Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:00, 19 Қаңтар 2022

Тұрғындардың қарулары уақытша сақтауға қойылды

None
None

Түркістан облысында тұрғындардың қарулары уақытша сақтауға қойылды. Бұл туралы Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығының талаптарын орындау мақсатында Сауран ауданына қарасты әкімшілік аумақтарда Сауран ауданы Полиция бөлімінің қызметкерлері жеке тұлғалардан қару және оқ дәрілерді уақытша алып қою бойынша рейдтік іс-шараларды өткізуде.

Сауран аудандық Полиция бөлімінде жалпы 405 азаматтық қару тіркеуге алынған. Оның ішінде тегіс ұңғылы — 385, 5 газды тапанша және 15 тегіс ұңғылы аңшы қаруы тіркелген. Қазіргі таңда яғни, ағымдағы жылдың есебі бойынша Сауран ауданы мен оған қарасты елді мекендерден жеке тұлғалардан жалпы — 360 аңшы қаруы, оның ішінде 5 ойық ұңғылы аңшы қаруы алынды. Аталған қарулар Сауран аудандық Полиция бөліміне жеткізіліп, тиісті іс құжаттар жинақталды. Содан соң Түркістан облысы Полиция департаментінің қару сақтау қоймасына уақытша сақтауға қойылды.

Тегтер: