Тура биде туған жоқ
Жақында ютубқа сұхбаты шыққан танымал бизнесмен Марғұлан Сейсенбай жақсы ой айтты.
Ол сот жүйесін реформалау мәселесін қозғады. Сот реформасы экономикалық та, саяси да реформаға қатысты және барлық мемлекеттің арқа сүйері ол – сот жүйесі екенін, сондықтан базалық тұрғыдан содан бастау керектігін айтады. Шыны керек, Қазақстанда соңғы бірнеше жылдан бері қарақылды қақ жаратын әділ соттың болмай тұрғанына, азамзатқа тең қарап, дұрыс төрелік айтуы тиіс деген символикамен көзі байланған қазақстандық Фемиданың кейде жазықсызды соттап, жемқорлықты ақтап алуға жол беретіні көп адамды қынжылтады.
Мәселен, былтыр ақпан айында Жоғарғы сот судьясы Мейрам Жанғұттинов $8 мың пара алды деген күдікпен ұсталғаны жаға ұстатқан. Кейін бұл ақпарат расталды. Астана қаласы Байқоңыр ауданының №2 соты Мейрам Жанғұттиновке қатысты алаяқтыққа қастандық жасау фактісі бойынша (ҚК 24-бабы 3-бөлігі, 190-бабы 3-бөлігі 1-2 тармағы) және Л. Тұрғынбаеваға пара бергені үшін (ҚК 367-бабы 3-бөлігі 2 тармағы) айыптау үкімін жариялаған.
Ол аздай, 2021 жылдың сәуірінде ірі көлемде пара алды деп күдікке ілінген Алматы қаласы Медеу аудандық сотының судьясы Светлана Жоламанова туралы да ақпарат тарады. Қалалық соттың баспасөз қызметі судьяның кабинетінен 10 мың доллар көлемінде ақша табылғанын растаған еді. Бірақ Жоламанованың өзі: «Бұған дейін әлеуметтік желіде хабарланған параны мен алған жоқпын. Менің үстімнен ешқандай да пара алу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған жоқ. Кабинетімде табылған ақша өзімнің ақшам және қылмыстық іске еш қатысы жоқ. Сол күні ағам екеуіміз ол ақшаны «Отбасы» банкіне бастапқы жарна ретінде құйып, несиеге үй алып, қарт анамызды көшіріп әкелуді жоспарлап жүрген едік. Мені тінту кезінде де, кейін де ұстаған жоқ. Ешқандай сотқа дейінгі тергеу басталмады. Мен тек куәгермін. Менің пара алғаным туралы ақпараттың барлығы жалған және жала жабу болып табылады. Оның барлығы маған қысым жасау мақсатында жасалып жатыр», — деп ақталып, ҰҚК-нің қызметкерлері алдап, тінту жүргізгенін мәлімдеген болатын. Кейін сот төрешісіне айып тағылған жоқ, алайда судья болу өкілеттігінен айырды. Бұл мәселе осымен қоя қойған жоқ. Жақында Жоламанованың кешкісін көлік ішінде біреумен қомақты сомма жайында тілдесіп отырғаны туралы видео тарады. Сонда кімге сенеміз? Кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс? Қарапайым адамдардың мәселесіне қатысты заңдарымыздың негізінде, тура билігін айтуы тиіс сот өкілдерінің айналасында осындай шырмалған жағдайлар орын алып жатқанда, басқасына не дейміз?
Биыл жыл басында Жоғарғы соттың сайтына салынған мәліметке қарасақ, 2019 жылдан бастап, нақты істер бойынша өрескел заң бұзушылықтарға жол берген және кәсіби деңгейі төмен 174 судья қызметінен босатылған немесе лауазымынан төмендетілген. «Бұл жұмыс істеп жүрген судьялардың 7 пайызына жуығын құрайды және осыған дейінгі 10 жылды қоса алғандағы көрсеткіштен, шамамен – 3 есе көп. 4 жыл ішінде – 36 судья қылмыстық қудалау объектісіне айналды. 20 судья, соның ішінде – Жоғарғы соттың 1 судьясы сотталды» деп жазады.
Солай болсын-ақ делік. Ал қызметінен шеттетілген, қудалауға алынған судьялардың жұмысын тоқтатқанға дейін шығарып келген сот шешімдерінің жағдайы не болмақ? Оның қаншасы әділ шешілді деген сұрағымызға мардымды жауап ала аламыз ба? Мәселен, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі кейбір статистиканы көзбояушылық деп кесіп айтты. Сондай көзбояушылықтың салдарынан емес пе, кейбір азаматтардың барлық құзырлы органды жағалап, бүкіл инстанцияны өтіп, әділдік таппай, барар жері, басар тауы қалмағаннан кейін соңғы үміті ретінде біздің редакцияға хабарласып жататыны?
Заңгерлердің де, бұқараның да еліміздегі соттың халықаралық тәжірибелер көрсеткендей, әкімшілік құрылымдардан да, басқасынан да, тәуелсіз болуы қажет дейтіні де содан ғой...
Жоғарғы сот «Судьялар корпусын тазартудың жаңа механизмі іске қосылды. Кеңесте Жоғарғы сот төрағасы 2022 жылды «Соттардың тиімділігін арттыру жылы» деп жариялады. Сотқа келіп түсетін істер мен материалдардың саны жыл сайын азаюда. Дейтұрғанмен, сот актілеріне наразы адамдар саны азаймай отыр. Жұмысты дұрыс ұйымдастыру, соттарда заң мен әділдікке ғана бағыну атмосферасын қалыптастыру төрағаларға жүктелетін негізгі міндет», деп отыр.
Әй, бұлардың реформасына да сенім бар ма өзі?
Ол сот жүйесін реформалау мәселесін қозғады. Сот реформасы экономикалық та, саяси да реформаға қатысты және барлық мемлекеттің арқа сүйері ол – сот жүйесі екенін, сондықтан базалық тұрғыдан содан бастау керектігін айтады. Шыны керек, Қазақстанда соңғы бірнеше жылдан бері қарақылды қақ жаратын әділ соттың болмай тұрғанына, азамзатқа тең қарап, дұрыс төрелік айтуы тиіс деген символикамен көзі байланған қазақстандық Фемиданың кейде жазықсызды соттап, жемқорлықты ақтап алуға жол беретіні көп адамды қынжылтады.Мәселен, былтыр ақпан айында Жоғарғы сот судьясы Мейрам Жанғұттинов $8 мың пара алды деген күдікпен ұсталғаны жаға ұстатқан. Кейін бұл ақпарат расталды. Астана қаласы Байқоңыр ауданының №2 соты Мейрам Жанғұттиновке қатысты алаяқтыққа қастандық жасау фактісі бойынша (ҚК 24-бабы 3-бөлігі, 190-бабы 3-бөлігі 1-2 тармағы) және Л. Тұрғынбаеваға пара бергені үшін (ҚК 367-бабы 3-бөлігі 2 тармағы) айыптау үкімін жариялаған.