Түркия «Орталық Азия» терминін «Түркістан» деп өзгертті

Жаңа көзқарас бойынша «Орталық Азия» термині «Түркістан» терминімен ауыстырылады. Сарапшылар бұл шешімнің болашақ ұрпақ бойында ұлттық бірегейлік пен патриотизмді нығайтуға бағытталғанын айтады.
Президент Режеп Тайып Ердоған түркі әлемінің бірлігінің маңыздылығына тоқталып: «Біз «Түрік ғасыры» көзқарасымызды Түркі мемлекеттері ұйымына жеткізе отырып, алдағы кезеңді түріктердің дәуірі ету үшін иық тірестіретін боламыз» деді.
Профессор Ахмет Тасағыл TRT Haber «Түркістан» терминінің тарихи мағынасын түсіндірді.
«Түркілердің Отаны» деген мағынаны білдіретін Түркістан сөзі тарихтың ерте дәуірінен бері қолданылып келеді. 19 ғасырдың 2-жартысында орыс шапқыншылығының нәтижесінде Түркістан атауының орнына Орталық Азия ұғымы енгізіліп, тарады», – дейді.
Доцент Рамин Садық Білім министрлігінің шешіміне қатысты пікір білдірді.
«Түркістан тұжырымдамасы және оны Ұлттық білім министрлігінің оқулықтарға енгізуі туралы үндеуіміз өте дұрыс шешім. Түркия да, Түркістан да түріктер көп тұратын аймақты білдіреді», - деді Садық.
Сарапшы түркі әлемінің ортақ тарихы, географиясы, әдебиеті, картасы мен әліпбиін құруға бағытталған белсенді қадамдар кезеңінде Ұлттық білім министрлігінің «Түркістан» терминін оқулықтарға, оның ішінде балаларға арналған оқулықтарға енгізу елеулі өзгеріс екенін айтты. Оның пікірінше, бұл қайта құру тек Түркия үшін ғана емес, бүкіл түркі әлемі, сондай-ақ түркі мемлекеттерінің әріптес елдері үшін маңызды бастама әрі құнды үлес болып табылады.
Сарапшылар бұл өзгеріс түркі әлеміндегі байланыстарды нығайтуға, соның ішінде ортақ тарихты, әдебиетті, карта мен әліпбиді жасауды қамтитын кең ауқымды стратегияның бір бөлігі екенін айтады.