Түркістанға жылына 1 миллионнан астам турист келеді

21.09.2018, 19:18

124

Түркістан қаласының туристік әлеуеті өте жоғары. Өткен жылы қалаға 1 млн. 190 мыңнан астам турист пен зияратшылар келген болса, алдағы уақытта олардың санын көбейту көзделіп отыр.Жуырда облыстық қоғамдық кеңес мүшелерінің алдында баяндама жасаған өңір басшысы Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ осылай деді.-Ол үшін  қалаға жаңа әуежай, темір жол вокзалы мен автовокзал  сервистік қызмет көрсететін әлеуметтік-мәдени нысандар салып, оларға қажетті инженерлік инфрақұрылымдар жүргізу қажет. Ташкент-Түркістан-Ташкент бағытында қатынайтын жүрдек пойыз, Ташкент-Түркістан-Ташкент бағытында автобус маршрутын ашу бойынша алдын ала Өзбекстан тарапымен келісіліп, ҚР Инвестиция және даму министрлігіне жолданды. Қажетті жобалардың барлығы Кешенді жоспар жобасына енгізіліп, Ұлттық экономика министрлігіне ұсынылды. Түркістан қаласында салынатын жаңа нысандар үшін қазандық пен  3 подстанция құрылысын жүргізуді жоспарлап отырмыз. Су, газ мәселелері жедел қолға алынады. Тұрғын үй мәселесін шұғыл шешу үшін жергілікті бюджет есебінен Түркістан және Кентау қалаларында 1956 пәтерлі жалпы 33 тұрғын үйдің құрылысы басталып кетті. Мен облыс кәсіпкерлерін Түркістан қаласына инвестиция салып, өз жұмыстарын жүргізуге тағы да шақырамын. Әкімдік тарапынан қолдау болады. Бас Жоспар қабылданғаннан кейін Түркістанда құрылыс қарқын алады,-деді Жансейіт Түймебаев.Ал осы аптада Индонезия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Рахмат Промономен жүздескен Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев екі ел арасында туризмді дамыту жөнінде уағдаластыққа қол жеткізді. Түркістан қаласына арнайы келген елшіні қабылдаған өңір басшысы Индонезияның әлеуеті жоғары мемлекет екеніне тоқталды. — Индонезия туризм саласында табысқа жетіп жүрген мемлекет екенін білеміз. Біздің өңір үшін осы елдің туризмді дамыту бағытындағы тәжірибелерін меңгеру маңызды. Себебі, Индонезияда Қазақстанды, оның ішінде Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесін көргісі келетін саяхатшылар көп. Әуежай салынған соң облысымызға туристер ағылатыны анық. Қазір индонезиялықтар Өзбекстанның Самарқан, Бұхара қалаларына жиі саяхаттайды. Оларды облысымызға шақыруға мүмкіндік мол. Өйткені, Түркістан облысында тау да, өзен де, көл де, құм да, курортты аймақтар да, тарихи-мәдени ескерткіштер де көп. Түркістан-Самархан-Индонезия туристік бағытын қалыптастырып, әуе рейстерін аша білсек, туризмді дамытуға тиімді болмақ,-деді өңір басшысы.Фото автордікі.  
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 12:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 13:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 10:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 20:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 11:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 10:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Әкім бол, туысыңа жақын бол!?.
    10:15
  • Сейдағаңның серілері едік
    03.03.2021, 10:12
  • Бес тағдыр – бес тал гүл
    02.03.2021, 10:44
  • Буырқанған дауылда сыналған басылым
    25.02.2021, 13:12
  • «Жас Алаштан» басталған журналистік жол
    23.02.2021, 10:51