09:30, 22 Тамыз 2023
Түркістан облысында Сырдарияға 11 адам батып кетті
Түркістан облысында Сырдария өзеніндегі көпір маңында 11 адам суға батып кетті.
ТЖД күштері судан алты мәйітті шығарды, тағы бес адамды іздеу жалғасып жатыр.
Қазір қаза болғандардың жеке басы мен жасы анықталып жатыр.
Қайғылы оқиғаның егжей-тегжейі әлі жарияланған жоқ.
Облыстық ТЖД жедел штаб құрды, сенім телефоны 8-7253-357881 жұмыс істеп тұр.
Кейінірек судан тағы екі адамның мәйіті табылғаны хабарланды.