Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:12, 11 Қаңтар 2021

Түркістанның екі тұрғыны мемлекетті 7 миллиард теңгеге алдаған

None
None

Түркістан облысының екі тұрғыны мемлекетті 7 миллиардқа алдаған, — деп хабарлайды «Жас Алаш».

Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің мәліметінше, олар жалған шот-фактураларды іс жүзінде орындамай жүзеге асырған.

2017-2019 жылдар аралығында Түркістан облысының екі тұрғыны «Фаворит Инвест Строй», «Азия-Тех» және «Таңшолпан-Нұр» ЖШС-ін үшінші тұлғаларға тіркеп, нақты жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар жөнелтілмей жалған шот-фактураларды жазылған.

Жетісай аудандық сотының үкімі бойынша, екі айыпталушы да бес жарым жылға және үш жылға бас бостандығынан айырылды.

Тегтер: