Түркі елдері арасында тау курорты одағы құрылады
Бұл альянсқа жетекші тау курорттарының өкілдері кірді: «Шахдаг» туристтік орталығы (Әзірбайжан), «Улудаг» курорты (Түркия), «Амирсой» курорты (Өзбекстан) және «Шымбұлақ» тау курорты (Қазақстан).
Одақтың идеясы мен миссиясы
Одақты құру идеясы бір жыл бұрын аймақтағы тау-шаңғы туризмін дамытудың мықты платформасын қалыптастыру үшін түркі елдерінің тау курорттарының күшін біріктіруге талпынатын «Шымбұлақ» (Қазақстан) және «Шахдаг» (Әзірбайжан) тау курорттары өкілдеріне келді. Одақтың басты мақсаты – тау туризмін дамыту, серіктестікті нығайту, тәжірибе алмасу және туристтерге жаңа мүмкіндіктер жасау үшін күш біріктіру.
Одаққа кірген тау куроттарына жыл сайын жалпы есебі 5 миллион қонақ келеді, ол туризмді және серіктестік қарым-қатынасты дамытудың әлеуетін көрсетеді.
Одақ қызметінің негізгі бағыттары
Алғашқы кездесуде қатысушы елдердің өкілдері өздерінің тау курорттарының әлеуеті мен туристтік мүмкіндіктерін таныстырды. Шара барысында Одақ қызметінің келесі негізгі бағыттары талқыланды:
- Курорттар арасында ыңғайлы туристік бағыттар жасау;
- Шаралар, көрмелер және конференциялардың бірегей күнтізбесін жасау;
- Қысқы спорт түрлерін дәріптеу үшін бірігіп халықаралық спорттық шаралар ұйымдастыру;
- Этно-аумақтар мен тақырыптық шаралар арқылы мәдени алмасуды ұйымдастыру;
- Түркі елдерінің басқа тау курорттарын Одаққа қатысуға шақыру.
Стратегиялық даму және Түркі мемлекеттері ұйымының қолдауы
Одақтың айрықша беделі мен беріктігі Түркі мемлекеттері ұйымының тығыз қолдауы, әсері және арадағы серіктестік арқылы жүзеге асады. Бұл ұйым қатысушы елдер арасындағы халықаралық қатынастардың үйлесімділігіне қажетті саяси алаңды қамтамасыз етеді, ол тау курорттары арасындағы тұрақты және тиімді қарым-қатынастың дамуына жағдай жасайды. Түркі мемлекеттері ұйымының қолдауы Одаққа қосымша серпін беріп, «Түркі әлемінің келешегі – 2040» және «2022-2026 жылдарға арналған түркі елдерінің даму стратегиясына» сай ұзақ мерзімді стратегияларының жүзеге асуын қамтамасыз етеді.
«Шымбұлақ» ТК бас директоры Ринат Абдрахманов бұл қадамның тау-шағы туризмін дамытудағы маңыздылығын атап өтті:
«Меморандумға қол қою – куроттарымыз үшін тарихи сәт қана емес, сондай-ақ тау-шаңғы туризмін дамытуда түркі елдерінің күш біріктіруінің белгісі. Ол – мәдениеттердің, перспективалардың және мүмкіндіктердің бірігуі. Біз индустрия дамуының халықтарымыз арасындағы достық қарым-қатынасты бекіте түсетін жаңа парағын ашып жатырмыз».
Даму перспектикалары
Одан өз қызметіне қатысуға түркі елдерінің ортақ мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыруға талпынушы басқа да курорттарын белсенді түрде шақыруды жоспарлап отыр. Альянс аясындағы серіктестік курорттардың әлемдін нарықтағы орнын бекітіп қана қоймай, сондай-ақ қонақтарға ұсынылатын қызмет көрсету деңгейін және туристтік өнімдердің алуан түрлілігін арттырады деп болжанып отыр.