Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:22, 09 Қыркүйек 2024

Туризм және спорт министрлігі жанынан жаңа комитет құрылды

,
Фото: qmonitor.kz

Туризм және спорт министрлігі жанынан – Ойын бизнесі мен лотереяны реттеу комитеті құрылды. 

Үкімет «Туризм және спорт министрлігінің кейбір мәселелері жөніндегі» үкімет қаулысына қол қойды.

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті одан Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитетін бөліп шығару жолымен қайта ұйымдастырылсын, делінген қаулыда.

Енді министрлік құрамында Туризм индустриясы комитеті, Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, Ойын бизнесі мен лотереяны реттеу комитеті жұмыс істемек. 

Айта кетейік, 2 қыркүйек күні Туризм және спорт министрі лауазымына Ербол Қуантайұлы Мырзабосынов тағайындалған болатын.