Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 16:10

Түркия президенті Украинадағы соғысты тоқтата тұру жоспарын ұсынады

1
Фото: из открытых источников

Түркия президенті Режеп Ердоған Украинадағы соғысты тоқтата тұру жоспарын дайындады, оны 18 қарашада Рио-де-Жанейродағы G20 саммитінде таныстыруды жоспарлап отыр. 

Агенттік сөйлескен адамдардың айтуынша, Ердоған Украина президенті Владимир ЗелBенскийге НАТО-ға қосылуды "Путинге жеңілдік ретінде" кем дегенде 10 жылға кейінге шегеруді ұсынып көрмек. Бұдан бөлек, Донбасстың шығысында демилитаризацияланған аймақ құрып, ол жерге "қосымша кепілдік ретінде" халықаралық әскер қоюды ұсынбақ. Ердоған жоспарының тағы бір бөлігіне сәйкес, Украина НАТО-ға кірмеуге келіссе, оған өтемақы ретінде әскери тауар жеткізуге кепілдік берілуі керек.

Түрік шенеуніктері Bloomberg агенттігіне мұндай ұсынысты қабылдау Украинаға қиын болады деген, бірақ олар мұны "ең шынайы тәсіл" деп санайды. Олар шабуылды тоқтатуға назар аудару үшін Ресей әскері басып алған аумақтардың тағдыры жөнінде келіссөзді кейінге қалдырғысы келеді.

Bloomberg бұл ұсыныс Украинаның кейбір одақтасына ұнауы мүмкін, олар Киевтің НАТО-ға қосылуы Кремльмен тікелей қақтығысқа әкеледі деп алаңдайды деп жазды.

Ердоған Зеленскийді Стамбұлдағы бейбіт келіссөзге қатысуға көндіруден үмітті, себебі барлау мәліметтеріне сәйкес, соғыс тоқтамаса, Украина алдағы айларда көптеген жерінен айырылып қалуы мүмкін.

Еуропалық екі шенеуніктің Bloomberg агенттігіне айтуынша, көптеген адам Зеленскийді Путинмен ымыраға келуге мәжбүр болады деп топшылап отыр, өйткені тараптардың ешқайсысы шешуші жеңіске жете алмайтыны белгілі бола түскен.

Тегтер: