Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:23, 27 Қаңтар 2022

Түркістандағы қайғылы оқиға бойынша сот үкімі шықты

None
None

Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды.

Бұл туралы Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Өткен жылдың ақпан айында Түркістанда улы газбен уланудың салдарынан бір отбасыдағы азаматша мен оның кәмелетке толмаған төрт баласы қайтыс болды.

Аталған жайттың жұртшылық арасында резонанс тудырғанын ескере отырып Түркістан облысы Полиция департаментінің тергеушілері қылмыстық істі өз өндірісіне қабылдады.

Осы қылмыстық істі облыстық департаменттің тергеу басқармасының бастығы, полиция полковнигі Нұрмахан Жалғасов егжей-тегжейлі айтып берді:

«Бұл іс басталған уақыттың өзінде бірден облыс пен полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында болды. Бір түнде бүтін отбасының мүшелері қайтыс болды: 41 жастағы ана мен оның төрт кәмелетке толмаған балалары. Ең кіші бала 4 жаста еді. Тек отағасы аман қалды. Себебі ол сол кезде Шымкентте емделіп жатқан.

Болашақта мұндай қайғылы жағдайдың алдын алу үшін біз іс бойынша мұқият жұмыс істей бастадық. Қылмыстық кодекстің 306-бабы 3-бөлігі „абайсызда адам өліміне әкеп соққан, қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету“ бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастадық. Сот-технологиялық сараптамасын тағайындадық. Нәтижесінде мамандар газ желілерін орнату және монтаждау құрылыс нормаларына сәйкес келмейді деген қорытынды берді. Яғни, газ жабдықтарын орнату кезінде жауапты мамандар бірқатар қателіктер жіберген, ең бастысы тұтынушылардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілмеген, ал бұл әрине адам өліміне әкелді. Атқарылған нақты және тиянақты жұмыстардың нәтижесінде, өткен жылдың мамыр және сәуір айларында сот компаниялардың екі директорын қамауға алуға санкция берді. Тергеу жеті айға созылды. Осы уақыт ішінде біз түрлі сараптамалар жүргізіп, дәлелдер жинадық. Нәтижесінде айыптау актісі бар іс сотқа жолданды.

Алдағы уақытта біз азаматтардың қауіпсіздігін тиісті түрде қамтамасыз етпейтін газ желілерін орнату және монтаждау кезінде өрескел немқұрайдылыққа жол беретін жауапты адамдарды жауапкершілікке тартуға бекініп отырмыз. Себебі жылыту маусымы кезінде адамдар қайтыс болып жататыны ешкімге құпия емес, тіпті кейбір жағдайларда бүтін бір отбасын жалмап кетеді.»- деді Н. Жалғасов.

2021 жылы желтоқсанда Түркістан қаласының соты осы іс бойынша  үкім шығарды: екі бірдей газ компаниясының директорлары 4 жылға бас бостандықтарынан айырды.

Тегтер: