Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:35, 14 Шілде 2023

Түркістан облысында 5 жасар қызды өлтірген күдікті ұсталды

None
None

2023 жылдың 3 шілдесінде Түркістан облысы, Сайрағаш ауданы, Жібек жолы (Черняевка) ауылында 2018 жылы туған қызды өлтірген жергілікті тұрғын ұсталды.

Күдікті  бұрын адам өлтіргені үшін сотталған және ҚР ҚК-нің 106-бабы бойынша нашақорларға қатысты пробациялық бақылауда болған.

«On Silent» қорының негізін қалаушы Дина Таңсари әлеуметтік желідегі парақшасында Түркістан облысының Сарыағаш ауданында бұрын сотталған ер адам 5 жасар қызды зорлап, өлтіргенін хабарлаған болатын.

Облыстық полицейлер 13 шілдеде Сарыағаш аудандық бөліміне бала жоғалған әйел арызбен жүгінгенін растады. Жедел іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері ауыл тұрғындарының бірінің үйінен дене жарақаттарымен қыздың мәйітін тапты.

«Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы „Адам өлтіру“ бойынша тіркелді. Қазіргі таңда сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Барлық мән-жай анықталып жатыр, оқиға орнына полиция басқармасының басшылығы, аудан прокурорының орынбасары және жедел-тергеу тобы аттанды», — деп хабарлады полиция өкілдері.

Тергеу барысы Түркістан облысының полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.

Тегтер: