Тұрақты даму және қоғамның әлеуметтік әл-ауқатын қамтамасыз етудегі цифрландыру
Қазақстан өзін ең жоғары құндылықтары адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылатын әлеуметтік мемлекет ретінде таныстырады.
Тәуелсіздік жылдарында қоғамның әлеуметтік әл-ауқатының өзіндік моделін қалыптастыру жолында орасан зор еңбек жасалды.
Қазақстан қауіпсіз, тең құқықьы және прогрессивті ортақ болашақ үшін Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізу үшін бірқатар шаралар мен бастамаларды қабылдады. Елімізде қоғамның әл-ауқатын, халықты жұмыспен қамтудың өсуін, білім берудің бәсекеге қабілеттілігін және денсаулық сақтаудың тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында жаңа технологиялар сенімді түрде енгізілуде.
Цифрландыру деңгейі бойынша Қазақстан электрондық үкіметті дамыту бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының рейтингінде 28-ші орында. Осы жетістіктерге қарамастан, даму мен жетілдіру әлеуеті айтарлықтай жоғары және одан әрі әлеуметтік жаңғырту экономикалық және әлеуметтік аспектілерді заманауи әлемнің талаптары мен стандарттарына бейімдеуді қамтамасыз етеді.
Соңғы онжылдықта Қазақстан халқының өсімі 18,5 пайызды құрап, 2022 жылы 19,7 миллион адамға жетті.
Яғни, биыл жиырма миллионға жуық қазақстандық цифрлық отбасы картасына енді. Еңбек министрлігінің мәліметінше, бүгінде 6 миллионға жуық отбасының «портреті» қалыптасқан. Карта қазақстандықтардың сол немесе басқа жәрдемақы түрлерін алуға құқықтары туралы хабардар ететін «электрондық хабарламашы» болып табылады.
Цифрлық отбасылық карта туралы елімізде алғаш рет өткен жылдың қыркүйек айында айтыла бастаған болатын. Содан кейін барлық әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақыларды проактивті, яғни өтініш бермей-ақ алуға мүмкіндік беретін бұл жүйе пилоттық режимде іске қосылды. Бүгінде оның арқасында 10 түрлі жәрдемақы автоматты түрде тағайындалады.
«Бүгінгі таңда 58 224 азаматқа мемлекеттік қызмет көрсетуге келісім алу үшін тиісті SMS жіберілді, оның ішінде 13 055 азаматқа тағайындалды. Жалпы, жоба кезең-кезеңімен жүзеге асырылады», — дейді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басқарма басшысы Айдар Қасенов.
Еңбек министрлігі цифрлық отбасы картасын кеңейтуді жоспарлап отыр. Биылғы жылы басқарма барлық әлеуметтік қызметтерді енгізуді жоспарласа, келесі жылы карта білім және денсаулық сақтау саласындағы процедуралармен толықтырылады. Ал 2025 жылы цифрлық карта мемлекеттік қолдаудың барлық түрін қамтиды деп күтілуде. Социолог-маман Әнуар Керімбаев:
— Әлеуметтік көмек алған кезде қайда бару керек, кімге хабарласу керек, қандай құжаттар тізімін жинау керек деген сұрақтар жиі туындайды. Яғни, әлеуметтік карта адамдар мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдау мен кепілдікті бір жерден ала алатындай етіп жасалған. Бұл бірінші сәт. Екінші мәселе, әрине, проактивтілікте. Яғни ертеңгі мәселені қазірден шешуге мүмкіндік беретіндігінде», — дейді.
Әлеуметтанушының айтуынша, Цифрлық картаны енгізу мүмкіндігі шектеулі жандар мен шалғай елді мекендерде тұратындар үшін өте қолайлы. Олар әлеуметтік жәрдемақы алу үшін бір топ құжат жинап, медициналық тексеруден өтудің қажеті жоқ.
Цифрлық отбасы картасының маңызды міндеттерінің бірі әлеуметтік қызметтердің интеграцияланған моделін енгізу арқылы гендерлік теңдікті қамтамасыз ету екенін атап өткен жөн. Сарапшылардың пікірінше, Қазақстанда Цифрлық отбасы картасын енгізу және пайдалану мемлекеттің халыққа сапалы қолдау көрсету тиімділігін арттырып қана қоймайды, сонымен қатар халықтың әлеуметтік қорғау мен әлеуметтік қызметтерге тең қолжетімділігіне қол жеткізудің «көпірі» болады.
Айта кету керек, Қазақстанда БҰҰДБ цифрлық технологиялар арқылы әлеуметтік қызметтерді көрсетуді трансформациялауға ықпал етуде. Сандық отбасы картасы БҰҰ-ның үш агенттігі ұлттық серіктестерімен жүзеге асырып жатқан БҰҰ-ның Коронавирусқа қарсы әрекет ету және қалпына келтіру мульти-донорлық трасттық қорының қаржыландыру бөлігі ретінде әзірленген болатын.