Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 16:11

Түркия парламентінде заң талқылау кезінде депутаттар төбелесті

1
Фото: DIA/AP

Түркия парламентінде 2026 жылғы бюджет пен 2024 жылдың түпкілікті есебіне қатысты заң жобасын талқылау барысында дау туып, депутаттар төбелесіп қалды.

Қақтығыс Республикалық халық партиясы (CHP) фракциясы төрағасының орынбасары Мурат Эмирдің Әділет және даму партиясы (AK Party) депутаты Мустафа Варанкке жұдырық ала ұмтылуынан басталған. Көп ұзамай жанжал жаппай төбелеске ұласып, оған екі партияның өзге парламентарийлері де араласқан.

Жанжал басқа депуттардардың араласуымен тоқтатылды. Оқиғаға қарамастан, орталық үкіметтің 2026 жылға арналған бюджеті және 2024 жылға арналған түпкілікті есеп туралы заң жобасы қабылданды: 320 депутат «қолдап», 249-ы «қарсы» дауыс берді.

Айта кетейік, Түркия парламентінде мұндай жағдай алғаш рет болып отырған жоқ. 2022 жылы да бюджет талқылауы кезінде депутаттар арасында төбелес тіркелген.

Бұл жолғы қақтығыс шамамен 10 минутқа созылды. Оқиғадан кейін парламент спикері Нуман Куртулмуш отырысты үзіліске жіберу туралы шешім қабылдады.