайы пресс-конференция шақырды. Мен әдетте билік тарапындағымұндай жиынға бармас едім. Осы жолы ғадетімді бұзуға тура келді. Кең залдаТұмағаң екеуміз тағы да қатар отырыппыз. Назарбаев астананы Алматыдан көшіру,жаңа орталықтың мән-мағынасы туралы айтып жатыр. Кенеттен… «ЕгеменҚазақстанда» Тұманбай Молдағалиевтің өлеңі шығыпты; Алматыны жоқтайды, бізбейне бір алыс шетелге көшіп бара жатқандай...» дегені. Нақты есімде жоқ,шамасы осы. Осыдан төрт-бес күн бұрын бұл өлеңді мен де оқығам. Мүлде басқасарын. Әлде оқыс эмоция, әлде ұлттық сана, қазақи танымның күңгірт тартуы.… Міне, ерекше көш басталып кетті. Бірақ… Ақынның көңілі ала-бұла. Керуенгеқосылғысы келмейді. «Мен кетсем, Алатауымды, Күзетер басқа кімің бар...» «Менкетсем, арман Алматым, Жетім де қалар мұңайып...» Тұспал Нұрекеңе арнайайтылыпты. Ақыры, ең соңында астарсыз, ашық кетеді: «Көңілің неден суынды, Дүниегебізді әкелген, Ұмытпа Жетісуыңды!..» Түп мағынасы анық: Алатауың мен Алматыңды,туған жерің Жетісуды қалдырып, қайда шығандап барасың?! Ғажап емес пе?!Әлдекімдер президенттің өзінің қолына тікелей жеткізген сияқты. Енді «… бізбейне бір алыс шетелге көшіп бара жатқандай...» Тұмағаң қатты күйзелді. Отырғанорнында шөгіп кеткен. Өлеңді алғаш оқығанда тіксінсем де, ақыры күліп қанақойғам. Енді жаным ашып кетті. «Тұмаға, ештеңе етпейді, бәрі түзеледі» дедім.Көп ұзамай сыртқа шыққан соң айттым. «Нұрекең көші-қонның мән-мағынасынайғақтап берді ғой. Міне, осы тұрғыда жаңа бір өлең жазасыз. Сонымен, бар шаруаорнына келеді» деп.

Президент аппараты, басқада маңызды мекемелер Ақмолаға көшті. Шамасы, ай өтпей әуелгі бір той рәсіміжасалып еді. Арнайы рейспен Ақмолаға ұштық. Небәрі жиырма шақты ғана кісі.Бәйкен ақсақал Әшімов, батыр генерал Сағадат Нұрмағамбетов, биліктің біртұтқасындағы Иманғали Тасмағамбетов, тағы біреулер. Қаламгер қауымнан Тұманбай,Қадыр, мен және бір орыс, бір неміс, бір жойыт – Щеголихин, Бельгер, Симашко.Баспасөз министріміз Алтынбек Сәрсенбаевтың қолтаңбасы. Ұшақ ішінде Бәйкенақсақал бастап, көтеріңкі отырдық, жағалай суретке түстік. Жаңа замантабалдырығы. Кеше ғана атауына дейін өзгеріп, жат жұрт басқан, енді қазаққақайтып оралған, ұлыстың мәйек, ұйытқысы болуға тиіс ізгілікті Ақмола. Бұл кездекейінгі зәулімдер жоқ, облыстық ғимараттың тым кеңіс емес, бірақ жетімді,тап-тұйнақтай әдемі залдары. Артық дабырасыз салтанатты жиын кезіндекөкірегіміз көтерілді. Ізінше атаулы банкет. Орталық тұста қатар-қатардастархан тұнып тұр. Жалпы, жұрттың жағасы жайлау, алдан тек қана мерей менмәртебе, баянды игілік күткен ерекше думан, қуанышты көңіл.

Бір орында отырабермейсің, азғана тояттан соң шеткері шығып, сырттай тамашалап тұрмыз. Тұмағаңекеуміз. Дастарханға жалғас бір жақ бүйірде жатаған бітімді шағын сахна барекен. Атақты өнерпаздар ән салып, күй тартып, мерекені қыздырып жатыр. КенетТұмағаң маған айтты: «Мұхтар, мына жаңа астанаға байланысты өлең жазып әкеліпедім. Соны қалай оқуға болар екен?» деп. Түріне қарасам, әжептәуір толқып тұр.«Пәлі, Тұмаға, – деп күлдім. – Байқап тұрсыз, концерттік программа бар, арнайыхабарсыз әркім өз орнында, кезегімен шығып жатыр. Қазір мына Айман қарындасыңызскрипкасын тартып болады. Сахнаға жақындап тұрайық. Елеусіз үзілістекөпбөгелмей, бірақ тым асықпай жоғары шығасыз да, өлеңіңізді оқып бересіз» дедім.Тұмағаң аруағын шақырғандай, бірден оңалды. Мұсақожаева сахнадан түскен бетте,бабымен көтерілді, қойнынан екі парақ қағаз алып, жан-жағына байыптай қарапазғана бөгелді де, майпаңдап оқи жөнелді. Иә, астананың Ақмолаға көшуі – ерекшеоқиға, айтулы мереке. Ел ағасы Нұреке, сен халқыңның болашағын ойлап, жаңа біржерге ту тіктің. Енді Қазақ елінің нақ ортасында тұрған астанамыз біздіңтәуелсіз мемлекетіміздің тұғырын бекіте түспек. Құтты болсын, ұзағынан,мәңгілік болсын!.. Сөзбе-сөз есімде жоқ, ұзын-ырғасы осындай. Тұмағаң сәл-пәлентігіп, әжептәуір тершіп, төменге түскенде, қошемет жасап қолын ұстап, қарсыалдым. «Қалай?» деді маған қарап. «Тамаша болды, Тұмаға, бәрі орнында, ештеңегеалаңдамаңыз» дедім шын көңілмен. Бұл өлең кейінірек сол «Егемен Қазақстанда»әдемілеп басылса керек.

Иә, Тұмағаңмен арамыздағықатынас барлық уақытта да риясыз,  бірқалыпты,сыйластық жағдайда болды дедім. Тіпті «Жалындағы» хикаятыма байланысты қисынсызталаптан соң да айтарлықтай реніш тумапты. Бары сол, көлеңкесінен қорықтыдемейін, қандай да көлденең толғам, төтенше суреттен тартынатын рабайсыз қауіп,әлеуметтік өмірде тереңге бойламаған, аңғал, әсіресақтық көрінісі. Адаматаулының өзара қатынасы ешқандай бұдырсыз болса дейді. Ал өкімет, солөкіметтің жетекшісі туралы артық-ауыс сөйлеу күнә есепті. Бірде «мен назарбаевшылемеспін» деген сөзіме тіксініп қалған екен. «Олай деп айтпасаңшы» деді. Анакісіні қорғауы ғана емес, мені сақтандыруы. Ал бұл кейінгі қиғаш мақалаларданкөп бұрын, есімде жоқ, әлдебір жағдайдағы қостау лепес болатын. «Соғанқарамастан...» деген тұрғыда. Осының өзі артық сияқты. Көпе-көрінеу, албатыпікір айтсаң, мүлде шошып кетпек. Биліктегі шонжарлар ғана емес, кез келгенәріптес, тіпті, көлденең әлдекім туралы. Адам атаулының бәрі жақсы, алжазушылар қауымында жаман кісі жоқ. Сол заманда біздің әйелдің әлдеқалайайтқаны бар, «сенің тұстастарың ішінде адамгершілік, адалдық жөнінде Тұмағаңажететін ешкім жоқ» деп. «Ешкімді алаламайды, ешқашан ешкім туралы жарамсыз сөзайтпайды» деп. Ал біздің ортада бәрі басқаша ғой. Менің өзім көңілдегіні ірікпей,жарып, тіліп отырам. Осыншама кереғарлық. Жамандау емес, пікір қайшылығы,өзіндік көзқарас деп білеміз. Ал Тұмағаңа дарынды мен дарынсыз, шыншыл меналдамшы, ақжүрек пен сұмжүрек – бәрі бірдей екен. Мана айтқанымыздай,күнделікті, бейбіт өмірде алай да, былай да болар, ал қаламгер, оның ішіндебаспасөз тетігін ұстап отырған тұлға үшін жарамсыз, тіпті зиянды мінез. «Жалын»журналына қатысты, кезінде тікелей рецензия есебінде жазылып, кейінірек «Тасқабасылған қолжазбалар» кітабында, ақыры он үш томдықта басылған, жалғасты екімақалада жеріне жеткізе айттық.

Қайткенде де осы, төртаяғы тең жорға, сыршыл ақынның қолынан лирикалық проза тууы мүмкін екен.Тұмағаңның, орысты білмеймін, қазақи көркем прозаны ықтиятпен қадағалап оқитыныбар еді. Менің «Аласапыран» және басқа да шығармаларым туралы дәйекті пікірінестігем. Яғни бүгінгі қара сөздің жай-жапсарынан біршама хабардар. Ақыры жаңағасырдың алғашқы бір жылы ғой деймін, өмірбаяндық хикаят алып келді. Мұңдыбалалық шақ туралы. Ол замандағы жалпыға ортақ тар дүние және өзіне тікелейқатысты отбасындық қиындықтар. Саясат жоқ, тек тұрмыстық әуез. Жетімдіккөргені, сол кезеңде сүйеніш болған жақын туыс, жақсы адамдар жөні. Өмірбаяндыққана емес, заманауи һәм адамзаттық сарындар. Мен бірер күнде оқып шығып, қолма-қол«Жұлдыздың» кезекті санына жібердім. Және ризашылығымды Тұмағаңның өзінетікелей айттым. «Ақынның прозасы деген – өзгеше жанр, осымен тоқтамаңыз,басқадай қилы хикаят болмаса, осы балалық шақ естелігін одан әрі жалғастырыңыз,ақыры, өзіңіз көрген, сүйемел, қолдау жасаған Сәбит Мұқанов, Мұхтар Әуезовсияқты ағаларға жетесіз, мұның бәрі сіздің ғұмырбаян ғана емес, қазақтың әдебишежіресі» деп. «Өзім де ойлап жүрмін, сенімім аздау еді, енді жалғасын жазыпәкелем, әдебиеттегі алғашқы қадамдар, одан соңғы жағдаяттар төңірегінде» деді.Арада жарым жыл, бәлкім, сегіз-тоғыз айдан соң тағы да естелік жазбаларынұсынды. Ұмытпасам, жетпіс-сексен бет мөлшерінде. Әуелгі нұсқасына жетпегенімен,бұл да тәп-тәуір дүние. Мен тағы да журналдың кезекті санына ыңғайлап едім. Бескүн өтті ме, он күн өтті ме, Тұмағам қайта келіп тұр. «Болмайды екен, мынасоңғы жазбаларды қайтарып бер, басылып шықса әлдекімдердің көңіліне келуімүмкін» дейді. Мен үгіттей бастадым. «Тұмаға, ешкімнің көңіліне келетіндейештеңе жоқ, біз бұдан зорғысын да жазып жүрміз ғой» деймін. «Жоқ, болмайдыекен, саған, басқаларға жарасқан жазу – мен үшін теріс қадам есепті» дейді.Ақыры, алып кетті. Аса құнды емес, бірақ тым елеусіз де емес осы естелікТұмағаңның архивінде сақталды ма, жоқ, сол бетімен апара сала жыртып тастады ма– анығын білмеймін, жұмсартып, өңдеп, жөндеп жатырсыз ба деп қайыра сұрамаппын.

Бұл кезде, анығы осыданбіршама бұрын, Тұманбай ақынның шығармашылық ғұмырында жаңа бір кезеңбасталған. Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған мадақ жырлар дейтін тақырыптағы.Көңілі кең, кімге болсын тек жақсылық қана ойлап тұратын Тұманбай Молдағалиевбұдан бұрын да арнау өлеңдерге айрықша мән беретін. Мәселен, пәленбай деген,жасы үлкен қаламгер ағаның 70 жылдық, 80 жылдық мерейтойы. Немесе жасы кіші інінің50 жылдығы, 60 жылдығы. Немесе үй алған, бала туған, келін түсірген, әрқилықуаныш күні. Тұмағаң міндетті түрде өлең жазып әкеледі және көп алдында оқиды.Ағайын жұртқа құрмет қана емес, өзінің риясыз пейілі. Және әрқайсысын жекелейалғанда, әсерлі, шынайы толғау. Құрап-сұрап қиналып отырмаған. Тәңірі бергенөзгеше дарын нәтижесі. Қолына қалам ұстаса болды, зырқырай жөнелмек. Баяғызамандағы қазақтың төкпе ақындарының жаңа замандағы көрінісі. ТұманбайМолдағалиев, одан бұрын қалыптасқан Ғафу Қайырбеков. Кешегі Иса Байзақов, баяғыОрынбай мен Жанақ, Шөже ақындар үлгісі. Өлең көкірегін кернеп, шығасы себепіздеп тұратын сияқты. Поляк Янушкевичтің нақты бір куәлігі бар. «Таңертеңдалаға шықсам, Орынбай ақын Алатауға қарап алабұртып отыр екен» дейді. Алдындағана ақынның табан аузында айтқан, кенен толғау, ғажайып жырларын тыңдап қайранқалған. Тағы да қыстығып, шабытына мінген екен. «Толғап, шырқағым келіп барады»депті. «Онда Алатауға қарап айта бер» дейді Янушкевич. «Алатау не береді, мағантыңдаушы керек» депті Орынбай. Міне, Тұмағаң да осы сияқты, кеудесіне жыр толыпбарады, азғана сылтаумен үздіксіз ақтарылып жатуы содан. Өзінің де айтқаны бар:«Өлең жазбасам, Бірдеңем жоғалғандай, Мазам кетіп жүргенім, оңала алмай...»деп. Сондықтан жаңа өлеңсіз күні жоқ. Сырлы жырмен қатар, әрқилы арнаулар – осықажеттіліктің жеңіл бір тармағы. Әлбетте, жекелеген кісілерге қатысты өлеңдерәрқилы шығуы мүмкін, қажетінше көңіл делбейді, ешкімге зияны жоқ. Ал мемлекетбасшысының жөні бөлек. Кім болса да. Оның үстіне бірді-екілі толғау емес.Президенттің туған күніне, тәуелсіздіктен бастау алатын әрқилы мерекелерге, елөміріндегі елеулі оқиғаларға, бір сөзбен айтқанда, Назарбаевтың жеке басына,қапысыз қызметі мен ерен еңбегіне арналған өлеңдер, тұтас ширек ғасыр бойы тоқтаусызағындаған мадақ жырлар, топтаса келгенде, үлкен бір том болып қалар. Тіпті біртом емес, ширек том, жетпіс-сексен өлең болсын. Жамбылдың Сталинге, Ленинге,айнымас балшабектерге бағыштаған толғауларының өзі, жинақтап қарағанда,бес-алтаудан аспайды. Және, бұдан бұрын бір айтқанымыздай, әдебиет тарихындағыдәстүрлі мадақ жанрының үздік үлгілері ешқашан ескірмес, тіпті уақыт озғансайын түрлене түсер құнды мұра. Ал Тұмағаңның нұрсұлтаннамасы бұл дәрежеге жетпеседі, сыпайылап айтқанда, бірсарынды, таптаурын, арзан қолпаш қана. Тек өзкезінде ақынның пенделік тірлігіне септесті демесек.

Ақыр түбі өлшеусіз зиянғашығыпты. Кейінгі буын жас қазақ Тұманбай Молдағалиевтің ұлттық поэзия деңгейінкөтерген сыршыл ақын болғанын біле ме екен? Осыншама кенеусіз және тынымсызжалбақ жырлары әйгілі Тұманбай ақынның қадірін кетірді демейін, шығармашылықтұлғасына көлеңке түсірді. Ал өкіметімнің қолдауына келсек, ақын дүниеден өткенсоң, бұл тарапта мүлде дерлік ұмытылды. Халық сайламаған қандай да билік туғанжұртына жат, жақтастарының өзіне опасыз болмақ. Өтті, кетті. «Сақалсипағанша...» дегендей. Жалпылдап жүрді, қошеметтен айнымады, соған орайкөтерді де, көзі тайып, уақыты өткен соң мүлде керексіз қылды. Үлкені бар,кішісі бар – ешқайсысы жоқтаған жоқ, марқұмға рәсімді құрмет жасалмады.

Өстіп жым-жырт төрт-бесжыл өткенде Тұмағаңның есім-сойы қайта жаңғырды. Жоқтаушысы бар екен. Өкіметболмаса, туған халқы, сыйлас, ізін басқан әріптес қауым. Ешкімге күні қараптұрмаған, жан-жақты қаламгер Есенғали Раушанов арнайы мақала жазып еді. «Тұмағаңнеге мұншама шетқақпай қалды?» деп. Бір замандағы атақты ақынның әдеби шерудегіүлкен орнын, сыршыл өлеңдерінің ешқашан ескірмесін айтып… Бұл кездеТұмағаңмен қатарлас, ілгерінді-кейінді өткен танымал әдеби қайраткердің көбіқазақ халқының рухани өмірінен ойып орын алған. Батыс өлкеде Қадыр Мырзалиевпен Фариза Оңғарсыноваға, Жұмекен Нәжімеденовқа мектеп, көшелер аты беріліп, облыстыққалаларда еңселі ескерткіштер тұрғызылды. Ақыры, 80 жылдығында ТұманбайМолдағалиевқа да ұлтарақ бұйырыпты. Туған ауылында басы мен иығы кейіптелген,жарым кеуделі бюст орнатылды. Және әлде көше, әлде мектеп. Бары сол. Оның өзіқаншама кешеуілдеді.

Әлбетте, ТұманбайМолдағалиевтің тіршілігінде өзі орнатып кеткен, ешқашан аласармас, айдындыескерткіші бар: сырлы, мұңды, сазды, бір заманда оқыған, естіген жұрттыңбәрінің көңілін толқытқан, алдағы қаншама дәуір бойы кейінгі ұрпақтың да көңілсазына үн қосатын әсем ырғақ, таза ұйқасты өлең-жырлары. Уақыт оза келе,пенделік кәкір-шүкір ескіріп, ұмытылып, шынайы сезімге толы таңдама толғамдарыалға шығуға тиіс.

КүмісБұлақ, Мэриленд, АҚШ

Көшіріпбасуға болмайды.

Тегтер: