Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:40, 28 Желтоқсан 2021

Түркістан облысында аудан әкімі сотталды

None
None

Шымкент қаласының Қаратау аудандық соты Түркістан облысы Бәйдібек ауданы әкімінің бұрынғы орынбасарына қатысты үкім шығарды, — деп хабарлайды  Антикор.

«2021 жылғы 27 желтоқсанда Шымкент қаласы Қаратау аудандық сотының үкімі бойынша, Түркістан облысы Бәйдібек ауданы әкімінің бұрынғы орынбасары Айкен Темір ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 2-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Ол 14 000 000 теңге мөлшерінде айыппұл төлеуге міндеттелген», — делінген хабарламада.

Айта кетейік, сотталушы Айкен Темір Түркістан облысы Бәйдібек би ауданында фронт-офис құрылысы шарты бойынша 22 184 000 теңге сомасына ақша қаражатын аударғаны үшін ЖШС директорынан алаяқтық жолмен 1 000 000 теңге сомасында ақша қаражатын алды деп күдікке ілінген болатын.

Тегтер: