Түркістан төрінде: келелі кездесу, маңызды шешімдер жасалды

Осы аптада Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысы өте қауырт әрі қызу жүрді. Республика бойынша ҚХА-сы атқарған шаруалардың дені елдің тұрақтылығы мен қоғамның тыныштығына арналғаны анық.
Сонымен, тамыздың 27-күні Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыка мектебінде дөңгелек үстел өтті. Оны ұйымдастырған мекеме – Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ. Дөңгелек үстел Конституция күніне арналды. Басқосуды Түркістан облыстық Қоғамдық даму басқармасының ҚХА хатшылығының «этносаралық қатынастарды дамыту» бөлімінің басшысы Ерлан Керімбеков жүргізді.
Басқосуға бірқатар мемлекеттік қызмет өкілдері қатысты. Олардың арасында Түркістан облысы «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Эльмира Жанғазиева және сол мекеменің бірнеше қызметкері бар. Сондай-ақ Түркістан облыстық этномәдени бірлестік төрағалары мен бірлестік мүшелері, ҚХА жанындағы құрылым жетекшілері мен мүшелері келді. «Ассамблея жастары» басқармасының Түркістан облыстық өкілдігі мүшелері мен баспасөз өкілдері келіп қатысты.
ҚХА хатшылығы өкілі Ерлан Мәдібекұлы Қазақстанның болашағы әрбір қазақстандықтың қолында екенін айта келіп, мемлекеттің болашағы мен бүгіні жарқын болу үшін ел мен жерді, Отанды шексіз сүюдің қажет екенін баса айтты. Сондай-ақ ҚХА-ның әрбір мүшесі Конституциямызды құрметтеп, қорғайтынын, маңыздылығы мен мәнін сақтауға міндетті екенін ашық айтты.
Дөңгелек үстелге келген қонақтар кезегі келгенде сөз алды. Олар – Түркістан облысы Ардагерлер ұйымының төрағасының орынбасары Есалы Нұржанов, Түркістан облысы ҚХА-ның «Аналар кеңесінің» мүшесі Гүлмира Наурызбаева және қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің мүшесі Санжар Апсен, қалалық «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің мүшесі Расим Каримов. Сондай-ақ «Ассамблея жастары» РҚБ Түркістан облыстық өкілдігінің мүшесі Дастон Абдалиевтер жүрекжарды сөздерін арнады. Қонақтар Қазақстанның болашағы мен бүгіні туралы өз ойларын айтып, Конституциямыздың рөліне тоқталып, ішкі-сыртқы саяси тұрақтылықты, ұлтаралық татулықты қамтамасыз етудегі маңыздылығына тоқталып, өздерінің мазмұнды, терең-толғамды ойларымен бөлісті.
Конституция күніне байланысты өткізілген дөңгелек үстелдің соңына қарай бірқатар азаматтар марапатталды. Марапатталғандарға ҚХА төрағасының орынбасары алғыс хаттар берді.
Жамбыл және Түркістан облыстарының ҚХА Аналар кеңестері Меморандумға қол қойды
2022 жылғы тамызда Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту мақсатында Жамбыл және Түркістан облыстарының ҚХА Аналар кеңестері арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Тағы да осы аптада Жамбыл облысы мен Түркістан облыстарының Қазақстан халқы Ассамблеясының «Аналар кеңестері» ортақ меморандумға қол қойды. Ынтымақтастық туралы құжат бұл. Екіжақты қол қою рәсімдері Түркістанда өткен «Мәдени ана — мәдени ұлт» республикалық жобасы кезінде жасалды.
Демек, қол қойылған меморандумға сәйкес, бұдан былай жасалатын бірлескен жұмыс мына негізгі бағыттар бойынша өрбиді: отбасы институтын танымал ету және қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту, ұлтаралық татулықты сақтау. Меморандумнан кейін қос тарап бұдан былай біріккен іс-шалар өткізуге уағдаласты. Сонымен бірге, қолда бар маңызды ақпаратпен алмасып бөлісуге, әрі бірлескен жобаларға қатысып, бірге өткізуге ниет білдіреді.
Түркістан облысының Шардара ауданында тағы да осы аптада ҚХА жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің кезекті көшпелі отырысы болып өтті. Жиынды ҚХА жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Созақбай Әбдіқұлов ашып беріп, өзі жүргізді.
Басқосуға Шардара ауданы әкімінің орынбасары Нұрмаханбет Сапаров келіп қатысты. Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Эльмира Жанғазиева болды жиында. Сонымен бірге, Түркістан облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы Шері Оспанов қатысты басқосуға. Түркістан облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Азизхан Исмайлов пен аудан, қалалардағы Қоғамдық келісім кеңестерінің төрағалары мен мүшелері, қызметкерлері келіп қатысты.
Жиында Эльмира Жанғазиева өте өзекті мәселелер көтерді. Мысалы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңестері үнемі маңызды мәселелерді талқылап отыратынын, әрі өте жедел шешімдер қабылдайтын қоғамның әмбебап диалог алаңына айналғанына тоқталып, басқосудың маңыздылығын атап айтты.
Эльмира Ұласбекқызы өзі сөзінде ҚХА жанындағы Қоғамдық келісім кеңестері қызметінің бір бағыты — қоғамдық келісімді, ұлттық бірлікті, ұлтаралық татулықты сақтау екенін айтты. Сондай-ақ, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру мен дамытуда азаматтық институттардың, қоғамдық ұйымдар мен саяси және басқа бірлестіктердің рөлі маңызды екенін жеткізді. «Кеңес мүшелері бұл бағытта өте нәтижелі, келелі жұмыстар атқарып отыр. Бұл ұлтаралық татулықты сақтауға жасалған нақты шаруа» — деді ол.
Түркістан облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы Шері Оспанов баяндама жасады. Ол өңірде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Энергетика саласындағы жұмыстардың қалай жасалып жатқанын, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласындағы жасалған жұмыстардың сапасы мен маңыздылығына баса мән беріп өтті.
Түркістан облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Азизхан Исмайлов өзіне берілген сөз кезегін пайдаланып, өз саласы бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды. Сонымен бірге, көшпелі отырыстың мән-маңызына атап өтті. Мұндай отырыстардың барлық өңірге қажет екенін де сөз етті.
Ал бұған дейін мұндай кеңес жиналыстары наурыз, маусым айларында Сарыағаш пен Түлкібас аудандарында жасалған болатын. Ол уақытта да кешпелі отырыстың дәстүріне сай өңірдегі ҚХА жұмысы мен атқарылып жатқан шаруаларға тоқталып, қос аудандағы әулеуметтік-экономикалық, ұлтаралық мәселелер қаузалған-ды.