Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 09:41

Түнде Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінісі болды

жер сілкінісі
Фото: из открытых источников

Жер сілкінісінің эпицентрі Ауғанстан аумағында, Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай шамамен 1079 шақырым жерде болған. Дүмпу Астана уақытымен сағат 01:29-да тіркелді.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, жер сілкінісі Шымкент пен Түркістан облысында 2 балл шамасында сезілген.

Қазақстан аумағында қирау мен зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ.

Ал Ауғанстанда жергілікті билік дерегіне сәйкес, кемінде 7 адам қаза тауып, 150-ге жуық адам жараланған.