Тұмшалансаң айып төлейсің!

17.05.2018, 19:18

179

16 мамырда парламент мәжілісі «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заң жобасын бірауыздан мақұлдады. Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Қалетаев таныстырған заң жобасына «деструктивті діни ағым», «діни радикализм» деген жаңа ұғымдар енгізілген.«Бұл ұғымдарды енгізу, сонымен бірге деструктивті діни ағымдардың таралуы және олардың атрибуттары мен сыртқы белгілеріне тыйым салу ­– қоғамға бөтен идеологияның енуіне тойтарыс беруге мүмкіндік береді», – деді министр.Жоба бойынша мемлекеттік қызметкерлерге де бірқатар тыйымдар салынған. Мемлекеттік қызметкер ешқандай діни бірлестіктің мүшесі болмауы тиіс. Діни бірлестік құруына, қызметін қандай да бір діни бірлестіктің мүддесіне пайдалануына, қарамағындағыларды еркінен тыс діни ағымдарға, діни қызметтерге мәжбүрлемеу заң жобасында қарастырылған.Діни бірлестіктердің жұмысын бақылауға алу, жазалау орындарындағы діни ахуалды реттеп отыру, яғни сотталушылардың жат ағымдарға түсіп кетпеуін қадағалау туралы мәселелер қамтылған. Сонымен қатар шетелде діни білім алушыларға қатысты да арнайы баптар бар.Жобаның тағы бір баса мән бергені ­– «ниқаб» киюге байланысты. Көзінен өзге мүшесін түгел тұмшалап алатындарды ендігіде көшеде көрмейтін боласыз. Себебі ендігі жерде қоғамдық орындарда пәренже жамылып жүргендерге заң бойынша айыппұл салынады. Діни неке қию  заң жүзінде бекітілген құлшылық ететін орындарда ғана жүргізіледі.Сонымен қатар діни мекемелер мен бірлестіктердің ашықтық мәселелері де осы жоба аясында сөз болды. Бұдан былай әр мекеме қаржылық жағдайы бойынша есеп беріп, оны ақпарат құралдары арқылы жыл сайын жариялап отыруға міндеттеледі. Заң жобасын ұсынушының айтуы бойынша, бұл – біздің елде ғана емес, халықаралық тәжірибеде кеңінен қолданылатын заңнамалық талап.
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 12:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 13:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 10:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 20:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 11:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 10:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39