Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:48, 20 Мамыр 2024

Түркия Израильді геноцид жасады деп айыптап жатыр

ч
Фото: из открытых источников

Түркия Сыртқы істер министрлігі Газа секторындағы Израильдің әрекетін «әскери қылмыс» деп атап, қаза тапқан Газалықтардың суреттерімен бөлісті.

Түркия Сыртқы істер министрлігі Twitter әлеуметтік желісінде Анадолы агенттігінің «Дәлелдер» кітабынан алынған фотосуреттерін жариялаған.

«Геноцид жасады деп айыпталған Израиль үкіметінің өкілі Израиль Сыртқы істер министрі Эсраэль Катцқа берген жауабымыз» деп жазды СІМ.

Сыртқы істер министрлігі бұл жазбада Израильдің Газаға жасаған шабуылдарында қаза тапқан балалар, кебінге оралған мәйіттерді алып бара жатқан газалықтар және бейіттердің суреттерімен бөлісті.

Оған жауап ретінде Израиль Сыртқы істер министрі Эсраэль Катц X әлеуметтік желісінде президент Режеп Тайып Ердоғанға қарсы бағытталған жазба жариялады.

Фото: Anadolu