Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:20, 10 Қараша 2023

Тұман түсіп, жел күшейеді: 10 қарашаға ауа райы болжамы

тұман
Фото: из открытых источников

Синоптиктер 10 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады

«Бүгін еліміздің басым бөлігінде атлантикалық циклонның және соған байланысты атмосфералық фронттардың ықпалымен тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болуы мүмкін», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында. 

Өңірлерде тұман түсіп, жел күшейеді.

Астанада көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде жаңбыр жауып, қар жауады, тұман түседі, жел 9-14, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз +1...+3°C болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады, жел 3-8 м/с күшейеді. Ауа температурасы түнде +2...+4°C, күндіз +7...+9°C болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +1...+3°C, күндіз +12...+14°C болады