Түркістанның азық-түлік белдеуінен не күтуге болады?

Түркістан төңірегіндехалықты арзан әрі сапалы ауылшаруашылық өнімдерімен үздіксіз қамтамасыз етумақсатында азық-түлік белдеуінің құрылып жатқаны «Жас Алашта» бұған дейін дежазылған-ды.
Азық-түлік белдеуінде жүзеге асып жатқан жобалардың арқасындакөптеген азаматтар жұмысқа тұрады. Ауыл шаруашылығына тың технологияларенгізіледі. Отандық өнімнің көлемі артады. Нарықта бәсекелестік күшейеді. Белдеу ұсақталып кеткен шаруашылықтардыңбірігуіне де септігін тигізуде. Айта берсе, артықшылығы көп азық-түлікбелдеуінен қазір жұртшылықтың өте үлкен үміт күтіп отырғаны рас.
Облысты әлеуметтік-экономикалықдамытудың 2024 жылға дейінгі кешенді жоспары аясында және облыс басшысы ӨмірзақШөкеевтің тікелей бастамасымен құрылып жатқан азық-түлік белдеуінде жеті жобаға басымдықберілуде. Әкімдіктің таратқан мәліметіне қарағанда, өткен жылы белдеуде «Түркістан Агро ХХІ» ЖШС-нің 733гектарға жаңбырлатып суару технологиясын ендіру және «МТС құру» жобалары іскеасырылды. Серіктестікке жер көлемі 1046 гектарды құрайтын 108 шаруа қожалығыбіріктіріліп, 733 гектар аумаққа АҚШ-тың «T-L» компаниясы шығарған 18 жаңбырлатыпсуару машинасы орнатылды. Аталған аумақтың 161 гектарына күздік бидай, 260гектарына жоңышқа, 312 гектарына жүгері өнімі егілді. Сонымен қатар МТС-ке 26 заманауи ауыл шаруашылығы техникасы алынды. Мамандардыңайтуынша, жаңбырлатып суару технологиясыныңартықшылығы көп. Осы әдіс арқылы ең алдымен мыңдаған гектар алқапты суаружағынан туатын қиындықтар шешілді. Мәселен, бір гектарды суаруға 12-15 мыңтекше метр су шығындалса, жаңа технология арқылы оның көлемін екі есе азайтуғаболады. Осы тиімді жобаны тәжірибегеенгізу үшін азық-түлік белдеуінде «Ынтымақ АгроXXI» ЖШС «782 гектар жерді жаңбырлатып суару технологиясын ендіру» жобасын іскеасырмақ. Қазіргі таңда 782 гектар аумақтағы 67 жер иеленушілермен бірлесіп,қызмет жасау туралы келісімшарт жасалынуда. 462,8 гектарға сегіз австриялық Bauer компаниясының жаңбырлатып суару машиналарын сатып алуғакелісімшарт жасалынды. Бұдан бөлек, «Spk-Sauran» шаруашылығының «829 гектарға жаңбырлатыпсуару технологиясын ендіру» жобасы бойынша өткен жылы Valmont Industries компаниясыныңүш технологиясы 159 гектар аумаққа орнатылды. Жоба бойынша тағы 12 машинанықыркүйек айына дейін орнату жөнінде келісім жасалған.
Азық-түлікбелдеуінде сондай-ақ «Kazagro Projekt» ЖШС жылына «20 мың тонна құс етінөндіру» жобасының алғашқы кезеңін жүзеге асыру үшін «Аграрлық несиекорпорациясына» құжаттар тапсырған. Бұл жобаның алғашқы кезеңі бойынша 5000тонна құс етін өндіру жоспарлануда. Ал 400гектарға ерте пісетін алхоры жемісін отырғызу қолға алынып отыр. Қазіргі таңдажеміс дақылдарын отырғызудың технологиялық картасы мен жобасы дайындалып жатыр.Бұл жобаны «Dala Fruit.Kz» ЖШС жүзеге асырады.Азық-түлік белдеуі аясында іске асырылып жатқанжобалар бойынша 500-ден аса жаңа жұмыс орны ашылады. Алдағы уақытта жұмыс орындарының саны бұдан дакөбейеді.
Жалпы, оңтүстікте ауылшаруашылығының әлеуеті жоғары. Республикадағы жылыжайлар мен тамшылатып суару алқаптарының 70-80 пайызы бір ғана Түркістаноблысына тиесілі. Облыста егілген бақша дақылдарын экспорттаудың тиімді жүйесі қалыптасыпкеледі. Қазіргі уақытта аталған өнімнің жартысынан көбі экспортталады.Мамандардың зерттеуіне қарағанда, Түркістан облысында егілетін бақшаөнімдерінің көлемі республикадағы сұраныстан 3,2 есеге жоғары. Бақша өнімі облыс шаруалары үшін мақтадан кейінгі екінші экспорттық өнімболып отыр.
Облыстың табиғи климаттық ерекшелігінеорай, ерте пісетін бақша, көкөніс, картоп өнімдерін жинау қарқындыжүргізілуде. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, пияз,сәбіз, қызанақ, қияр еккен 10 276 шаруа қожалығы бір гектардан орташа 1,5-2миллион теңге төңірегінде табыс көруде. Диқандар соңғы кездері бір егістіктен жылына екі-үш өнімалу жобасына ден қоюда. Айта кетері, бүгінде ауыл шаруашылығы саласыбойынша елде ерекше орны бар Түркістан облысында жалпы саны 71,8 мың шаруақожалығы тіркелген. Республикадағы үлесі 33 пайызды құрайды. 200 мыңға жуықазамат егін, мал шаруашылығында жұмыспен қамтылған. Жыл соңына дейін ауылшаруашылықөнімдері өткен жылмен салыстырғанда 77 миллиард теңгеге артып, 706 миллиардтеңгені құрайды деп күтілуде.
Айтакетері, биыл мамырда Өзбекстанның Сардоба суқоймасында болған апаттан кейінМақтаарал мен Жетісай аудандарының егістіктерін су басқан болатын. Тасқынсудан зардап шеккен 3,4 мың гектар жер қайта өңделіп, өнім егілді. Апаттан 1031тауар өндірушінің 5,9 мың гектар егістік алқабы зардап шеккен. Ауыл шаруашылығысаласы мамандарының қатысуымен жасалған есепкесәйкес, жалпы шығын көлемі 1,142 миллиард теңгені құрапты. Келтірілгеншығын көлемі «Қазақ мақта шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС тарапынан ұсынылғантехнологиялық картасы негізінде шығарылды. Нақтырақ айтқанда, бір гектарегістің шығыны мен өткен жылы алынған өнімнің бір келісіне нақтыланғанстатистикалық бағасы негізінде есептеліп, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасытарапынан үкімет қарауына ұсынылған. Төтенше жағдайдың зардабын залалсыздандыруғаӨзбекстаннан 43 ауыл шаруашылығы техникасы мен 243,6 тонна тұқымдық шитжеткізілген. Мақтаарал ауданы әкімдігімамандарының айтуынша, апат салдарынан болған мал шығыны толықтай өтелген. Мемлекет түйеге 300 мың теңгеден 1,5 миллион теңгегедейін, жылқыға 160 мыңнан 380 мың теңгеге дейін, сиырға 110 мың теңгеден 220мың теңгеге дейін, ұсақ малға 25 мың теңгеден 45 мың теңгеге дейін, ал үйқұсына 2000 теңгеге дейін өтемақы берген.
Берік ӘЛЖАНҰЛЫ
Түркістан облысы