Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:00, 06 Ақпан 2023

Түнгі үште мектепке барған оқушының ата-анасы жазаланды

None
None

Түнде астаналықтар мектеп маңында тұрған қызды байқап, полицияға хабарласқан. Полицияның мәліметінше, оқушы оянғанда, үйдегі сағатта уақыт таңғы 07:00-ді көрсеткен.

Осылайша, ол дайындалып, мектепке кеткен.

«3 ақпанда сағат 3:26-да „102“ арнасына Конституция көшесіндегі мектеп маңында кішкентай қыз тұрғаны туралы ақпарат түсті. Тексеру барысында полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған оқушының түнгі сағат 03.00-де оянып, киініп, мектепке барғанын анықтады. Өйткені үй сағатындағы уақыт таңғы 07:00-ді көрсеткен», – деді елордалық ПД өкілі.

Сондай-ақ, ведомство өкілі ата-анасы бұл туралы полицейлерден білгенін айтты. Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Тегтер: