Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:31, 28 Қаңтар 2022

Түркістан облысындағы экономиканы жаңғыртудың бүгіні мен келешегі

None
None

Түркістан облысының өңірлік экономиканы жаңғырту үрдісі – ұдайы өндіру және біртіндеп сапалы құрылымдық экономиканың, өндіргіш күштердің оң өзгерістері мен даму факторлары болып табылады.

Атап айтқанда, білім, ғылым, мәдениет, халықтың өмір сүру сапасы, адами капитал.

Өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму мақсаттары ретінде мыналар қолданылады, жергілікті тұрғындардың жан басы табысын арттыру, жаңа уақыттың құзыреттілігі жаңа қажетті дағдыларды үздіксіз үйренуге және меңгеруге дайын сапалы білім беруді жақсарту, бәсекеге қабілетті кәсіби маман даярлау, кедейшілік деңгейін төмендету,  және т.б.

Осы мақсаттағы бүгінгі Түркістан облысының бағыты айқын. Атап айтсақ, біріншіден — ұзақ мерзімді мақсаттардың бірі ретінде — өңірде индустрияландырудан инновациялық технологиялар жүйесіне толық өтудің ғылымға негізделген экономикалық тетіктері қалыптасуда, нарықтық қатынастарға  икемделген әлеуметтік-экономикалық дамуы мен қоғам үшін жоғары білікті жұмыс орындарын құру деңгейін қоса алғанда өңір тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру, жергілікті тұрғындарға қызмет көрсететін денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет ошақтары Қазақстан Республикасының агромелерация орталықтарындағы тың серпінді өзгерістерді Түркістан облысының барлық ауыл аймақтарында сезінуге бағытталған. Алғашқы экономикалық қарлығаштары санатына Түркістан қаласындағы «Керуен-сарай» көп функционалды туристік кешен, Ясауи кесенесінің аумағындағы мәдени-рухани орталықтар қатары, «Яссауи» музейі, «Ұлы Дала елі» орталығымен «Farab» кітапханасы туристердің жайлылығы үшін «Rixos Turkestan», «Hampton by Hilton», «Innovation Central Asia» секілді заманауи қонақүйлер және Халықаралық туризм және меймандостық университеті. Екіншіден — қысқа мерзімді мақсаттар ретінде дағдарысты еңсеру, жалпы ұлттық өсімнің нақты шамаларына қол жеткізу. Үшіншіден — аймақты дамытудың тұжырымдамасы мен табысты болудың қажетті шарттарының рөлін атқаратын аралық міндеттерді дамыту. Аймақты немесе аудан қалаларды дамыту жоспарлары, кәсіпкерліктің жаңа түрлерін тарту, қолданыстағы шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау, Түркістан қаласын және аудан  орталығын дамыту, қызмет көрсету саласындағы цифрландыру жүйесін және халықты жұмыспен қамту деңгейін арттыру, т.с.с атауға болады.

Түркістан облысының экономикалық әлеуеті

    Түркістан облысы Қазақстан Республикасының оңтүстігінде Сырдария, Арыс өзендерінің бассейндерінде орналасқан, жер аумағы Қазақстандағы барлық жер көлемінің 117,3 мың км² немесе 4,3 %. Халық саны 2 016 037 адам (оның ішінде қала халқы – 5,67 миллион адам). Түркістан облысы ауыл шаруашылығының бай аймақтарының біріне жатады. Республикадағы суармалы жерлердің 3/1 бөлігі облысқа тиесілі (548,2 мың гектар) және 70 мың агроқұрылымдарда 180 мыңға жуық адам еңбек етуде. 2021 жылдың қаңтар-қараша айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындысы бойыншыа 607,1 млрд теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді, нақты көлем индексі 2020 жылдың сәйкес кезеңіне 102,5% құрады. Облыстағы өндірілген өнеркәсіп өнім көлемінің 46,8% үлесін құрайтын тау-кен өндіру саласында өндірілген өнім көлемі 284,2 млрд теңге болса, өңдеу өнеркәсібі (үлесі 44,4%) өнім көлемі 269,7 млрд теңгені құрады.

Түркістан облысындағы өңірлік экономиканы жаңғыртудың негізгі критерийлері;

Біріншіден аймақтың экономикалық даму деңгейін анықтау, ерекше маңызы бар өндіріс деңгейін бағалайтын дәстүрлі көрсеткіштерге ие және тұтыну және жан басына шаққандағы осы деңгейдің өсуі (жалпы ұлттық табыс ( ЖҰӨ), жалпы ішкі өнім (ЖІӨ), нақты ЖҰӨ халықтың жан басына шаққанда, осы көрсеткіштердің өсу қарқыны).

Екіншіден даму динамикасын бағалау, облыстағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін негізге ала отырып, аймақтағы экономикалық өсу қарқынын бағалау, жан басына шаққандағы өсу қарқыны немесе кіріс, еңбек өнімділігі, сондай-ақ, құрылымдық өндіріс пен қоғамның трансформациясы. Қарқынға әсер ету экономикалық өсу үшін өмірлік маңызды мәселе жалпы елдің де, жеке аймақтың да саясаты ретінде қарастыруында.

Үшіншіден таза экономикалық көрсеткіштер, ЖІӨ, жан басына шаққандағы кіріс, еңбек өнімділігі мен олардың өсу қарқынын толық бағалау немесе өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, халықтың өмір сүру ұзақтығы.

Түркістан облысындағы индустрияландырудан инновациялық технологиялар жүйесіне толық өтудің ғылымға негізделген экономикалық тетіктері

Өңірде 9 индустриалдық аймақ пен  «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағы құрылған,  негізінен мынадай қағидалы ұстанымдарға негізделген. Атап айтқанда;

  • өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының теңгерімділігін, тепе-теңдігін және кешенділігін қамтамасыз ету;
  • облыс аумақтарының ғылыми-өнеркәсіптік әлеуетін, жер, табиғи және еңбек ресурстарын ұтымды пайдалану;
  • аудан аумақтарын функционалдық пайдаланудың олардың ресурстық әлеуеті бойынша сәйкестігі;
  • экономикалық аймақтарға бөлуді және салыстырмалы құнын ескере отырып, индустриялық аймақтардың инфрақұрылымын құру мен жаңғыртудың басымдығы және кезеңділігі;
  • мемлекеттік қолдау кезінде инфрақұрылымдық элементтерді қалыптастыру арқылы мемлекет пен бизнес мүдделерінің теңгерімін сақтау;
  • әлеуетті инвесторлар мен индустриялық аймақтарға қатысушыларға сапалы, бәсекелі ресурстар (инновациялық, инфрақұрылымдық, кадрлық, инвестициялық) беру есебінен инвестициялық тартымдылықты арттыру.

Нәтижесінде Түркістан облысында 2021 жылдың қаңтар-қараша айындағы көрсеткішке тоқталсақ, 607,1 млрд. теңге өнеркәсіп өнімі өндірілді, 2020 жылдың сәйкес кезеңіне 102,5%  артық.

Өңірдің нарықтық қатынастарға  икемделген әлеуметтік-экономикалық даму тенденциясы

2021 жыл көптеген әлемдік сарапшылардың болжамынан тыс немесе күтпеген әлемдік экономика белсенді түрде қалпына келтірілуде. Дамыған елдердегі бюджет саясатына қолдау көрсетуге бағытталған шаралардың жүзеге асырылуы жаһандық өсуге ынталандырылуда.

Өңірдің нарықтық қатынастарға  икемделген әлеуметтік-экономикалық даму мақсаттарына сәйкес өлшейтін өлшем-шарттар (даму сипаттамалары) мен индикаторлар жүйесі құрылады. Құндылықтар иерархиясында және даму мақсаттарында елдер мен аймақтар арасындағы кейбір айырмашылықтарға қарамастан, халықаралық ұйымдар елдер мен аймақтардың даму дәрежесін кейбір әмбебап интегралды көрсеткіштер бойынша бағалайды. Осындай көрсеткіштердің бірі БҰҰ Даму Бағдарламасы шеңберінде әзірленген Адами даму индексі болып табылады. Бұл көрсеткіш елдерді өсу реті 0-ден 1-ге дейін.

Бұл ретте есептеу үшін экономикалық дамудың үш көрсеткіші пайдаланылады:

— өмір сүру ұзақтығы;

— зияткерлік әлеует (ересек халықтың сауаттылығы және оқытудың орташа ұзақтығы);

— валютаның сатып алу қабілетін және табыстың шекті пайдалылығын азайтуды ескере отырып, жан басына шаққандағы кірісі.

Түркістан облысында халықтың табысы 2021 жылдың II тоқсанында облыс халқының бір айда орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы 73 239 теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезімен саластырғанда 13,3%-ға, нақты ақшалай табыс 5,4%-ға артты.

Жергілікті тұрғындардың өмір сүру деңгейін көтеру

Жергілікті тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселесі қоғамды дамытудың стратегиялық міндеті болып табылады. Бұл тұрақты әлеуметтік және экономикалық дамуды қамтамасыз ету, онда кейінгі ұрпақ бұрынғыға қарағанда ыңғайлы жағдайда өмір сүреді. Өмірдің қанағаттану дәрежесін анықтау үшін қанағаттанудың нақты деңгейі негізгімен салыстырылады: субъективті өзін-өзі бағалау және сыртқы объективті бағалау.

Азаматтардың лайықты өмір сүруін қамтамасыз ету мемлекетті жоғары кірістермен қамтамасыз етеді, елдің өмір сүруінің тұрақтылығын, оның жағымсыз факторлардың әсерінен қорғалуын тудырады. Мемлекеттік билік халықтың өмір сүру сапасын жақсартудың жалпы қабылданған әдістерін қолданады, олар мыналарды қамтиды:

  • Бизнесті қолдау және ұйымдастыру;
  • Еңбекті ынталандыру;
  • Өнім немесе қызмет көрсету сапасымен жұмыс;
  • Еңбек қауіпсіздігі жағдайларын жасау;
  • Жұмыс күшін дамыту, біліктілікті арттыру;
  • Қолдау өзін-өзі таныту, индивидтің қорғалуы.

Адам өмірінің сапасы макроэкономикалық өсуге әсер етеді. Қоғамдық қызметтерге, әлеуметтік-экономикалық институттарға инвестицияланатын қаржы резервінсіз өмір сүру сапасын өзгерту мүмкін емес. Қоғамдағы макро  және микроэкономикалық саясаттың бірлігін сақтау маңызды. Бұл екі бағыт ұзақ мерзімді перспективада оң нәтиже беру үшін бірлесіп жұмыс істеуі керек. Әйтпесе, бұрмаланулар пайда болады және өмір сапасын жақсарту мақсатына жету мүмкін болмайтындығына Түркістан облысы аса назар аударғандығын аңғаруға болады. Мысалға, 2021 жылғы 1 желтоқсанға Түркістан облысындағы құрылыс жұмыстарының көлемі 251,9 млрд. теңгені құрап және  93,7 млрд. теңге инвестиция бағытталып, жалпы алаңы 593,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілсе, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны 144,5 мың бірлікті құрап, 216,6 мың адамды жұмыспен қамтыған. ШОБ субъектілердің өнім шығарылымы 399,2 млрд. теңге болған.

Түркістан облысының экономикалық даму барысына әсер етудің барлық мүмкін әдістерін келесідей тұжырымдауға болады:

өңірде іскерлік белсенділікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасалған. Түркістан облысында «Атамекен» Өңірлік кәсіпкерлер кеңесі және облыс әкімі Өмірзақ Естайұлы Шөкеевтің қатысуымен елімізден алғаш рет бастауыш және кіші кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған «Кәсіпкерлік Қырандары» жобасы іске қосылған. Жобаны Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы мен әкімдік жүзеге асыруда. Жоба мақсаты Түркістан облысының ірі, орта кәсіпкерлерінің инвестицияларының және әкімдіктің инфроқұрылымдық, микроқаржылық көмегімен микробизнесті, стартаперлерді, «Бастау Бизнес» түлектерін нақты қолдау. Сондай ақ, «Жас Кәсіпкер» бағдарламасы, көп балалы аналарға арналған «Кәсіпкер Ана» бағдарламасы, Арыс қаласының кәсіпкерлеріне арналған «Қамқор» бағдарламасы аясында 1% жеңілдікпен несиелендіру жүзеге асырылды;

кәсіпкерлікті реттеуде әлемнің озық тәжірбиелері енгізлуде. Атап айтқанда, әлемнің озық экономикалық үлгісінде тұрақты диномизімнің түп негізі деп шағын бизнес кәсіпорындары аталады. Осы экономикалық тұрақтылық үлгісінің бір көрінісі ретінде 2021 жылғы 1 желтоқсанға Түркістан облысының жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны  144,5 мың бірлік тіркеліп, жұмыспен қамтылғандар саны 2021 жылғы 1 шілдеге 216,6 мың адамды құрағаны немесе өнім (тауарлар мен қызмет көрсетулер) шығарылымы 399,2 млрд теңгені құрағандығы;

облыс әкімшілігі мен бизнестің тікелей ынтымақтастығы реттелген. Осы мақсатты өзара ынтымақтастық шараларының біріне, 2019 жылы өңір кәсіпкерлері тарапынан бизнесті көлеңкеден шығару, шағын және орта бизнестің өнім көлемін ұлғайту үшін бақылау-кассалық машиналарын орнату мәселесі көтеріліп, нәтижесінде жергілікті атқарушы орган, мемлекеттік кірістер департаменті және кәсіпкерлер палатасының қатысуымен кәсіпкерлер арасында бақылау-кассалық машиналарын орнату қажеттігі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілетіндігі келісіліп, өз тарапынан «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «Қазпочта» АҚ облыстық филиалдары өздерінің тараптарынан жыл соңына дейiн тиiстi шараларды қабылдайтындарын жеткiзген. 

Өңір өмірінің кез келген саласындағы дағдарысты еңсеру экономикалық белсенділік деңгейімен тікелей байланысты. Әлеуметтік даму салыстырмалы тәуелсіздікке ие болса да, көбінесе ресурстық мүмкіндіктермен анықталады, бұл өз кезегінде экономикалық даму деңгейіне байланысты. Демек, экономикалық белсенділікті дамыту арқылы ғана жергілікті қоғамдастықтың өмірінде белгілі бір серпіліс жасауға және халықтың әл-ауқатының деңгейін арттыруға болады, бұл әрқашан белгілі бір әлеуметтік-экономикалық саясаттың сәттілігін анықтайды. Түркі әлемінің рухани астанасының бүгінгі келбеті рухани орталықпен іскерлік үлгісін үндестіріп отырған, қаймағы бұзылмаған қазақи орта.

Айкозов Сейдулла Ибадуллаұлы

 Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент.

Қазақстан журналистер одағының мүшесі.

Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасы «Ақпараттық талдау орталығы»КММ директоры

Тегтер: