Түркістанда мүфтияттың филиалы ашылады

03.07.2018, 21:02

143

Ер түріктің бесігі атанған Түркістанды ел «Екінші Мекке» деп бекер айтпайды ғой. Өйткені тарихи әрі туристік қала бір кездері Қазақ хандығының негізгі саяси, діни, сауда орталығы болды. Енді, міне, Түркістан қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының арнайы филиалы ашылатын болды.Осы аптаның басында Астанада өткен ҚМДБ-ның кезектен тыс төралқа мәжілісінде осындай шешім қабылданды.– Түркістан – мұқым түркі жұртының темірқазығы, түркі мұсылмандығының ордасы, алты Алаштың жүрегі.   Түркістан – бабалар қалдырған киелі аманат, асыл діңгегіміз, рухани кіндігіміз. Осынау қасиетті жерде халқымыздың руханияты үшін қызмет ететін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының арнайы өкілдігін ашуды жоспарлап отырмыз. Бұл орталық Түркістан өңірінің одан әрі рухани дамуына қызмет етіп, рухани астана мәртебесінің тереңдей түсуіне сүбелі үлесін қосатын болады, – деді Серікбай қажы Ораз.Ал дін істері комитеті төрағасының орынбасары Балғабек Мырзаев бұл бастама рухани саланың дамуына өзіндік ықпалын тигізеді деп санайды.– Түркістан ежелден түркі әлемінің рухани орталығы болып келген. Түркістан атауының қайта жаңғыруы  исі түркі халықтары қалаған идеяны жүзеге асыруының көрінісі деп айта аламыз. Осындай киелі жерде ҚМДБ филиалының ашылуы  еліміздегі рухани саланың дами түсуіне өзіндік оң ықпалын тигізеді деген сенімдемін, – деді ол.Төралқа мәжілісінің мүшелері бас мүфтидің Түркістанда мүфтияттың өкілдігін ашу туралы ұсынысын бірауыздан қолдап, оң пікірлерін білдірді.
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 12:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 13:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 10:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 20:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 11:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 10:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31